Бастауыш сынып

Базарда. 3-сынып

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№29 «Пальмира»
жалпы орта білім беретін мектебі» ММ.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмаділова Жадыра Жұмағазықызы

Күні: 23 желтоқсан 2011 жыл   Сыныбы: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Базарда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Ойын түрлерін жүргізу арқылы оқушылардың білім деңгейін байқау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, аудару, грамматикалық ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіздер ме балалар!
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір қыстың қай айы?
— Желтоқсанның бүгін нешесі?
— Бүгін аптаның қай күні?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Тақтадағы суретке қарай отыра сабақтың тақырыбын ашу.(Тақтада базардың суреті бейнеленген).
— Балалар, суретте не бейнеленген?
-Базарға не үшін барамыз?
— Онда нелер сатылады?
— Ендеше, өздерің түсінгендей біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Базарда» тақырыбы.
(Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту)
2. Жаңа сөздермен жұмыс.
Не киді? – что одел(а)?
Бас киім – головной убор
1. Тақтада жазылған сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушыларға тізбектетіп оқыту
3. Жіңішке, жуан сөздерді бөлек оқыту
4. Жаңа сөздерден сөйлемдер құру

3. Тақтадан «Базарда» тақырыбына байланысты суреттерді көрсету. Қай базарда ненің сатылатынын берілген суреттер бойынша анықтатып, жаңа тақырыпты түсіндіріп өту.
4.Тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау.
Базарда…, …, …, … сатылады.
Мен базарға шешеммен … алуға бардым.
Базарда дәптер мен қалам сатып … .
5. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
6.Оқулықпен жұмыс. 5-тапсырмада үлгі бойынша үш сөйлем жаздыру.
Мен кітап, доп сатып аламын.
Мен телефон, гүл сатып аламын.
Мен көйлек, туфли сатып аламын.
7. Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырмадағы диалогты оқып, аудару.
— Кто это:
— Это – Сауле.
— Где Сауле?
— Сауле на базаре.
— Что купила Сауле?
— Сауле купила платье.
— Сколько стоит платье?
— Платье стоит 1300 тенге.
ІV. Сабақты қорытындылау
1.Оқушыларға «Тасталынған әріпті тап» грамматикалық ойынын өткізу.
Б…зар, д…кен, жейд…, ет…к, ой…ншық, к…йлек, ки…м, қанша т…рады?, шалб…р.
2. Қорытындылау үшін сұрақтар қою.
— Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай болды?
— Сабақ сендерге ұнады ма?
— Сабақта біз не істедік?
V. Үй жұмысы:
Сөздік жаттау. 102 беттегі 4-тапсырманы жазбаша орындап, зат есімнің тәуелденуін қайталау.
VІ. Бағалау
VІІ. Сабақты аяқтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.