Без рубрики

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері

Бердембаева Ақмарал Сисенқызы
Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы
Құрман орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері

      Оқыту, білім беру тәжірибесі педегогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Еліміздің саяси әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру.

Қазіргі қоғам ақпараттық технологиярының ұдайы дамыған тәсілдерімен ерекшелінеді. Қоғамды ақпараттандыру процесі білімнің мазмұны мен мақсатына елеулі ықпалын тигізеді және ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін қолдану саласында оқушыларды кәсіби дайындауда жаңа талаптарды қажет етеді.

Қазіргі кезде оқу процесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды арттырудың мәні көптеген факторлармен айқындалады.

—         білім беру саласында арнайы пәндерді интеграциялау;

—         оқу материалының көлемін арттыруға және оны талдап қорыту қажеттілігіне саятын оқушылардың білімін кеңейту.

—         Оқу процесіне болашақ технологияларды, сонымен қатар қазіргі телекоммуникациялық және есептеу құралдарын енгізу.

Осылайша,  білім берудегі ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық әрекетін басқаруды оңтайландыруға қатысты жоғары кәсіби білім жүйесіндегі өзгерістерге үн қосады.

Ақпараттық қоғамды  қалыптастыру процесі білім мазмұнын анықтайтын білім сапасының кең ауқымды мақсаттарына әсерін тигізеді, ал білім мазмұнын өзгерту оқушыға әсер ету тәсілдері мен формаларын, оқыту мақсатын, мәселелерін, мазмұндарын, құралдарын да өзгерту керек екендігін  анықтайды. Осылардың бәрі білім жүйесінің ауқымды мақсаттарын жүзеге асыру жолымен ақпараттық қоғамды қалыптастырудың қажетті шарттары болып табылады.

ХХІ – ғасыр ақпараттық  қоғамда  және  өндірістің  дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған  байланысты адамдар ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты  таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.

Білім  беру  жүйесіндегі жаңа  ақпараттық  технология  дегеніміз – оқу  және оқу — әдістемелік  материалдар  жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары  мен әдістері  деп анықтама беруге болады.

Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болады және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрлысында өзгеріс болады.

Оқушы  компьютермен  жұмыс  барысында  мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдары оқу және есептерді шығаруда) және бақылау жұмысында (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру – педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.

Компьютерлік  сауаттылықты және ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді.

Компьютер  адам  іс-әрекеттерінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады.

Жаңа  ақпараттық  технология  көмегімен  орындалатын  қызмет  өзінің  кез-келген нақты формасында ризашылығын көрсетеді, тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына  зор  көңілмен  қарай  бастайды.

Компьютерді оқу үрдісінде пайдаланудың мынадай жетістіктерін атауға болады:

  1. Оқушылардың  жеке  дара жұмыс жасауын ұйымдастыруда. Ол үшін әрбір оқушының өзіне тән ерекшеліктерін (ойлауын, қабылдауын, жұмыс жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелеме тапсырмалар құруға болады;
  2. Денсаулығынан кемшілік бар балалар үшін (нашар еститін, көретін, сөйлейтін) оқытудың тиімділігі арттыруға болады;
  3. Оқушыда еркіндік позициясы орын алады, яғни оқушының жұрт алдындағы  жасқаншақтық  әдеті  ескеріледі;
  4. Оқушының жауапкершілігін арттырады, себебі, компьютердегі әр тапсырма  өзіне  ғана  арналғандығын сезінеді;
  5. Оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы  артады.

Мектеп  сатысынан-ақ  жаңа  ақпаратты  технологияны  меңгеруіне  болады. Ол үшін оның қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияны компьютерлік құралдары қолданыла бастаса, яғни күнделікті қарым – қатынас құралы ретінде, ойын барысында, күшті еңбек кезінде, конструктрлеу  және  тағы басқа  өнімді  шығармашылық  жұмыстарында. Бұлар өз кезеңінде ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасауды талап етеді және ол баланың іс-әрекетінің интеллектуалды  құрылысымен сәйкес келуі керек.

Қазіргі  кездегі  ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және  терең  біліммен іскерліктің болуын, олардың  шығармашылықпен жұмыс  істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Информатика пәнін оқыту үрдісінің  негізгі мақсаты – арнайы  педагогикалық  әдістермен  мақсатты жүйелі пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми  көзқарасы  мен  белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім  алу дағдыларын  дамыту  болып  табылады.

Оқушылардың  өз  бетімен  жұмысын  қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекеленген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар әдеттегіше оқыту барысында алдымен білім алады, ал сонан соң оны қолдану әрі қарай шығармашылыққа үйретеді. Оқытушы өзінің жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқушының пәнді оқудағы мақсатын зерттеп, соны басшылыққа ала отырып жасайды.

Жаңа информациялық технологиялардың өте шапшаң дамуына байланысты,  «Информатика» жалпы орта білім берудегі негізгі пәндердің біріне айналды. Бұл пәнді оқытудағы басты мақсат – оқушыларға ақпаратты жеткізу, өңдеу және қолдану процестері туралы білім беру, оқу үрдісінде компьютерлік  технологияны  өзіндік  даму  мен  оны  іске асыру құралы ретінде пайдалану.

Қазіргі  кезде  оқушының  алған  білімі  мен  іс – әрекет  түрлерін  іс жүзінде  пайдалана  алатындай  дәрежеге  жеткізудің  үлкен  маңызы  бар.

Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін стандартты программаларының  бірі – Рaint  графикалық  редакторы.

Рaint  графикалық  редакторы  әртүрлі  объектілерді  салуға  мүмкіндік береді  және оның түрлі түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл  редактор фондық  негізгі түспен  және оның үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді. Кескіндерді біріктіріп, түстерді араластырып, әртүрлі  қосымша  визуалдық  әсерлер  енгізуге  арналған.

Осы редактормен жұмыс істеу барысында халықтық педагогика элементтерін енгізу мақсатында оқушыларға қазақ халқының тұрмыста үй жиһаздарына пайдаланатын заттардың,  ұлттық киімдердің суреттерін салғызуға болады.

Сабақ – мұғалімнің  шығармашылық  еңбегінің  нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі, ұйымдастыру қабілетінде, яғни шеберлігіне байланысты. Ұстаздың  шығармашылық  жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады: сабақ  жоспарын  құру, оны өту туралы әдістеме, озық тәжірибелерді пайдалану, оқушылардың білім дәрежелері мен қабілеттерін ескере отырып, көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар дайындау, техникалық  құралдары  пайдалану.

Осыларды  ойластыра  келе  оқу  материалын  жоспарға лайықтап өту қолға алынады. Жаңа сабақты өту барысында есте сақтау қабілеттерін жетілдірумен қатар, көрнекіліктерімен техникалық құралдарды пайдаланып оқушыларға  тәжірибелерді  көрсету  арқылы  әсер  қалдыруға көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ  оқушылардың жас  ерекшелігіне,  психологиясына,  отбасының ахуалына қарайлаған дұрыс. Педагогикалық барлық талаптарды біріктіре отырып,  оқушылардың оқу материалын теориялық тұрғыдан терең білуіне және баяндауына, есепті талдай білуіне, пәнаралық байланыс пен тәрбие мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлген  жағдайда  ғана  сабақ  жоғары деңгейде өтеді.

Информатика сабағында халық педагогикасын ұлттық дәстүрмен сабақтастыра отырып оқыту дамыта  оқытудың  бірден-бір діңгегі деуге болады. Ұлттық дәстүр элементтерін дамыта оқыту технологиясында пайдалану  оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс жасауына себебін тигізеді, оқу үрдісін жандандырып, жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруіне  мүмкіндік  береді.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  барысында ойын, бәйге  сабақтарын  ұйымдастыруға  болады.

Ұлттық дәстүр элементтерін пайдаланып, сабақты түрлендіріп өткізу оқушыларға ерекше әсер қалдырары сөзсіз.

Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру — әр сабақтағы  олардың өзіндік оқу еңбектерінің ара салмақтарын арттыру. Сондықтан оқушылардың  сабақ  үстіндегі  белсенділіктерін арттыру мақсатында жұмыстар  сабақтың  алғашқы  минуттарынан — ақ  ойластырылуы  керек.

Қазіргі заман — ақпараттық технологиялар заманы: қоғамымыздың барлық саласында дерлік  ғылыми — техникалық прогрестің жетістіктері кеңінен енгізіліп, пайдаланылып жатыр. Білім жүйесі де қоғамдағы жаңашыл бетбұрыстардан тыс калмай, оң өзгерістердің барлығын дерлік мақсатына сәйкес, қажетіне карай қолданып келеді. Білім жүйесіне оқытудың жаңа инновациялық технологиялары енгізіліп отыр. Білім беру жүйесі қоғамды қалыптастырып дамытатын, өзгерістер енгізетін ресурстарды дайындаумен айналысады, сондықтан үнемі жетілдіріліп отыруы тиіс. Бұл ретте елімізде көптеген іс-шаралардың колға алынғанына өзіміз де куә болып жүрміз. Мәселен, өткен оқу жылының басында Елбасы Н.Ә.Назарбаев­пен өткізілген интерактивті сабақ бұған бірден­-бір дәлел бола алады.

Ақпараттың негізгі көзі — баспа материалдары және бүкіләлемдіқ компьютерлік  ақпараттық желі — Интернет болып табылады. Ғылыми ақпаратты жинауды ұйымдастыруға қатысты сұрақтардың шешілуі үшін жоғарғы оқу орнының  локальді  желісі  арқылы  және оқу ақпараттық орталардың  құралдары  арқылы  глобальді  желіге  қатысты  жасай  алуы қажет.

Егер білім беру саласында ақпараттық және телеқатынастық технологияларды  тиімді пайдалана білсек, онда  оқушылардың  білім  сапасын арттырып, ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті нәтижеге жетеріміз  сөзсіз.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Е.Қ. Балапанов, І.Мадияров. «Жаңа ақпараттық технологиялар», 2001 ж.
  2. Г.С.Қабылова, Б.Б.Бөрібаев, С.Т. Мұхамбетжанова.

«Ақпараттық мәдениет негіздері». Әдістемелік нұсқау. «Аруна», 2005 ж.

  1. Н.Берікұлы. «Педагогика».
  2. Кубенова Ш.И. Асанбай Б.З. байрахметов Г.Р.  Информатика . әдістемелік құрал. 5 класс Ақтөбе 2008 ж
  3. С.Т.Мұхамбетжанова. «Мектеп информатикасын оқыту әдістемесі»

(7-11 сынып материалдары негізінде), 2006 ж.

  1. С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова.

«Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Алматы – «Атамұра», 2002 ж.

  1. «Білім» журналы. № 2,7. 2008 ж.
  2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халқына жолдауы. Астана: Елорда, 2006 жыл – 44 бет.
  3. Н.Ә.Назарбаев. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Халқына жолдауы. – Астана: Елорда. 2004 жыл 19 наурыз.
  4.  Информатика негіздері журналы №3,мамыр. Нұрашов Х., Бүркіт Ә.,Бүркіт Н., Әжібеков Қ., Асан Е. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану әдістемесі.
  5. Информатика негіздері журналы №1, қаңтар  Шарипова А Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.