Без рубрики

Қайталау

Едилбаева Венера Лазеровна тарих пәнінің мұғалімі.
Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Жезді кенті,
Жезді аралас орта мектеп –интернаты.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының өмір тіршілігі мен шаруашылығын, мәдениетін жинақтау.
  • Дамытушылық: Оқушылардың сақ тайпаларын салыстыра отырып, ортақ белгілерін айырмашылығын тани білуге, картамен жұмыс істеуге ой қорыта білуге қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлтжандылыққа, тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі:

А) Атажұрт

Ә) Сақтар мәдениеті

Б) Кесте толтыру

В) Хронологиялық жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, карта, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: география, археология, этнография.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топқа бөлу:

1топ-Парадария

2топ-Тиграхауда

Атажұрт (ойыны арқылы қайталау)

  1. Қатонқарағай ауданында 40-тан астам обасы бар қорым. Адам 6-7 метр тереңдікте жатыр. Мәйіт ағаш саркафогқа жатқан. Бұл қай қорым? (Берел)
  2. Бұл оба Алматыдан 50 шақырым жерде күн шығыста орналасқан . Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Қабір қарағайдан қиюластырып салынған. Бұл қай қорған? (Есік қорғаны)
  3. Бұл Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Бұл қорым 31 обадан тұрады. Үлкен, орта, шағын болып бөлінеді. Бұл қорғанды тарихшылар патша қорғаны деп те атайды? Бұл қай қай қорған? (Бесшатыр)
  4. Жетісуды Сырдарияның орта ағысы бойын мекендеген сақтар? (Тиграхауда)
  5. Қара теңізінің солтүстігі арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысында мекендеген сақтар? (Парадария)
  6. Муграб аңғарында өмір сүрген сусын дайындаушы сақтар (Хаома)
  7. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы (Томирис)
  8. Б.з.б 7-6 ғасырлар Сібір Қазақстан Еділ бойымен Еуропа оңтүстігінде пайда болған өнер? (Аң стилі)
  9. Тобыл, Есіл өзендерін қоныстанған сақтар (Аргипей)
  10. Сақтарда қызыл түсті киімді кімдер киген? (Жауынгерлер)
  11. 16 ат жерленген қорым қай қорым? (Берел)
  12. Б.з.б 4-10 ғасырларға жататын сақ астанасы? (Шірік-Рабат)
  13. Сақтарда ақ түсті киімді кімдер киген? (Абыздар)

І тапсырма Сақтардың мәдениеті

2 топ –«Парадария»

  1. Есік қорымының табылған жері?
  2. Іле Алатауынан қанша оба табылды?
  3. Есік отбасының диаметрі мен биіктігі?
  4. Есік қорғанынан басқа қандай зат табылды?
  5. Дромос дегеніміз не?
  6. Қарағай қабірдің көлемі?

І тапсырма Сақтардың мәдениеті

1 топ –«Тиграхауда»

1.Бесшатыр қорыны қай жерде орналасқан?

2.Бұл қорым неше обадан тұрады?

3.Бесшатыр обасын ғалымдар неге «Патша» қорғаны деп атайды?

4.Бесшатыр қорымын нешінші

5.Бешатыр қорымынан қандай заттар табылды?

6.Шірік-Рабат Қызылорда қаласынан неше шақырым жерде орналасқан?

ІІ тапсырма «Хронологиялық кестені толтыр»

2 топ –«Парадария»

Болған оқиға мерзімі Тарихи оқиғалар
Б.з.б VIII -VIIғасырлар

Б.з.б.VI ғасырдың ортасы

Б.з.б. 530 жыл

Б.з.б IV ғасырдың 30 жылдары

Б.з.б 540, 530. 519 жылдар

Б.з.б 519-518 жылдар

ІІ тапсырма Сақтардың мәдениеті

1 топ –«Тиграхауда»

Төменгі бұйымдардың неден жасалған бағытпен белгілеп көрсет

Сырға, жүзік, білезік Сырға, жүзік, білезік Темір
Күрек, балта Күрек, балта Алтын
Қамшының сабы Қамшының сабы Сүйек
Түйме Түйме Ағаш
Етік, ер тоқым Етік, ер тоқым Жүн
Шапан Шапан Қайыс
Жүген Жүген Тері

Сақ қоғамы аруақтарға, отқа, жылқы мен күнге табынды. Басқа дүниеде мәңгі өмір сүреміз деп ойлады.

Зергерлік бұйымдарының аңдық стильде өндірілуі

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.