Таласбаева Шынар Қойшыбайқызы
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы
№8 кәсіптік лицей оқытушысы
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫНДЫСЫ – ТӨЛ ТЕҢГЕ,
НЫҚ СЕНІММЕН ҚАРАЙСЫҢ СЕН ЕРТЕҢГЕ» атты БІЛІМ АУКЦИОНЫ
Мақсаты: Ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттау, теңгенің шығу тарихын және авторлары жөнінде мәлімет беру, оқушыларды туған елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітапхана безендірілген, «Теңгенің кешегі және бүгінгі бейнесі» көрмесі, ақша айырбастау пункті, диапроектор және т.б
БАРЫСЫ:
Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары! Бүгінгі «Тәуелсіздік туындысы – Төл теңге, Нық сеніммен қарайсың сен ертеңге» атты білім аукционына қош келдіңіздер. 7 желтоқсан — Тәуелсіздіктің 20 жұлдызды сәтінің «Алтын теңге» күні.
Өркен жайсын өрелілер, өрістер,
Ел үшін тек дархан жүрек ер істер.
Теңге деген кезіндегі түркілік,
Саманаидтік сары мысты фельстер.
Ақшам көпте шаштым, жұртқа сыйладым,
Ақшам азда кең дүниеге сыймадым.
Теңге деген Сыр бойына жиналған
Тимуридтік мыс жалатқан динарым.
Ақшам, туым, елтаңбам ғой — үштаған,
Осы үшеуі беретіндей күш маған.
Теңге деген шекіме мен бақырды
Ұлықбек пен Әл-Фараби ұстаған.
Сондықтан да Әл-Фараби суреті
Түсті тұңғыш теңгемізге — құрметі.
Хайролладай суретшіге содан да
Риза халқы, риза бүткіл үрметі.
«Тәуелсіздік және теңге» бейнесюжеті көрсетіледі.
Есептеу комиссиясы:
1. Дүзбай Сәлия апай – директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
- Жаңылова Гүлазат – математика пәнінің оқытушысы
- Мустафаев Ербол – тарих, география пәндерінің оқытушысы
Білім аукционының бағдарламасы:
І бөлім. І тур – «Кім білгір?»: 1. «Экспресс сұрақтар» (500 теңге)
2. «Түрлерін ата» (1000 теңге)
3. «Танымдық сұрақтар» (2000 теңге)
ІІ тур – «Әлем елдері валютасын білесің бе?»
ІІІ тур – «Есте сақтау қабілетіміз қандай?» (ой сергіту)
ІҮ тур – «Есеп эстафетасы»
Ү тур – «Қызықты жарнама»
ІІ бөлім. Ой қозғау. «20 жылдағы Қазақстан сенің көзіңмен»,
«20 жылдан соңғы Қазақстан сенің көзіңмен»
І бөлім. І тур – «Кім білгір?»
Экспресс сұрақтар – құны 500 теңге
Сұрақтар |
||
№ |
«Қаржы» |
«Қаражат»
|
1 | Бартер | Инфляция |
2 | Инвестиция | Бизнес |
3 | Дотация | Экспорт |
4 | Салық | Менеджмент |
5 | Капитал | Импорт |
6 | Маркетинг | Экономика |
7 | Тауар | Депозит |
8 | Акция | Дивиденд |
9 | Пайда | Бюджет |
10 | Сертификат | Таза пайда |
Жауаптары:
Сұрақтар |
||
№ |
«Қаржы» |
«Қаражат»
|
1 | Бартер – заттай айырбас | Инфляция – ақшаның құнсыздануы |
2 | Инвестиция – шетел азаматтарының өндіріске қаржы салуы | Бизнес – кәсіпкерлік |
3 | Дотация – үкіметтің қайтарымсыз қаржылай көмегі | Экспорт — өнімді, тауарды сыртқа шығару |
4 | Салық – заңды тұлғаның міндетті төлемі | Менеджмент – ағылшынның «шебер басқару, ұйымдастыру» деген сөзі |
5 | Капитал – мекеме байлығы | Импорт – ішке өнім, тауар енгізу |
6 | Маркетинг – ағылшынның «шебер жарнамалау, сату» сөзі | Экономика – гректің «шаруашылықты үнемдеу» сөзі |
7 | Тауар – сатуға арналған өнім, зат | Депозит – артық қаржыны банкке салу |
8 | Акция – құнды қағаз | Дивиденд – акционердің жыл соңында алатын үлесі |
9 | Пайда – кірістен шығынды алғандағы қалдық | Бюджет – мемлекеттің ақша қазаны |
10 | Сертификат – қызметтің, тауардың сапасын білдіретін құжат | Таза пайда – пайдадан салықты алғандағы қалдық |
ІІ. «Түрлерін ата»
Құны — 1000 теңге
Сұрақтар |
||
№ |
«Қаржы» |
«Қаражат»
|
1 | Банк атаулары (5) | Салық түрлері (5) |
2 | Мал шаруашылығы (5) | Киім (ерлер) ассортименті (5) |
3 | Фирма атаулары (5) | Қызмет түрлері (5) |
4 | Нан өнімдері (5) | Кәсіпорын түрлері (5) |
5 | Көлік маркалары (5) | Жол түрлері (5) |
6 | Бензин сорттары (5) | Отын түрлері (5) |
7 | Шикізат түрлері (5) | Құрылыс материалдарының түрлері (5) |
8 | Мұнай өнімдері (5) | Арнаулы автокөлік түрлері (5) |
9 | Халық шаруашылығы салалары (5) | Жеңіл өнеркәсіп түрлері (5) |
10 | Материалдар (5) | Еңбекақы түрлері (2) |
ІІІ. «Танымдық сұрақтар»
Құны 2000 теңге
Сұрақтар |
||
№ |
«Қаржы» |
«Қаражат»
|
1 | ҚР ақшасы қай жылы, қай күні, қай қалада шықты? | 3 елде жүретін валюта? |
2 | Ауа құрамын ата | «Батыс Қытай – Батыс Европа» жолы неше киллометр? |
3 | Компьютерді кім ойлап тапты? | Лондон қаласы қай өзен жағасында |
4 | Ең биік тау қай тау және биікті қанша? | Каспий жағасындағы елдерді ата |
5 | Қазақтың тұңғыш академигі кім? | Ең ұзын өзен қай материкте, ата. |
6 | Кеден одағына қай елдер кіреді? | Локомотив тұрағы |
7 | Қызылорда облысында қанша және қандай аудан бар? | Қытайда қанша халық бар? |
8 | Ең үлкен мұхитты ата және қанша м2? | Самолет тұрағы |
9 | Ең ұзын сапалы көпір қай елде, ұзындығы қанша? | Мұнай өндіруден қай ел бірінші орында |
10 | Еркін экономикалық кеңістікке қай елдер кіреді? | ҚР парламент депутаттарын сайлау қай жылы, қай айда өтеді? |
Жауаптары:
Сұрақтар |
||
№ |
«Қаржы» |
«Қаражат» |
1 | ҚР ақшасы қай жылы, қай күні, қай қалада шықты? – 12 қараша 1993 жылы, Лондонда | 3 елде жүретін валюта? – Доллар (Канада, АҚШ, Австрия) |
2 | Ауа құрамын ата – азот — 78%, оттегі – 22%, инертті газ — 1%. | «Батыс Қытай – Батыс Европа» жолы неше киллометр? – Қазақстан бойынша – 2787 км, Қызылорда облысында – 500 км. |
3 | Компьютерді кім ойлап тапты? – Билл Гейтс | Лондон қаласы қай өзен жағасында — Темза |
4 | Ең биік тау қай тау және биікті қанша? – Гималай, 8700 м | Каспий жағасындағы елдерді ата – Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран, Туркменстан |
5 | Қазақтың тұңғыш академигі кім? – Қаныш Сәтбаев | Ең ұзын өзен қандай өзен және қай материкте орналасқан? – Ніл өзені, Африкада, 6600 км |
6 | Кеден одағына қай елдер кіреді? – Беларусь, Ресей, Қазақстан | Локомотив тұрағы — Депо |
7 | Қызылорда облысында қанша және қандай аудан бар? – 7 аудан (Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Арал) | Қытайда қанша халық бар? – 1,6 млдр халық бар |
8 | Ең үлкен мұхитты ата және қанша м2? – Тынық мұхиты | Самолет тұрағы — Ангар |
9 | Ең ұзын сапалы көпір қай елде, ұзындығы қанша? – Хамбери, Англияда, 1410 м. | Мұнай өндіруден қай ел бірінші орында? — СаудАрабиясы |
10 | Еркін экономикалық кеңістікке қай елдер кіреді? – Қазақстан, Ресей, Беларусь | ҚР парламент депутаттарын сайлау қай жылы, қай айда өтеді? – 2012 жыл, 15 қантар |
ІІ тур. «Әлем елдері валютасын білесің бе?»
Берілген ту қай елдікі екенін анықта және сол елдің валютасын ата. Әрбір дұрыс жауаптың құны – 200 теңге.
Бразилия , риал | Канада, доллар | Греция, драхма |
Италия, лир | Болгария, лир
|
Моңғолия, тугрик
|
Беларусь, беларусский рубль | Ресей, рубль | Украина, гривень |
Ұлыбритания, доллар | Швеция, крон | Франция, франк |
Өзбекстан, сум | Жапония, иена | Қазақстан, теңге |
Қырғызстан, сом | Қытай, юань | Түркия, лира |
Үндістан, рупий | Германия, марка, евро |
ІІІ тур. «Есте сақтау қабілетімізді байқайық». Екі командадан екі оқушы тақтада ілінген ассортименттерді 10 секундта жаттап реттілігі бойынша қайта жазып беруі тиіс.
ІҮ тур. «Есеп эстафетасы».
«Қаржы» тобына: Кәсіпкер «А» тұлға 2009 жылдың 7 қарашасында 1000000 теңге кредит алды, жылдық өсімі -14,1%. 2011 жылдың 7 қарашасындақанша теңге қайтарады және айына қанша теңгеден төлейді?
«Қаражат» тобына: Салымшы «Б» банк депозитіне 2011 жылдың 1қыркүйегінде 50000 теңге салды. Айлық өсімі – 1,3%. Бүгін 7 желтоқсанда қанша теңге құрайды?
Ү тур. «Қызықты жарнама». Берілген заттармен жарнама жасау.
ІІ бөлім. Ой қозғау.
«Қаржы» тобына: «20 жылдағы Қазақстан сенің көзіңмен»
«Қаражат» тобына: «20 жылдан соңғы Қазақстан сенің көзіңмен»
(Есептеу комиссиясының қорытындысымен жеңімпаз команданы марапаттау)
Жүргізуші:
…Қазақпыз ғой, шын достарға сенгеміз,
Қасарысқан қас дұшпанды жеңгеміз.
Тәуелсіздік рәмізіндей рәуішті
Жасай берсін жарқын жүзбен Теңгеміз! – деп бүгінгі «Тәуелсіздік туындысы – Төл теңге, Нық сеніммен қарайсың сен ертеңге» атты білім аукционымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!