Мектептен тыс үйірмелер

Әнді сүйсең менше сүй

Әншілер байқауы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы
Мәртөк селосы №4 Мәртөк негізгі
Мектебінің  музыка пәнінің мұғалімі
Камзина Ақмарал Амангелдіқызы
Әнді сүйсең менше сүй.
Жүргізуші:
— Құрметті, жиналған қауым! Бүгінгі өткелі отырған «Әнді сүйсең менше сүй» байқауына қош келіпсіздер!
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз айтқандай, ортаға ән сүйер өрендерімізді шақырамыз.
1. Хадиша                       3-сынып оқушысы
2. Диана                           3-сынып оқушысы
3. Қымбат                       3-сынып оқушысы
4. Самал                          3-сынып оқушысы
5. Жансая                         3-сынып оқушысы
6. Саера                            3-сынып оқушысы
7. Әйгерім                       2-сынып оқушысы
8. Айнұр                          3-сынып оқушысы
9. Айсұлу                        3-сынып оқушысы
10. Айғаным                    2-сынып оқушысы
11. Қаламқас                   3-сынып оқушысы
12. Айсұлу                      3-сынып оқушысы
13. Жазира                       2-сынып оқушысы
Жүргізуші: Ал қазір осы әншілерімізге баға беретін әділ қазылар алқасын тағайындайық.
Әділ қазылар: Алмагүл апай, Дәрмен мен Асқарбек ағайларды орындарына шақырамыз.
1).Жүргізуші: Ендеше сіздерге сәт сапар тілейміз.
Атам құлыным деген соң,
Шұрқыраймыз сағынып.
Әжем ботам деген соң
Жамыраймыз жабылып.
Қошақандай маңырап,
Секіреміз лақтай.
Бұзауқандай момақан
Болуды еш ұнатпай.
Жайлау деген айнала
Қазаққа тән бай дала.
Саумал ауа ,самал жел
Еркелеткен жай ғана.
Шашына ақ бант тағып
Келеді ол мектепке.
Би билейді, ән салып.
Таңданасың сен тіпте.
Ортаға «Қошақаным әнімен » 3-сынып оқушысы Өтебай Самалды шақырамыз.
2). Жүргізуші: Кластағы биязы
Сүйеді туыс, нағашы.
Тек бестік болсын Диананың
Өмірден алған бағасы.
Ортада «Құттықтаймын ана, туған күніңмен» әнімен Диананы шақырамыз.
3). Жүргізуші: Қателессем кешірген кім – Анам
Анамдағы махаббатқа нанам.
Ең бірінші ана керек балаға.
Ақ аналар жүріңдерші аман.
Ортаға «Аяулы анашым » әнімен 3-сынып оқушысы Саераны шақырамыз.
4). Жүргізуші: Пейіштің нұрынан жаратылған.
Әкешім, анашым дара тұлғам.
Сендердің бейнет пен зейнетіңнен,
Көгіңде қатайсам қанатымнан.
Әкешім ақылмен кемеңгерім.
Анашым айдыным терең көлім
Ақ тілеу батаңның арқасы ғой
Бақытқа, шаттыққа кенелгенім.
Ортада «Әке туралы жыр» әнімен 3-сынып оқушысы Қорғанбаева Қымбатты шақырамыз.
5). Жүргізуші: Әжесінен аумайтұғын еркесі,
Сенсің оның таусылмайтын теңгесі.
Сенің әнші , алғырлығың арқылы,
Мақтанатын болар әжең ел іші.
Ортада «Сәби болғым келеді» әнімен 3-сынып оқушысы Сержанова Айсұлу өнер көрсетеді.
6). Жүргізуші. Тал бойынан табылған
Ар мен нұрдың байлығы.
Талабы үлкен Хадишаны
Өсірсін өмір айдыны.
Ортада «Қанеки тілім, сөйлеші» әнімен Хадиша өнер көрсетеді.
7). Жүргізуші: Қазақпыз қыз өсірген іңкәр қылып,
Қазақпыз ұл өсірген шырқап жүріп.
Қазақпыз той-тойлатып, ат жаратқан,
Сайысқа түскен және тұлпар мініп.
Ортаға «Қазақы дастарханым » әнімен 3-сынып оқушысы Айсұлуды шақырамыз.
8). Жүргізуші: Пәк үмітке ұқсап тұрған үзілмей.
Алғырлығы ұстараның жүзіндей.
Балапаны мектептің ол Айғаным
Ән де айтады жымиып ол күлімдей.
«Анашым» әнімен ортаға 2-сынып оқушысы Айғанымды шақырамыз.
9). Жүргізуші: Тағы бір әншіміз бар Жазира аты,
Қызықтап көріңіздер тамашаны.
Ертегілер әлемін әнге қосса
Тебірентіп толқытады әсем сазы.
Ортада «Ертегілер әлемі» әнімен Жазира шығады.
10). Жүргізуші:Біздің елдің жігіттері
Жігіттердің сырттаны
Кешегі өткен ақындар мен
Батырлардың ұрпағы.
Ерте туып еш заманнның,
Маңдайына сыймаған,
Қайран біздің қасиетті.
Қара нардай жігіттер.
Ортаға «Қазақтың сарбаздары» әнімен Жансая   шығады.
11). Жүргізуші: Балғын тәтті тілегімменен,
Қадам басып ілгері келем.
Күннің нұры ай сәулесімен
Өткен күннің іздерін көрем.
Құшағыңды сағындым анам.
Жұбатады жанымды сан ән,
Қасиетің қорғаным маған
Әніммен де табынам саған.
Ортада «Аяулы анашым» әнімен Қаламқасты шақырамыз.
12). Жүргізуші: Үйінің ол еркесі де тәттісі.
Ақылды әсем үні мәз қылған
Қазағыңның бол қызының жақсысы
Бар өмірің тұратұғын ән-жырдан.
Ортада «Жалқаубек» әнімен Айнұрды шақырамыз.
13). Жүргізуші: Әйгерім күндейсің сен шуақ шашқан
Ата-анаңа сенің атың жыр мен дастан
Қуантшы баршамызды бұл байқауда,
Бүгінде әнші бар ма сенен асқан.
Ортаға «Анашым » әнімен Әйгерімді шақырамыз.
Жүргізуші: Осымен ән байқауынақатысқан өрендеріміз өз өнерлерін көрсетті. Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз. Жеңімпаз оқушылар грамоталармен мадақталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.