Без рубрики

Visual Basic –те Бағдарламалаудың негіздері

 Алматы қаласы, Алматы Мемлекеттік
Политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
Байтуреева Айгерим Шарипбековна

Сабақ тақырыбы: Visual Basic –те Бағдарламалаудың негіздері

Сабақ мақсаты:

Білімділігі : оқушыларға Vbasic программалау курсын толық оқытудың бағдарламалары жөнінде түсінік беру. Осы программалау тілімен жұмыс жасауды үйрену. Vbasic-те айнымалылар. Жиымдар, айнымалыларды жариялау, тұрақтылар константалар туралы уйрену.

Тәрбиелігі : Windows операциялық жүйесіндегі жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту.

Дамытушылығы: оқушыларды еңбекқорлыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Сынақ сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

 

Сабақтың әдісі: Иллюстрялы

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, экран, проектор, Visual Basic бағдарламасы

Бақылау сабағының өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа түсініктер мен әрекеттерді қалыптастыру.

  3. Жаңа сабақты бекіту, тиянақтау жұмыстары.

  4. Бағалау.

  5. Үй тапсырмасын беру.

  6. Сабақты қорытындылау.

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен әзірлігін қадағалау

Жаңа сабақтың мазмұны:

  1. Теориялық бөлім.

Айнымалылар

Уақыттық шаманы сақтауға арналған жад аймағын белгілейтін шама айнымалы деп атайды.

Visual Basic-те айнымалылар атауларына мынандай шектеулер қойылады:

  • атаулар ұзындығы 255 сиволдан аспауы керек;
  • атауларды нүктелер, бос орындар және %, &, !, #, @, $ симводары болуы мүмкін емес;
  • атауда әрәптен басталып кез келген әріптер, сандар және символдар комбинациясы болуы мүмкін;
  • атау өздері белгіленген аймақ ішінде бірегей болуы керек;
  • Visual Basic-тің түйінді сөздерінде және процедуралар аттарына тура келетін аттарды пайдалануға болады.

 

Айнымалыларды жариялау.

Айнымалыны жариялаудың маңызы мынада:

  • аттарды шатастыруда жол берілмейді;
  • Түрлері бөлек айнымалымен кездейсоқ операция жасауына жол берілмейді;
  • Жұмыс жылдамдайды, өйткені Visual Basic жарияланбаған айнымалыларға қатынаған сайын оны тануға уақыт жұмсайды;

Синтаксис:

Dim Имя Переменной [As Тип] [, Имя Переменной [ As Тип] ]

Имя Переменной Айнымалыларды атаудың стандартты қағидаларына сай келетін айнымалы аты.

Тип Айнымалының деректер түрі. Әр сипатталатын айнымалыға жеке аs Тип сөйлемін пайдалану керек.

Мысалы, келесі нұсқау integer түрінің айнымалысын сипаттайды.

Dim N As Integer

 

Айнымалылардың көріну аймағы

Айнымалы модуль деңгейінде көрінетін болуы үшін:

  1. жариялау пішіннің немесе стандартты модулдің секциясында (general) (Declarations) болуы керек.
  2. Dim орнына Private түйінді сөзі қолданылады. Мұндай әдіспен жарияланған айнымалы модуль деңгейінде қол жетерлік және де оған сол модулдің кез келген процедурасынан қатынауға болады — оның көріну аймағы жергілікті айнымалылардан кеңірек.

 

Жиымдар

Жиым дегеніміз – бұл бірден бірнеші мән сақталатын жад аймағы. Жиымдар бағдарламадақолданылмай тұрып жариялануы керек.

Синтаксис:

DimИмяМассива (Индексы) [As Тип]

Индкесы Жиым өлшемділіктері. Жиым индекстерінің тек жоғары шекараларын ғана беруге болады. Мұндай жағдайда индекстерді нөмірлеу 0-ден басталады. Мысалы,

Dim А (5,2) As Integer.

Бұл индекстер жолдар бойынша 0-ден 4-ке дейін және бағандар бойынша 0-ден бірге дейін екіөлшемді жиым. Жиымды жариялағанда төменгі шекарасын беруге болады.

Dim А (1 To 4, 0 To 2)

Тип Жиым деректерінің түрі

Келесі фрагментте бүтін түрлі сандар жиымды жарияланады да, кейіноның элементтеріне мәндер меншіктеледі.

Dim B(3) As Integer

B(0) = 22

B(1) = 23

B(2) = 24

Келесі мысалда меншіктеу циклде өтеді.

Dim B(3) As Integer

For I = 0 to 2

B (I) = 22 + I

NEXT

Жарияланғанда индекстері белгіленбеген жиым динамикалық деп аталады. Dim Y() As Integer

 

Тұрақтылар

Тұрақтылар айнымалыларға өте ұқсас – оларға да мәндер меншіктеледі. Тұрақтыны жариялаумен оған бір мезгілде оған мән меншіктеледі. Ол үшін const түйінді сөзі қолданылады:

Const conPi = 3.142

Төменде келтірілген фрагмент тұрақтыларды қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді:

Const conPi = 3.142

Dim Radius As Integer Dim Area Double

Private Sub cmdPrintArea_Click()

Radius =3

Area = conPi * (Radius«2)

Print Area End Sub

Қолданба деңгейінде қол жетерлік тұрақтыны жасау үшін, оны жариялағанда Global түйінді сөзін көрсетіңдерМысалы:

Global1 const PI = 3.142

VII.Үйге тапсырма беру: 2.5 – тақырып оқып келу

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.