Жаңа сабақтар

“ XXI ғасыр көшбасшысы ” зияткерлік сайысы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы №34 орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі Бейсенбекова Лайлим Калиевна

XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы

Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»  сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

 

Сайыс  кезеңдері:                     1. “Бәйге” сайысы.

                                              2. “Тіл- өнер” сайысы.

                                              3. “Жеті жұмбақ” сайысы.

                                              4. “Жорға” сайысы.

 

I тур «Бәйге» сайысы

     Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

     Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

     Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

     Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

/10 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады,  әр сұраққа 10 балл беріледі/

1-бөлімнің соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

  1. Ақпараттың өлшем бірлігі.         (Бит, байт)
  2. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (Файл)

  3. Мәліметтерді енгізу пернесі, ең басты перне.       (Enter)

  4. Сурет салуға арналған программа. (Графиктік редактор)

  5. Он алтылық жүйедегі А саны ондық жүйеде нешеге тең.     (10)

  6. Пікір дегеніміз не?    Ақиқат немесе жалған болатын пайымдау.

  7. Екілік санау жүйесінде 1+1 нешеге тең?        10

  8. Ақпаратты өңдеу құрылғысы.          (Процессор)

  9. Екілік санау жүйесінің сандары?       (0 мен 1)

  10. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы.       (Монитор)

Бәйге кезеңін қорытындылап, алда келе жатқан оқушыны атап өту.

 

II тур «Тіл өнер» сайысы

Келді кезек «Тіл өнерді» шешуге,

Жауаптарын күштілердің естуге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

30 ұпай шәкірт саған несібе.

Бұл турда сұрақтың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бересіздер. Қазақша, орысша жауабын дұрыс берсеңдер 20 ұпай, барлық тілде жауабын дұрыс берсеңдер 30 ұпай аласыздар.

  1. Сұр түсті,  кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы?

                            (Тышқан, Мышка, Mouse)

  1. Windows  ОЖ – жүктелгеннен  кейін экранда пайда болатын бастапқы терезе.

                            (Жұмыс столы, Рабочий стол, Desktop)

  1. Символдарды  өшіруге арналған перне?

                            ( Өшіру пернесі, Клавиша удаление, Delete)

  1. «Пуск» кнопкасы орналасқан арнайы жолақша?

( Есептер панелі, Панель задач, Maskbar)

  1. Компьютерде ақпаратты сақтау үшін арналған арнайы құрылғы?

( Жады, Память, Memory)

  1. Құжаттың  сақтау командасы.

                            (Сақтау, Сохранить, Save)

  1. Кез келген обьектіні ашқанда ашылатын экрандағы  төртбұрышты аймақ?

(Терезе, Окно, Window)

  1. Бізді қоршап жатқан дүние туралы және онда жүріп жатқан процесстер туралы хабарлар мен мағлұматтар?

(Ақпарат, Информация, Information)

Осы кезеңді қорытындылап ұпайы аз оқушымен қоштасамыз. Оған ойынға қатысқанына рахмет айтып, алда сәттілік тілеп ескерткіш сыйлығын тапсырамыз.

 

III тур. «Жеті жұмбақ» сайысы

Компьютерді бар жағынан білген жақсы дегендей 7-8 кластарда өткен барлық тақырыптар бойынша білімдеріңді тексеретін “Жеті жұмбақ” сайысын бастаймыз.

Бұл сайыста торкөздердегі сандарды таңдайды, сол сандардың астында тақырыптар көрсетілген. Сол тақырып бойынша сұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап берсең сол  санда көрсетілген ұпайды аласыздар.

20 (Ақпарат)  Компьютерде өңделетін ақпарат қандай тілде беріледі? 

20 (Есептеуіш техникасының даму тарихы)  Ең алғашқы есептеу құралы?

20 (Компьютер құрылғылары)  Компьютердің барлық жұмысын атқаратын құрылғы?  

30      PAINT Палитраның қызметі қандай?                                

30 Санау жүйелері Санау жүйесі қандай екі топқа бөлінеді?

30 Логика Логикалық операцияларды ата?

40 WORD мәтіндік редакторы WORD мәтіндік редакторының терезе элементерін ата?

40 Арнайы сұрақ

40 WINDOWS операциялық жүйесі Жаңа қапшықты қалай құрамыз?                

Осы кезеңді қорытындылап ұпайы аз оқушымен қоштасамыз. Оған ойынға қатысқанына рахмет айтып, алда сәттілік тілеп ескерткіш сыйлығын тапсырамыз.

 

IV тур. «Жорға» сайысы

Ең қиыны жарыстың жорға келді

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді,

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Бұл кезеңде қалған 2 ойыншы 1 минутта сұрақтарға жауап беру керек. Сұраққа жауап беруді ұпайы аз оқушы бастайды.

  1. 1.     Ең  алғашқы, есептеу  құралы?      Есепшот
  2. 2.     Компьютердің  миы                       Процессор
  3. Ақпаратты  енгізу  құрылғысы?         Пернетақта
  4. 4.     Ең  негізгі  перне       Enter
  5. Тышқанның  оң  жағын  басқанда  ашылатын  меню   Жанама меню
  6. 6.     Пуск кнопкасын басқанда ашылатын меню. Басты меню
  7. Тышқанның ең негізгі кнопкасы  Сол жақ
  1. Компьютер қасына қойылатын өсімдік.  Кактус
  2. Монитор  экранымен  көздің  арасындағы  ара  қашықтық    60-70см

  3. Ақпараттың  ең  кіші өлшем  бірлігі?       Бит

  4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы        Принтер

  5. Сурет салуға арналған редактор?        PAINТ редакторы

  6. Құжатты қағазға басып шығару командасы   Файл- Печать

  7. Мәтіндік редакторда кесте құру командасы? Таблица- Добавить таблицу

  8. Айналдырма жолағының ішіндегі төртбұрыш  Сырғытпа

  9. 1 байтта қанша  бит  бар?       8 бит

  10. Қағаздағы кескінді монитор экранына шығаратын құрылғы?      Сканер

  11. Сегіздік санау жүйесінде 8 саны бола ма?    Жоқ

  12. Қандай ОЖ-ді білесің?       Windows95/98, MsDos

  13. 7 екілік жүйеде қандай сан            111

 

Ойынның қортындысын шығару үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Ойынның жеңімпазын анықтау.

“ XXI ғасыр көшбасшысы ” зияткерлік сайысы: 0 комментариев

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.