Оқушылар шығармашылығы

Сыр бойындағы ежелгі және орта ғасырлардағы қалалардың ұлттық мәдени құндылықтарға қосқан үлесі

Тақырыбы: Сыр бойындағы ежелгі және орта ғасырлардағы қалалардың ұлттық мәдени құндылықтарға  қосқан үлесі
Бағыты: Сыр бойындағы  ежелгі қалалар, жер-су  атаулары.
Орындаушы: Әбіләкімов Еркебұлан № 126 орта  мектептің 7 сынып оқушысы
Жетекшісі: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы, №126 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, магистр Қонысов Жәнібек

Мазмұны:   1. Аннотация.  2. Кіріспе.  Негізгі бөлім.  І- тарау.  Сырдың төменгі ағысындағы қала мәдениетінің деректемелік негізі. ІІ- тарау. Ортағасырлық қалалардың орналасуы мен құрылыс жүйесі.  Қорытынды.  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қосымшалар.

А Н Н О Т А Ц И Я

Зерттеу мақсаты: Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы ерте темір дәуірі мен ортағасырлық қалалары туралы барлық мәліметтерді жарыққа шығару.

Болжамы: Бұл зерттеулерде Сыр бойындағы ежелгі қалаалар мен жер-су атауларының  тарихы мен зерттелу кезеңдері және олардың нәтижелерінің бір бөлігі ғана ашылып көрсетіледі. Бұл тақырып болашақта да көптеген зертеулерді қажет етеді.

Зерттеу кезеңдері:   09.11.2010 – 13.09.2011

Әдістемесі:  Бақылау, археологиялық  зерттеулердің нәтижесіне сүйену, кітаптан қарау, интернет жүйесін қарау, материалдар мен деректер жинақтау.

Зерттеу жаңалығы: Сыр бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалардың орналасуы мен құрылыс жүйесінің мәдениетінің дерекнемелік негізі туралы мәліметтер нақтыланады.

Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы:
1.    Сырдария бойындағы қалалардың орналасуы мен құрылыс жүйесінің зерттеуі.
2.    Археология лық қазба жұмыстарының кезеңдері мен нәтижелерінің қорытындылары.
3.    Сыр бойындағы қаларардың өлке мәдениетінің дамуына қосқан үлесі айтылады.

Нәтижесінде қолданылатын мекемелер: орта мектептерде, арнаулы оқу орындары мен кәсіптік-техникалық  мектептерде қолданбалы курс, лекция, өлкетану сабағы ретінде қолданылады.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының тарихқа толы алтын бесіктерінің бірі — Сыр өңірі. Қасиетті Сыр өңірі көне заманнан сыр шертіп, тарихын жаңғыртып тұр. Ғасырлар бойы бабалар аңсаған тәуелсіздігіміз қолға тигеннен кейін, Отан тарихына жаңа тарих беттерінің қосыла бастауы да тарихи заңдылық. Табиғат салдарынан жойылып бара жатқан, зұлмат замандардың және жойқын соғыстардың зардабынан құм жұтып, уақыт тезіне төзе алмай құру қауіпінде тұрған, ұлттық мәдени құндылықтарымыз- Ұлы даланы мекендеген халықтардың ежелгі тұрмыс тіршілігі, кәсібі мен материалдық және рухани мәдениеттері жөнінде сыр шертер, баға жетпес дерек көзі бола алады.
Ел аңызы бойынша Сыр бойындағы шаһарлы мекендердің көптігі соншалық, шыназадан шыққан лақ шатырдан шатырға секіріп отырып, Арал теңізіне дейін жетеді екен. Бұл теңеудің тегін айтылмасы белгілі. Дегенмен археологиялық зерттеулердің нәтижиесі Сырдария өзенінің оң және сол қанатында қала мәдениетінің қалыптасқандығын дәлелдеп отыр.
Осы тұста Сырдың төменгі ағысындағы ежелгі және орта ғасыр ескерткіштері өткеннің халық зердесін қалпына келтіретін, қала өмірінің әлеуметтік- экономикалық, мәдени қатынастарын сипаттайтын құнды дерек болып табылады. Өкінішке орай қалалардың тарихы мен мәдениеті ұлт тарихында халықтар тағдырында атқарған рөлі жөніндегі жазба мәліметтерінің мардымсыз болуы қынжылтады. Тек бізге археологиялық тұрғыдан жан жақты зерделенбеген қиранды төбелер күйінде жетіп отыр.
Зерттеудің басты өзектілігі ертедегі және ортағасырлардағы қазақ халқының тағдырында ерекше орын алған қала мәдениетінің ерекшелігін айқындау. Астаналық, сауда кәсіптік, өндірістік орталықтары болған Сыр өңірі қалаларының өмірін қалпына келтіріп жаңғырту және ұлттық мүддені, мемлекеттік дербестікті қорғайтын кепілдердің біріне айналдыру болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Археологиялық табындыларға қарағанда, аталмыш өңірді адам неолит пен қола дәуірінде-ақ меңгере бастаса, қарқынды түрде б.з.д. I мыңжылдық пен б.з. I мыңжылдығында игерілді. Жазба деректердің аздығы Сырдарияның бойында ерте темір дәуірінде сақ, апасиак сынды тайпаларды орналастыруға кедергі келтірмеді.
Осындай мықты тайпалық одақтардың мұнда орналасуына жердің экологиялық сипаты да әсер еткені анық. Үлкен ашық тегіс кеңістікте дамыған күрделі су жүйелерінің болуы қоныстану мен тез қоныс ауыстыруға себеп болғаны анық.
Жергілікті жерлердегі ескерткіштерді тауып зерттеудің қиындығы, қазіргі Қазақстан археологиясында нашар зерттелінген өлке ретінде қалып отыруы тақырыптың ең басты мақсатын білдірсе керек. Сонымен қоса жаңа тарихи көзқараспен, жаңа техника жетістіктерін пайдалана отырып, жаңа әдістемелік деңгейде қарау қажеттілігі мен Қазақстан қала тарихының қайнар бастауларының бірі саналатын сақ-скиф, қаңлы, оғыз, қыпшақ, кезеңі қалаларының кезінде зерттелінген және зерттеуді талап ететін өлкелердің бірі.
Жұмыстың негізгі мақсаты осы өлкедегі ежелгі және ортағасырға жататын ескерткіштерге талдау жасау және олардың архитектуралық құрылымына мән беруге бағытталған.
Жұмыстың міндеті: Қойылған мақсатқа сай Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы ерте темір дәуірі мен ортағасырлық қалалары туралы барлық мәліметтер жинақтау. Зерттелінген ескерткіштерді негізге ала отырып, сақ қалалары мен ортағасырлық қалалар жайлы бөлім жазылды. Соңғы жылдары жүргізілген, керемет қалалардың туындылары шыққан археологиялық зерттеулер арнайы түрде толық сипаттала жазылды. Тақырып зерттеуді қажет ететін, мол мәлімет беретін Қазақстан археология ғылымындағы өзекті салалардың бірі болып қала беруде.
Жұмыстың географиялық аймағы: Қазіргі кездегі Қызылорда обылысына қарасты аудандар. Салыстырмалы түрде көршілес жатқан мәдениеттермен ұқсатықтары көрсетілді.
Жұмыстың деректік негізі: жұмысты жазу барысында Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының Хорезм және Қызылорда облыстарының жерінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері пайдаланылды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдаламасы бойынша Шірік-рабат қала жұртына жүргізілген 2004-05-06-07 жылдардағы далалық зерттеулер нәтижелері  және 2004-2006 жылдардағы «Қызылорда облысының ескерткіштерін есепке алу» археологиялық барлау экспедициясының жинақтаған деректерін пайдаландым.

Жұмыстың методологиялық негізі: Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан кейінгі тарихи-мәдени ескерткіштерге деген үрдіс алған ғылыми ұстанымдар бастау алады. 2004-2006 жылдары «Қызылорда облысының ескерткіштерін есепке алу» археологиялық барлау экспедициясының ежелгі Сырдарияның тармақтарында орналасқан ескерткіштерден жинақталған деректер және қолда бар деректерді тарихи салыстырмалық әдіспен зерттеуді басшылыққа алдым.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Негізгі бөлім
І — тарау. Сырдың төменгі ағысындағы қала мәдениетінің деректемелік негізі.
Шығыс Арал маңының тарихи – географиялық зерттеулері ХІХ ғ. 60-70 жылдары басталды және негізгі дерек көздері антикалық және ортағасырлық географтар мен саяхатшылардың, (мысалы: әл-Бируни, Ибн Хаукаль, Идириси) сонымен қатар ХІІІ ғ. Бұхараға барар жолдағы жолаушы көпестердің жазбалары мен зерттеушілерден жинақталған  деректер қорына негізделді
Оларға қысқаша тоқталатын болсақ, Қазақстан мен өлкеміздің тарихы, географиясы жөнінде қытай, араб, парсы, орыс саяхатшылары мен зерттеушілерінің деректері кеңес дәуірінде қайта-қайта сараланған. Олардың ішінде Н. Дингельштед (1893 ж.), Л.С. Берг (1908 ж.), В.В Бартольд (1900ж.), С.П. Толстов (1962 ж.), Ә.Бейсенова (1990 ж.) т.б. монографиялық еңбектерінде ғылыми тұрғыдан дәйектелген. Олардың зерттеулерінен Сырдария, Амудария, Арал теңізі алқабының табиғат жағдайларының қандай өзгеріске ұшырағандығы және бұрынғысы мен қазіргісін салыстырмалы қарап мол деректер алуға болады.
Б.з.д. ҮІ ғасырға дейінгі алғашқы мәліметтерде (Геродот, Плиний, Страбон мен Птоломей т.б.), бір кездері Сырдарияның – «Яксарт» деп бактрийліктер, Александр Македонский «Танаид» деп аталынып және Арал теңізі «Оксий қоспасы» делінгенін білеміз. Бұл кезең қазақ жері мен оны мекендеген халықтар жайлы алғашқы мағлұматтардың пайда болуымен сипатталады.
Х ғасырларда өңір жайлы араб географтары Ибн Хордадбек, Макдиси, Ибн Хаукаль, Ибн Русте, әл-Истахри, әл-Масуди, әл-Идриси және т.б. еңбектерінде кездеседі. Ибн Русте мен Истахри Арал теңізін: «теңіздің аумағы 80 фарсах, батыс қапталын айнала Сикух» («Қара таулар») деп аталатын тау сілемдері алып, шығыс жағалауында ну орман мен қамыс аралас өскен қопалар барлығын сипаттаған. Теңіздің картаграфиялық бейнесі де тұңғыш берілген
Ортағасырдағы әдебиеттер негізі ғылыми жүйеленбеген. Қытай, араб, моңғол саяхатшыларының жазбалары: топографиялық сипатта болды. Оларда тек қала, тұрғылықты жер, өзен, көл, тау аттары жазылды. Бұл тек жаулап алушылардың қызығушылығында болды.
Сыр өңірінің ескерткіштерінің (қалаларының) зерттелу тарихы үш кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі (кеңестік) және Қазақстан Республикасының егемендігі кезеңдері болып.
Төңкеріске дейінгі кезеңде бастапқы және В.В.Бартольдтың Түркістан археология әуесқойлар үйірмесі мүшелері П.И.Лерх, В.А.Каллаур, Е.Смирнов, В.В.Бартольд, И.А. Кастанье т.б. ізденістерінен қаланып, ескерткіштерді сипаттап, есепке алу ісінде жұмыстар атқарды
В.В.Бартольдтың еңбектерінде Сыр өңірінің тарихына байланысты Геродоттың, Страбонның қалдырған деректері жайлы айтылады. Сонымен қатар В.В.Бартольд Орта Азия және біздің тарихымызға байланысты негізгі дерек көзі б.з.д. ІІ ғ — б.з. VI ғ. қытай әдебиеті деп көрсетеді.
Түркістан археология әуесқойлар үйірмесінің мүшелерінің келесі тобы И.А.Кастанье, В.А.Каллаур, Е.Смирновтардың Сырдария облысының, оның ішінде Жаңадария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық археологиялық, архитектуралық ескерткіштерін сипаттап, тарихи және халық ішінде сақталған ауызша деректерді қалдырған. Айталық, Беляевтың хабарламасында былай делінген: «Шірік-рабат құдығының қасында құнды археологиялық ескерткіш, үлкен бекініс бар. Оның көлемі төртбұрышты, кесектен тұрғызылған дуалының биіктігі екі сажындай, ал ені бір сажын шамасында, көлемі 10-12 десятин…». Осы зерттеулер нәтижесінде Орынбай қала, Сырлытам кесенесі, Жетіасар ескерткіштері, Жанкент, Жент қалалары мен Қорқыт ата кесенесі жайлы біршама деректер жиналған. ХІХ ғ. Қазақстан тарихы, этнографиясы, және географиясы Ш.Уалихановтың «Қазақ халқының Геродоты» атын берген А.И.Левшиннің есімімен байланысты. А.И.Левшиннің Сыр бойындағы Жанкент, Жетіқала (Жетіасар), Құмқала, Көбенқала, Құлшұқтам, Сырлытам, Күйіктам ескерткіштеріне сипаттама бере отырып, Сырдария жағасында ешқашан тіршілік тоқтамаған деп жазады.
Қазан төңкерісінен кейін Ташкент қаласында Орта Азия және Қазақстан ескерткіштен қорғау бөлімі ашылып С.Стасовтың мынадай мақаласы жарық көрді. «Если мы хотим изучить всю историю Туркестанскокго края у себя, а не  по экспонатам, вывезенных в Лондон, Мадрид, Париж, то нам придется самим собирать и изучать их».
1946 жылы Харезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Хорезм территориясымен қатар Шығыс Аралжағалауындағы ежелгі Сырдарияның кең байтақ тарамданған атырабын зерттеумен байланысты болды..
Жоғарыда айтқанымыздай 1946 жылдан бастап С.П.Толстовтың басшылығымен Хорезмдік археологиялық-этнографиялық экспедициясы Шығыс Аралжағалауына археологиялық зерттеу жұмыстарын бастады. Сырдарияның ежелгі төрт бастауын ғана емес, сонымен бірге арналардың түйісер жерін де зерттеді. Бұл зерттеу 1992 жылға дейін жалғасты.
Археологтар геоморфологтар, почвоведтер, топографтар, әуебарлаушылармен бірігіп жоспарлы маршруты Аралжағалауы жазығының үлкен территориясын қамтыды. Бұл барлау жұмыстары нәтижесінде, барлау қазба жұмыстары 1946, 1948, 1951, 1957-1962, 1966, 1968, 1971-1973, 1976, 1986 жылдары жүргізілді. 1948 жылдан бастап қоныстар мен обаларға кең ауқымды қазба жұмыстары басталды: 1948, 1951, 1973, 1976, 1978-1981, 1983-1984, 1986-1991 жылдары ежелгі Сырдарияның солтүстік тармақтарындағы бассейіндерінің ескерткіштеріне; ал 1957-1965 жылда

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.