Без рубрики

«Балапан торғай» Б. Соқпақбаев

Қызылорда облысы. Байқоңыр қаласы.

Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

К. Э. Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі Куандыкова Айгул Ескараевна

 

 Сабақтың тақырыбы: «Балапан торғай» Б. Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтінді түсініп оқуға үйрету. Қамқорлықтың не екендігін түсіндіру, әңгіменің мазмұнын ашу.

Дамытушылық мақсаты: ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды ойлануға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу, өз пікірін еркін айтуға үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: балаларды жақсы қасиетерге тәрбилеу, әрқашан мейірімділікке, зеректікке, кішіпейілді болуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, болжау, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері: Б. Соқпақбаев портреті, ватман қағаз, суреттер. Техникалық құрал: Интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

О. Асқаров «Наурыз» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Топтық шығармашылық тапсырманы сұрау.

1-топ.Наурызкөжені қалай дайындайды?

2-топ. Ұлы күнге арнап 1 шумақ өлең құрастыру.

3-топ. Наурыз мерекесіне эссе жазу.

Үй тапсырмасын бекіту кезеңі.

Наурыз қай елдің сөзі?

«Наурыз» қандай ұғымды білдіреді?

Наурыз мерекесінде адамдар қандай көңіл күйде болу керек?

Наурыз күні табиғатқа пайдалы қандай іс істеу керек? -Ағаш отырғызып, құстарға ұя жасау керек.

Жаңа сабаққа кіріспе:

Бердібек Соқпақбаев (1924-1992.ж.ж.) Алматы облысы, Нарынқол ауданында туылған. Ол атақты балалар жазушысы «Жұлдыз», «Балдырған» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды. «Бұлақ» өлеңдер жинағы, «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Гауһар» повестерін тағы басқа шығармалар жазды. «Менің атым Қожа» кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап желісі бойынша түсірген киносы экранға шығарды. Ол фильмді сүйіп көрмейтін қазақ баласы жоқ.

Дәптерге күн ретін жазу. Мәтін тақырыбын жазу.

Итермелеу сатысы.

«Балапан торғай» мәтіні не туралы болмақ? Көрнекілік бойынша балаларға мінездеме берейік.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтін жеңіл әрі қызық. Ішіндегі барлық сөздер бізге таныс. Әр топ белгіленген жерге дейін ғана оқу. Мәтінді 3 топқа бөліп оқыту. Өз топтарында түсінгендерін ортаға салу. Толық дайын болған соң әр топтан 1 оқушыдан тақтаға шығарып мәтінге түсінік айту.

1.Мәтіндегі кейіпкерлері кімдер?

2.Торғай неден шошып кетті?

3. Балапанның аман қалуына кім себепші болды?

4. Қай кейіпкердің әрекеті дұрыс? Неге?

5. Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

Сергіту сәті.

Сабақты қорытындылау.

Қарама – қайшылықты табу” әдісі

Қожа

Жантас

Ақылды

Қайырымды

Мейірімді

Тентек

Әккі

Сотқар

Топтық шығармашылық тапсырма.

1-топ. “Рафт” әдісі бойынша торғай рөлінде сөйлеу.

2-топ. Жағымсыз кейіпкерге хат жазу.

3-топ. Мәтінді әрі қарай жалғастырып көріңдер.

Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу.

1-топ. Жағымды кейіпкерге хат жазу.

2-топ. Неліктен құстарға қамқорлық жасау керек?

3-топ. Құстарға арнап 1 шумақ өлең құрастыру.

Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.