Без рубрики

«Тіл тағдыры – ел тағдыры»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,  Әйтеке би кентіндегі
Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есет Манат Мақсатқызы

Тақырыбы:  «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға  қазақ  тілі- ана  тіліміздің ерекшеліктерін,  қадір- қасиетін түсіндіру. Ана тілінің  қазіргі  кездегі  дамуындағы жетістіктер мен  кемшіліктерін  мәліметтерге  сүйеніп  пікір таластыру, өз  ойын  қорғай  білуге  үйрету.
Дамытушылық:  Ойлау, тез  шешім  қабылдай  білу  қабілеттерін  дамыту. Өз тілін дамыту.
Тәрбиелік: Тілге деген сүйіспеншілігін, тілді құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Пікір – талас Әдісі: Пікір алмасу, топтық сайыс.
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың қанатты сөздері, мақал – мәтелдер.

Жоспары: Пікір — таласқа екі топ қатысады.
1 – топ: «Тіл өз дәрежесінде дамуда»
2 – топ: «Тіл өз дәрежесінде дамымай жатыр» деген көзқарастарды қорғайды.

 

Алтын бесік – ағайын, жұрт, туғаным,

Дос бө            ліссе қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзіне Тіл заңын.

 

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа  жеткізетін тіл мен ата – дәстүрі.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз  әуелден – ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы  деп санаған. Мысалы: «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігімен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандылығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз. Ата-бабамыздың өзінің асыл мұрасы тіл өнерін келер ұрпаққа жеткізіп, оны ардақтап, аялай білейік.

Шаңбаева Ғайшаның орындауында Терме «Қанекей тілім сөйлеші»

Қызыл тілін безеніп,

Шешен жігіт дауда ойнар.

Ақ найзасын кезеніп,

Батыр жігіт жауда ойнар,

—          демекші кезекті Республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі құрметіне арналған «Тіл тағдыры — ел тағдыры» атты пікір сайысымызға кезек берейік.

Пікір таластың өзекті мәселесі «Бүгінгі таңдағы ана тілінің жағдайы» Енді ортаға пікір-таласқа түсетін жақтаушы және даттаушы топтарды шақырайық.

 

 

 

 

Көп ішінде сөйлеген,

Көсемдіктің белгісі.

Көпке сөзі ұнаған.

Шешендіктің белгісі,

-дейді қазақ мақалы.

Сайыскер оқушылар өте жақсы, ұнамды сөздермен дәлелдей білді. Тіл тағдыры болашақ жастардың қолында. Тіл мәртебесін биіктетейік, халайық! Тіл тағдыры — ел тағдыры.

Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын боздақтар,

Аралас тілге үңілме!

Хат жазылсын өзара,

Жетілдір қазақ сөзіңді,

Жат алдында ез болмай,

Берік ұста өзіңді.

Асан қайғы,Жиренше,

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Әз Жәнібек, Қойшыбай,

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Осы тілді  жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Баба тілің асыл – дүр.

 

 

Соңы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.