Без рубрики

Математикалық сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары

Елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты жалпы білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік — эканомикалық дамуында жетекші рөлін атқаруда.

Қазіргі ақпараттандыру дәуірінде математиканың негізін меңгеру, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден бір негізгі элементі болып табылады.

Қоғамның дамуының өркениетті сатысында мектептегі математикалық білім беруді қайта құрудың негізгі міндетін оқытудың әдістемелік жүйісінде даму және ақпараттық міндетті атқару функциясының басым болуына, осы ақпаратты қолдану біліктілігін қалыптастыруға баса назар аудару  болып табылады.

Тәрбиелік мақсатыоқушылардың математикалық мәдениеттілігі мен математикалық  іс — әрекеттер арқылы халық мәдениетінің элементтерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты әрбір жеке тұлғаның ақыл — ойының дамуына адамгершілікке ұмтылып әдемілікті сүюге, үйретуге және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.

Оқытудың міндеттері:

Білімдерін жалғастыруға, басқа піндерді оқып үйренуге, күнделікті тұрмысқа қажетті нақты математикалық білімді меңгеру.

Математикалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауы қажетті ойлаудың қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларды интеллектуалды дамыту. Математиканың идеялары мен әдістері жайлы, шындықты тану әдісі және оны сипаттау қалпы ретінде математика туралы түсініктерді қалыптастыру – жалпы адамзаттың мәдениетінің бөлігі ретінде математика туралы түсінікті қалыптастыру, математиканың қоғамдық прогресс үшін маңыздылығын түсіндіру.

Осы аталған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда қазір Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Ол білім парагдимасының өзгеруімен қатар жүреді. Оқу ісіндегі субьектьлері — оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылмақ. Жаңа білім парагдимасы 1-ші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Жеке тұлға – адамның психикалық рухани мәні. Олардың өзінде адамның әлеуметтік маңызды қасиеттер жиынтығы өзіне және өзімен – өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі, мінез — құлық әрекеттерінің жиынтығы, айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсіну, қажеттілік жүйесі, шығармашылық мүмкіншілігі мен қаблеттерінің жиынтығы жатады. Қазіргі кезде баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту техналогиялары көптеп саналады.

 

1.     Математикалық модульды үйрену кезеңі

Мұнда жаңа тақырып бойынша математикалық модуль белгісі түсініктерді синтездеу арқылы жеңілден күрделіге көше отырып нақтылы дәлелдемелермен оқушы ойында тұжырымдалады, яғни үйрену жұмысы жүргізіледі.

2.     Математикалық модульді іс-әрекетте пайдалануға үйрету кезеңі.

Берілген математикалық модульді шынайы өмірде пайдалану оқушылардың    жаттығуларды орындаумен, мәселе есептерді шығарумен жүзеге асырылады.

«Есеп» ұғымын анықтауда бірнеше көзқарастар болған.

Есеп дегеніміз не деген сұраққа В.М.Брадис былай дейді: Есеп деп өтілген курстан қандай да бір анықтаманы, пікірді немесе теореманы дәлелдеуін, аксиомалар немесе ережелердің тұжырымдауын жай ғана қайталап келтіру, оған жауап беруге жеткіліксіз болатын кез келген математикалық сұрақтарды айтамыз.

«Қандай да бір шешім қабылдауды қажет ететін жағдаят» ретінде есептің жалпылау анықтамасын Ю.Н.Калягин мен басқа авторлардың еңбегінде кездеседі. «Большая советская инцеклопедия-Т-9»

Онда есептің анықтамасын былай келтірген:

1.     Нәтижеге жетуге ұмтылдыратын қойылған мақсат;

2.     Тапсырма;

3.     Шешімін белгілі бір білім мен ой тұжырымдау негізінде табуды талап ететін сұрақ;

4.     Оқытып үйрететін және оқушы білімі мен практикалық дағдысын тексерудің бір тәсілі.

Есеп туралы айтылған анықтамаларды талдай отырып, математиканы оқытуға   

арналған есептерге профессор Б. Баймұхановтың еңбегінде мынандай анықтама берілген: «Математикалық есеп» дегеніміз — математикалық заңдылықтар ережелер және әдіс — тәсілдер негізінде оқушылардан ой мен практикада іс – әрекетті талап ететін және математикалық білімді меңгеруге оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жағдай.

М.М.Жанпейісова әзірге оқыту технологиясы ерекшелігі – білімді меңгеруге емес, тұлғаның танындық қаблеттерін және танымдық үлестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылыдамытуға, тұлғаның қауіпсіздігін өзін — өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қарым – қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

         Осы  мақсатта оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға жіне білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың 100 пайызға меңгеруін қамтамасыз етеді. Бұл дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

         Модуль дегеннің өзі қандай да бір жүйенің анықталатын біршама дербес бөлігі.

         Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде 3 құрылымдық бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен, қортынды бөлімінен тұрады.

         Әр оқу модулінде сағат  саны әр түрлі. Жалпы  сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 сағат беріледі.

         10-11-сыныпта алгебрадан §5 Арифметикалық квадрат түбір және §6 Арифметикалық квадрат түбірлердің қасиеттері тақырыбында модульдік оқыту технологиясын қолдандым.

Нені білу тиіс

Саның арифметикалық квадрат түбірін таба білу;

 түбірдегі теңдеуді шеше білу;

Квадрат түбірдің жуық мәнін таба білу;

 функциясының графигін пайдаланып,  -тің -тің мәндерін таба білу;

Квадрат түбірдің қасиеттерін білу.

         Осы тақырыптарды модульге енгізу барысында оның мақсат, міндеттерін оқушыларға таныстырып, материалды кестелер, көрнекіліктер қолдана отырып, түсіндіріп шықтым.

         Оқу материалының қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдану сөйлесу білімі сабақтарында жүзеге асырылдыү Квадрат түбір анықтамасы мен қасиеттерінің мазмұнына қарай «өсу» бағытымен құрылды.

         Атап айтқанда, қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан күрделі есептерге қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын дамытады, ойлауына танымдық үрдістерді дамытуға мүмкіндік берді.

         Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру арқылы қарапайым білік пен дағдыны қалыптастыру, алынған білімді талдау, жинақтау машықтары іске асырылды. Бұл жерде айта кететін жай оқушыларға деңгейлік тапсырма беру үшін жеке тұлғаларды зерттеу әдістемесін қолданып, оқушылардың еске сақтау, көру, зейінін, жадын анықтадым. Оны мына формуламен есептеп шығардым:

              — жадының түрі,    — бірлік сөздердің саны,    — оқушылардың жазған сөздер саны.

         Сабақ барысында осы ақпаратты басшылыққа алып, 3,4 — сабақтардан бастап, оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар берілді. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздерінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті болды. Тақырыпқа бірнеше мәрте қайта оралып, оны тиянақты меңгеруіне жол ашылды.

         Модульдік оқыту технологиясының негізгі элементтерін меңгеруде жеке тұлғада жады мен өзін — өзі бағалау бейнесін еске сақтау көрнекі әрекетін ойлау, оқуға қызығушылығын  колледжде  көзқарасы зейінді, бақылау нәтижесінің ықпалы зор.

         Тапсырмаларды саралап беру, оқытудың пікірталастық зерттеушілік элементтерін пайдалану үшін оқушының ойлау, қабылдау, елестету қасиеттерін зерттеп алған тиімді.

                  Қорыта айтқанда, математиканы оқыту барысында ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің талмай іздену, жаңа педагогикалық технологияны енгізуді талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.-Алматы: «Білім» 2005.-195б.

2.    Нұғысова А. Практикалық мазмұнды есептер.-Алматы: РБК, 1996.-66б.

3.      Геометрия 8-сынып Ә.Н. Шыныбеков Алматы «Атамұра» 2011.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.