Өзін-өзі тану пәні

Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектеп директорының бастауыш сыныптар
жөніндегі орынбасары Өміртаева  Ботакөз  Әмитжанқызы

Жоспары:
І. Кіріспе:  Жеткіншек психикасының  дамуының өзіндік сипаты
ІІ. Негізгі бөлім:
1.    Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы  жасөспірімдік кезеңдегі  кедергілерден өту жолдары
2.    Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту.
3.    Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық  негіздері
4.    Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау
ІІІ. Қорытынды:
«Жасөспірім тұлғаның ішкі әлемін тану»

Жеткіншек психикасының  дамуының өзіндік сипаты
Жасөспірім жасындағыларды  тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды.  Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен  құтылғысы келеді.  Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің жасөспірімдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына көне кетпейді.  Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.
Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй –ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Ал жасөспірім бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген психикалық дамудың салдарыан: егер үлкендер жасөспірімді бала деп еесптесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің  өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығына босануға тырысуы баланың бәрінде кездесетін болғаны мен бір қатары күні-түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника электротехникамен танысып едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып  мазалауыт.б) бірақ сол жеткіншек таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға тырысады.
Әдетте жеткіншектерді  тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден  бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде  болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық» деп түсіндірді.
Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.
Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі  әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын  жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін – мұғалім.
Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде,  мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.

Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы  жасөспірімдік кезеңдегі  кедергілерден өту жолдары

Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.  Жасөспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен  таныстыру. Жеткіншектердің танымдық  белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару. Жеке тұлғаның  «менің» (өзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді  бала бойына дарыту мақсатында  оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі.
1.    Интерактивтік әдіс
2.    Топтық жұмыс
3.    Ой – қозғау әдісі
4.    Жобалау әдісі
5.    Рөлдік ойындар
6.    Шешім қабылдау әдісі
7.    Қосымша жұмысты орындау
Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы өз пікірін айта алатындай, өзін толғандыратын сұрақтың шешімін табуға ұмтылатындай дәрежеге көтеріледі.
Жасөспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, жағдаяттарға  кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді.

Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту.
«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістері арқылы жасөспірімдік кезеңдегі келіспеушілік пен жасөспірім шақтан ересек шақтағы өтер кездегі мінез қиындылығын жеңуге мүмкіндік береді. Осы орайда өзін-өзі тану пәнінен жасөспірімдерге  өткізілген  бір сабақты мысалға келтіріп көрейік.
Сабақтың тақырыбы:  Таным белестері
Мақсаты:
    Оқушылардың бойында адам туралы, оның дүние-танымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
    Адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өмірлік бағыты дұрыс таңдау арқылы дамып, жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру;
    Оқушылар өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алуға үйрету;
    Оқушыларды таным жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге өздігінен ізденуге  тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Биылғы  оқу жылындағы  алғашқы сабақ болғандықтан мұғалім оқушылармен жазғы демалыс туралы әңгіме жүргізеді. Одан соң сыныптағы бір оқушы немесе мұғалімнің өз оқулықта берілген Төле бидің мына нақыл сөзін оқып, өздерінің ойларын ортаға салады.
Біліп айтқан сөзге күн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
•    Жазғы демалысты қалай өткіздіңіздер?
•    Демалыс кезінде қандай пайдаы іс жасадыңыздар?
•    Өзін тану үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыздар?
Мұғалім өзін-өзі танудың адам өміріне қажетті әрекет екендігін айта келіп, таным жолындағы ізденістердің адам өмірінің бағытын айқындаудағы мәнін түсіндіреді. Үйрену, оқып-білу адамның танымдық қабілетін жетілдіретін күш деп мұғалім ой түйіндейді. Оқушылар жазғы демалыста істеген жақсы істері туралы әңгімелеседі.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамыту мақсатында оқулықта берілген Н.Р. Күнхожаевтың «Өмірлік бағыт» атты мақаласы талданады.
Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт  оның әлемді, өмірді, өзін-өзі тұтас түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен, өмірге берген бағасынан көрінеді. Адамның өмірлік бағытының  негізгі сипаты – оның белсенділік   маңызды деп саналады.
Адамның  өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Адамдардың өмір бейнесі, салты олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен анықталады. Сондықтан адам өмірінің көп жағдайы  өмірдің бағытына байланысты. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа  алсаңдар дұрыс болады:
•    Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре білдіңдер;
•    Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;
•    Өмірдің ең  құнды жақтарын алуға тырысыңдар;
•    Адамның әлсіздігіне шыдамдылқпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;
•    Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз,  ал жамандығына ренжімеңіз.
Сөйтіп өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауына әкеледі. Жас кезінде адамның алдында  әртүрлі жолдар тұрады. Бірақ адам оған жетуі үшін біреуін  ғана таңдауы мүмкін. Ол қайсысы? Ол  сені қайда апарады?  Адамның өмір жолы  жеңілдікпен  ғана тұрмайды, ол ауыр да болуы да мүмкін. Өмірдегі  жеңіл жол әдетте тез таусылады және ештеңеге жеткізбейді. Жас адамға кез келген қиындық  ештеңе емес, өйткені оның бойында күш-жігер бар. Батыл, намысшыл, қорықпайтын адам өз бағытынан  таймайды.
Сондықтан өмірлік жолды, өмірлік бағытты таңдай отырып адамгершілік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тәрізді адамдық асыл қасиеттерді басшылыққа алу керек.
•    Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыздар?
•    Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?
Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып, олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдатады.
Оқу ақпараты
Оқушылардың  жауаптарын түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы  жаңа ақпаратпен сабақты жалғастырады. Сабақтың тақырыбын  айқындай түсу үшін қолданылатын оқу ақпараты  оқушылардың өзін-өзі тани отырып, өзін-өзі дамыту, жетілдіру үшін қандай мақсат қоя білуі керектігін түсіндіреді. Мұғалімнің  сөзі төменде берілген оқу ақпаратындағы өзекті ойды нақтылай  түсетіндей болуы керек. Оқу ақпаратын мұғалімнің  өзі оқиды.
Адамның танымдық әрекеті оның өзін-өзі дамытып, өзін-өзі түсінуінен басталады. Адамның таным жолындағы  жетістіктері оның өзі тіршілік ететін ортаны жетік білуіне байланысты. Адам барлық  дүниені, болмысты танып білуі үшін айналасымен жағымды қарым-қатынаста болуы шарт. Таным баспалдақтарымен  жоғары өрлеп, таным белестерінен сүрінбей өту-әр адамның өмірілік нысанасы  болып табылады. Адамның өзіндік ұстанымы, дүниеге  деген көзқарасы, пікіріі іс-әрекеті және қоғамдық қызметінің пайдалы болуы оның таным тағылымдарын  еркін игергендігін көрсетеді. Өзіне  сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына  сәйкес бағдарлай білген адам таным жолында өз мақсатына жетеді. Әр адам өз өмірлік айқындамасын дұрыс белгілеп алса, өмірлік ұстанымы, таным жолы да айқын болады.
Назар аудару
Сабақтың түйіні ретінде Б. Әлжақсыұлы жинастырған «Тоғыз жауың тағы бар…» атты адам өміріне кері әсерін тигізіп, адамгершілік қасиеттердің құнын түсіретін төмендегідей жаман әдеттерді еске сақтау тапсырылады.
Басты жауың-жалқаулық, сорлататын жаныңды;
Осалдығың-аңқаулық, соқтыратын саныңды;
Жасқаншақ болсаң-ұрылар алып қояр малыңды;
Жалатқызбас жасықтық аузыңдағы балыңды;
Өтірік айтсаң өңмендеп, жоғалтарсың арыңды;
Өсек  терсең телмеңдеп, суға кірер салыңды;
Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды;
Көрінгенге  жалтақтап бола алмайсың жағымды;
Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды.
Оқушылар ақын ойын өз сөздеріме жалғастырады.

Шығармашылық жұмыс
Бұл әдіс әр дара тұлғаның өзіндік қабілетін, ой тереңдігін дамытуға ықпал етеді. Орайластырып берілген шығармашылық тапсырма оларды ізденімпаздыққа жетелейді. Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар:
—    Біздің танымымыз  артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді;
Шығармашылық жұмысты орындауда оқушылар өмірлік ұстаным, өмірлік бағыт туралы өз пікірлерін жазады.
Дәйексөз
Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. өзін -өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді таниаласың.
Иоганн Гете
Сабақ әрі қарай оқулықтағы дәйексөзді талдаумен жалғасады. Мұғалім сөзіне баса назар аударады. Дәйексөзді талдау үшін мынандай сұрақ беріледі:
•    Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
•    Өзін-өзі қалай қалайтануға болады?
Оқушылар нақыл сөздің мағынасын өз пікірлерімен дәйектейді. Дәйексөз дәптерге жазылады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың бір сәт дем алуы ойластырылады.Оларды сезім сергектігіне үйрететін «Тыныштық сәті» немесе «Өзіммен-өзім» релаксациялық тәсілі қолданылады.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықта берілген Б. Үсеновтің «Өз жолым  бар, сонан соң өз үнім бар» атты өлеңді талдай отырып, оқушылар адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударады.
Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар,
Тағдырым бар сыр тұнған сезімде әр.
Ұмтыламын мен саған, ұмтыламын,
Құпиямен сен менің төзімімді ал.

Болса-дағы мұратым шалғай тарап,
Қоясың сен қандай сын, қандай талап?
Құлатсаң да құзыңнан тұрғызбастай,
Осы әнімді айтамын сан қайталап.

Не тілейсің ақыннан жиырма жасар,
Жастамын мен қамықпай шыңға басар.
Ез емеспін тау түгіл, қырда адасар,
Мен-қазақпын домбыра, жыр жарасар.

Өз арнамнан  әйтеуір, аспай бақтым,
Бір арманға жасымнан тастай  қаттым.
Күнді бетке ап тартып бара жатқан,
Жыр көшіне ілескен  жас тайлақпын.
Төмендегі  сұрақтарға жауап беріп, оқушылар әр адамның өзіндік мақсат-міндеті, таңдаған өмір жолы болатындығын айтып, өздерінің таңдауларымен бөліседі.
•    «Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» деген  ойды қалай түсінесіздер?
•    Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп  ойлайсыздар?
•    Сіз өз жолыңызды қалай таңдар едіңіз?
Оқу ақпараты
Екінші сабақ болғандықтан жаңа ақпарат өткен сабақты  нақтылай түсуге негізделеді. Берілген оқу ақпаратын мұғалім оқушылармен талдап, оған толықтыру енгізе алады.
Адамның өзін-өзі бағалауы, әлеуметтік – мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстануы және осы арқылы өзінің  өмір сүру мәнін анықтауы оның дүниетанымына жол ашады. Адам өзіне қажетті сапалық қасиеттерді өмірлік тәжірибе арқылы жинақтайды. Өмірге  келген нәресте бірден қалыптаспайды. Ол ержете келе  өз орнын табуға ұмтылады. Адамның  қалыптасуы мен кәмелетке  жетуі, өмірге араласуы әр түрлі кезеңдерден тұрады.  Соның  ішінде ең қымбаттысы – балалық шақ пен жастық кез. Бұл уақытта  адам алдына мақсат қойып, өмірден үйренуге тырысады. Көп білсем екен, көп көрсем екен деп талпынады. Сөйтіп, оның танымдық жолы басталады.

Назар аударыңыз
Өзіңді танығың келсе,
Адамдарға,  олардың ісіне қара.
Өзгені танығың келсе,
Өзіңнің жүрегіңе үңіл
Фридрих Шиллер
Дәйексөз
Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңіздер
Нағыз адамның өзі де танымы кең, рухы биік бола алмайды. Өйткені оны алып жүру оңай емес, оның жолы да ұзақ.
Конфуций
Дәптермен жұмыс
Оқулықта берілген тапсырмалардың жазба  түрі осы сыныпқа арналған арнайы дәптерде орындалады. Дәптерде берілген  тапсырмалардың дұрыс орындалуы сабақтың нәтижесін көрсетеді.
1-    тапсырма. Сіздің мінезіңіз қандай?
Мақсаты: оқушылардың мінезін, көңіл-күйін анықтауға арналған. Бұл тест мінезді тез арада анықтауға  мүмкіндік береді. Егер мінездің кемшіл тұстары анықталып жатса, оны сыпайылап жеткізген дұрыс. Оқушылар сұрақтарға «иә/жоқ» деп жауап береді.
Сұрақтар:
1.    Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақ ұнайды ма?
2.    Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз бе?
3.    Сіз кейде қуаныштан төбеңіз көкке жеткендей бола ма?
4.    Сіз дастарқан басында қонақтарды қызықтыра аласыз ба?
5.    Сіздің басыңыз жиі ауыра ма?
6.    Сіз кейде тіс жууды ұмытып  кетесіз бе?
7.    Сіз әрқашан  бір шаш үлгісімен жүресіз бе?
8.    Басқатырғыштарды шешкенді ұнатасыз ба?
9.    Дене жаттығуларымен айналасасыз ба?
10.    Сізде мелонхолиялы көңіл-күй жиі бола ма?
11.    Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз ба?

Сұрақтар     1    2    3    4    5    6    7    8    9    10    11
Иә     3    2    4    3    1    4    3    1    3    1    4
Жоқ     2    1    2    2    2    1    4    4    1    4    1

Талдау:
20 ұпайдан төмен – сіз тыныштықты, табиғатта серуендеуді ұнатасыз. Шулы кафеден гөрі үй жағдайындағы достар мен қарым-қатынасты қалайсыз. Осы себептен сізді кейбір достарыңыз іш пыстырады деп ойлайды.
21 – 24 ұпай – сіз жеткілікті деңгейде жеңілтексіз. Адамдармен тез тіл табысасыз, бірақ көңіл күй ауыспалылығы жиі болады – бірде  жабырқау, бірде тым көңілді.
25 ұпайдан жоғары – ортадағы сіздің орныңыз ерекше. Сіз әзілқойсыз, басқа  адамдардың көңіл күйінің көтеріңкі болуына себепші боласыз. Қызықты әңгіме айтып, үзіліссіз күлдіре аласыз.

Үй тапсырмасы
Оқушылардың сабақта меңгерген білім, білік дағдыларын бекітіп, іскерліктерін ұштай  түсу үшін мұғалім оларға үйден жазғы демалыста  өзіне және өзгелерге қандай жақсылық жасап, көмек бере алғандары жайлы әңгіме жазып келуді тапсырады.
Сабақты қорытындылау
Сабақта қолданылған барлық әдіс-тәсілдердің  ұтымдылығы берілген тақырыптың меңгерілуі нәтижесін көрсетеді. Мұғалім екі сағатқа лайықталған бұл сабақтардың тақырыбын тұжырымдайды.

Жүректен – жүрекке
Оқушыларға бір-біріне жақсы тілек айтып, А. Шамкеновтің «Әр адам» атты өлеңін оқиды.
Әр адамға барлау жасап күнімен
Ой шарлайды, оймен бірге жүгірем.
Әр адамның өмірі бір хикая,
Әр адамның жүрегіне үңілем.
Бар  мейірін бүкпей тура қараған,
Маған түрлі ой салады әр адам.
Гүл тәрізді  күнге бойлап өсетін,
Әр адамның көзінен нұр, нәр алам.

Әр адамнан байқаймын  мен бір ізді
Қай із болсын, өзінше ол маңызды.
Жақсысы – үлгі, жаманы сақ жүргізер,
Әр адам маған бір-бір мектеп тәрізді.

Сабақ барысында  өз ой өрісімен танымына, мүмкіндіктеріне сыни көз қараспен қарай отырып, өзін-өзін дамытады, адами қарым-қатынасқа үйренеді. Адами қасиеттермен құндылықтарға үйретіліп, олардың күнделікті өмірдегі рөлі айтылады.
Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсінуі үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына әсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі бала деп қарауының келіспеушілігінен болғандықтан біз осыны қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс деп атадық.
Дағдарыс  дегенің мағынасы қиын жағдайға тап болған кезде одан қалай шығуды білмеуді білдіреді. А. Г. Коволев  дағдарыс кезі  жеткіншектің жасына орай келмейді. Онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болады-дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол  сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек жеткіншектердің үлкендермен қарым-қатынасы жақсы болып келсе онда дағдарыс кезі кездпейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын. Біріншіден дағдарысқа ұшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің қатынасына риза болмаудан кездессе де мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер Коволевтың  айтқаны дұрыс болса дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда кездесуі ықтимал болар еді. Бірақ осы жөнінде әдебиеттерде ешнәрсе айтылмайды. Біз осыны есепке алып жеткіншекпен ересектердің арасындағы қайшылыққа қайта оралайық.
Жеткіншек үлкендердің өзінің есейгені мен  өз беттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киуде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен орындағысы келеді.
Осыған әуелі кезде туған-туысқандар қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, басына сенім білдіргісі келмегеннен емес, оны бала деп бүлдіріп алады ғой денуінен. Бірақ жеткіншек бұған түсінбей «Мені бала деп сенбей отыр»-дейді. Егер осындай қатынас көп созылса жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып ерегісуге немесе үлкендер не айтса соны орындамауға тырысады. Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан сол жеңеді деуге болады. Себебі: диалектиканың заңы бойынша жаңа нәрсе көнен жеңеді. Ал осы іске қалай асады. Бұл әуелі жеткіншек үлкен адамдармен қарсыласып оның сөзін тыңдамайды. Үлкендер әуелі жеткіншектерді тәртіпке шақыруға тырысады. Тіпті жазалауы да ықтимал. Бірақ осыған жеткіншектердің кейбіреулері көнбей «түбінде үлкендер шаршап енді сенің айтқанын бола қойсын» деуі мүмкін деген ойда болады.
Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологі К. Левин «ойлық, бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендердің арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды.  Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек.  Ал бөгетті жою оңай емес. Сондықтан  «өзін-өзі тану» пәніндегі  оқушылар игеретін білім, білік және дағдылар барысында оқушылар өзара қарым-қатынаста шындықты айтуға жағымды  ойлауға үйренеді. Өзара сыйластықты түсінуге қабілетті  айналасындағыларды ұнатып жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын  қуантуға асығады. Сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға ойланып сөйлеуге үйренеді. Әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп көмектесе біледі. Өзгені  ренжітпеуге тырысады.
Жасөспірімдерді өткізілген  «Ата-анаң-алтын тұғырың» тақырыбындағы сабақта ата – ана мен бала арасындағы махаббатты дәріптеу баласының санасына жеткізу мақсат қойылады. Жасөспірімдерге ата-ананың бала үшін қандай жанқиарлық іске болса да баратынын түсіндіру мақсатында сабақ барысында  ана мен әкенің  мейір махаббаты үшін перзенті ақылды дана болса ештеңені орындаудан бас тартпайды. Ата-ананың міндеті сені тәрбиелеп өсіру және сені жақсылыққа үйрету. Себебі ата-ананың  қадірін білмесе басқа біреудің  жақсылығына баға бере алмайды.  Сондықтан ана мен әке алдында шыншыл болуға, ата-ананың  құптаусыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат ризалығын алу керектігін түсіндіріледі. Сондықтан ата-анамен жасөспірім арасындағы қарым-қатынастың  жақсы жағынан қайта қарап, дұрыс пайымдауға сараптауға көмектесетін «Мен және менің ата-анам» тест алу арқылы балалардың ата-анамен қарым-қатынасын  нығайту жолдарын құрастыруға болады.  Тесттің сұрақтарына «Иә», «Жоқ», «Кейде» жауап беру қажет.
1.    Ата-анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?
2.    Сіз ата-анаңызбен ашық сырласып сөйлесесіз бе?, жеке сұрақтар бойынша кеңес аласыз ба?
3.    Сізді ата-анаңыздың жұмысы қызықтыра ма?
4.    Достарыңыз үйіңізде жиі болады ма?
5.    Үйдегі өз міндеттеріңізді орындайсыз ба?
6.    Үйде жалығасыз ба?, үйден тыс жерден дем алуды жақыс көресіз бе?
7.    Ата –анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма?
8.    Сіз отбасылық мерекелердің  дайындығына қатысасыз ба?
9.    Туған күніңізде ата-анаңыздың үйде болуын қалайсыз ба?
10.    Оқыған кітаптарыңызды ат-анаңызбен талқылайсыз ба?
11.     Ата – анаңызбен телехабарларды және фильмдерді талқылауды ұнатасыз ба?
12.    Ата-анаңызбен театрға, көрмелерге, музейлерге барасыз ба?
13.    Өміріңізде ата-анаңызбен серуендеу саяхатқа шығу сәттері жиі болады ма?
14.    Демалыстарда ата-анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба?
15.    Қалай ойлайсыз? Ата-анаңызбен аралықта өзара түсінбеушілік бар ма?

Ұпайларды санау
«Иә» — 2 ұпай
«Кейде» — 1 ұпай
«Жоқ» — 0 ұпай
10 және одан да аз ұпай
Сенде ата-анаңыз да өзара түсінбеушілікте айтарлықтай қиыншылықтары бар. Сіз ата-анаңызбен бірге тұрғанымен, бір-бірлеріңізбен бөтен адамдар сияқтысыз. Мүмкін сіздердің араларыңызда жиі ұрыс-керістер болып тұратын шығар. Иә болмаса көп уақытқа созылып келе жатқан түсінбеушіліктер бар. Бұл әрине екі жақтың да көңілін толтырмайды. Сіз өзіңіз алғашқы қадам жасауға тырысып көріңіз. Ең алдымен мынаны түсінуге тырысыңыз. Сіздің ата-анаңыз сіз сияқты өз қызығушылықтары, қамқорлықтары, түйткіл мәселелері бар адамдар.
11-20 ұпай
Жаман емес! Сіз ата-анаңызбен қарым-қатынастасыз деп айтуға болады.Бірақ ол керемет бірлестік емес. Ал егер сәл ғана тырысып көрсеңіз, онда сізге достарыңызбен ғана емес ата-анаңызбен де қызықты болатынын түсініңіз.
20 ұпайдан жоғары
Құттықтаймыз! Сіз  көп нәрсеге қол жеткіздіңіз деп айтуға  болады: Сізде өз ата-анаңызбен өзара толық түсінісушілік бар. Сіз ата-анаңыз үшін-олардың нағыз жақсы көретін, сыйлайтын адамсыз: ашық және шыншыл, әрқашан да көмектесуге және отбасы үшін  ортақ проблемаларды бөлісуге дайынсыз. Отбасыдағы мұндай қатынас – нағыз бақыт.
Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық  негіздері
Отбасы баланың ең  жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.     Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
. Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды. Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде   А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша — «отбасы — бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады.

Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау
Зерттеу обьектісі: отбасына психологиялық қызмет көрсету.Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу. Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт — бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс — әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірім-дердің өзін — өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады «Жасөспірім» — сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына бетте-суін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу — адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі. Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу – танымдық және қоғамдық – саяси іс — әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр. Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ — бұл қоғамдық жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде фило-софиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі — оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым – қатынас..Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады.М.И. Шардаков бойынша жасөс-пірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Жасөспірім о
сы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр – түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс — әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп пайымдайды Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік — аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік — уайым, өзіне сенімділік — ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым – қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады. Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік — еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады. Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін — өзі қалыптастырады. Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым — Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталу.

«Жасөспірім тұлғаның ішкі әлемін тану»
Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да процестері қарастырды.2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.3) Психологенетикалық — өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті.Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.В. Целлерді “Конституция и развития” — деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады.А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері. 15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз — өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды. Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы анықталады. Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты.Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Бастауыш мектеп» — №2,2006ж. Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары 30-31 беттер
2.Возрастная и педагогическая психология // Под.  ред.  А.В. Петровского. — М., 1986.
3. Грейс  Крайг. Психология развития. — СПб., 2000ж
4. Жас ерекшелік психологиясы, М.М. Муханов, Алматы 1981ж , 93-95 беттер
5. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999.ж
6. «Өзін-өзі тану» жалпы білім беретін мектептің  10 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал,  «Бөбек», Алматы, 2010ж, 6-15 беттер

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.