Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы №34 орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі Бейсенбекова Лайлим Калиевна
Сабақтың тақырыбы: Модульдер. Экранды TURBO PASCAL-дың текстік және графикалық режимінде басқару.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Модульдер. Экранды TURBO PASCAL-дың текстік және графикалық режимінде басқару тақырыбын тереңірек түсіндіру. Паскаль тілінде операторлардың түрлерімен, графикалық режимде тіктөртбұрыш, доға, шеңбер арқылы сурет салу әдістері туралы оқушыларға білім беру.
Дамытушылық: Паскаль тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға жаңа сабақты бере отырып ұқыптылыққа,сабаққа немқұрайлы қарамауға өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі.
Сабақ типі: Көрсетіп – түсіндіру.
Көрнекілік: Кесте, таратпа қағаздар, ДК
Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі, қазақ тілі,орыс тілі
Қолданылған әдебиет: «Информатика» 9– сынып. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадирова «Информатика» 9-сынып оқулығы Н.Т. Ермеков, В.А. Криворучко, Л.Н.Кафтункина.
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
- Үй тапсырмасын сұрау ( 10 мин)
- III. Жаңа сабақты түсіндіру (18мин)
IV. Жаңа сабақты бекіту ( 10мин)
- Қорытынды.
а) Бағалау (3 мин)
в) Үйге тапсырма беру (2 мин)
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау.
Алдыңғы өткен тақырыптарды сұрақ – жауап арқылы тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Процедураларсыз күрделі программалар құруға болмайды. Pascal-дағы ірірек бірліктер бұл – көптеген процедуралары мен функциялары бар программалық модульдер. Модульдер – тәуелсіз программалар. Модульді программаға қосу үшін оның атын көрсету (нұсқау) жеткілікті:
USES модуль аты
Компьютермен текстік және графикалық режимде жұмыс істеу үшін сәйкес стандартты кітапханалық модульдерді қосу қажет:
USES crt
USES graph
Графикамен жұмыс жасаудың алдында монитордың ең келісімді бейнережимін орнату керек. driver:=detect командасы detect стандартты костантаның көмегімен драйвердің типін анықтайды. Graph модулінің InitGraph процедурасы драйвердің типін орналасуын және оның жұмысы режимін (шешілуін, палитра типін) көрсете отырып, графикалық режимді ынталандырады:
Initgraph (driver, mode,‘C:TP7bgi’);
Сурет салу және тексті шығару үшін қажет Graph және Crt модульдерінің процедуралары мен функцияларының сипаттамасын келтірейік:
Текст түрлері С (Text Color)
Түстің номері |
Түстің аты |
Тұрақты |
0 |
Қара |
Black |
1 |
Көк |
Blue |
2 |
Жасыл |
Green |
3 |
Көгілдір |
Cyan |
4 |
Қызыл |
Red |
5 |
Күлгін |
Magenta |
6 |
Қоңыр |
Brown |
7 |
Ақ |
LightGray |
8 |
Сұр |
DarkGray |
9 |
Көгілдір көк |
Light Blue |
10 |
Ашық көгілдір |
Light Green |
11 |
Ашық жұпаргүл түсті |
Light Cyan |
12 |
Ашық қызыл (алқызыл) |
Light Red |
13 |
Ашық күлгін |
Light Magenta |
14 |
Сары |
Yellow |
15 |
Ақ, ашық ақ |
White |
Графикалық бағдарламалау процедуралары.Модуль Graph
Графикалық элемент |
Паскальда жазылуы |
Нүкте | PutPixel(x,y,t) |
Кесінді | Line (x1,y1,x2,y2) |
Сызық | LineTo(x,y) |
Тік төртбұрыш | Rectangle (x1,y1,x2,y2) |
Боялған төртбұрыш | Bar(x1,y1,x2,y2) |
Шеңбер | Circle(x,y,r) |
Эллипс | Ellipse(x,y,b,s,rx,ry) |
Боялған Эллипс | Fillellipse (x,y,r1,r2) |
Доға | Arc(x,y,b,s,r) |
Сектор | Sector (x,y,b,s,rx,ry) |
Сызықтың түсі | SetColor(t) |
Фон түсі | SetBkColor |
Сызықтың түсі | SetLine (tp, 0, te) |
Бояудың түсі | SetFillStyle(t1,t2) |
Модуль Crt
GotoXY (x,y) | Меңзерді экранда х,у қажетті жерге апару |
Delay(d) | Программаның жұмысын d миллисекунд кідіріс жасайды. |
Sound(F) | Жилігі F дыбыстық генераторды қосу |
NoSound | Жилігі F дыбыстық генераторды өшіру |
TextColor () | Символдың түсі |
Window(x1,y1,x2,y2) | Текстік терезені анықтау |
TextBaskGround(n) | Текстің фонының түсін анықтайды. |
ClsScr | Экранды түгел тазартады. |
KeyPressed | Пернетақтаның пернесі басыла ма, соны анықтайды (нәтижесі true false) |
ClearDevice | Экранды тазалау және фон үсімен бояу |
CloseGraph | Графикалық режимдегі жұмысты аяқтау |
Х х
x1,y1
PutPixel(x,y,)
Line (x1,y1,x2,y2)
x2,y2
У у
х х
r
Bar(x1,y1,x2,y2) Circle(x,y,r)
у
у
х х
х,у
x1,y1
rx
Ellipse(x,y,0,270,rx,ry)
ry
x2,y2
Rectangle (x1,y1,x2,y2)
у
х
90
0
Arc(x,y,0,,90)
у
- IV. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты түсінгендеріңізге байланысты тапсырмалар орындаймыз.
Практикалық тапсырма
program _ui;
uses graph;
var driver, mode: integer;
begin
driver:=detect;initgraph(driver,mode,’c:tp7bgi’);
setbkcolor(1);setcolor(6);
rectangle(100,200,300,400);
line(100,200,200,100); line(200,100,300,200);
setfillstyle(9,4); fillellipse(200,150,30,20);
setfillstyle(2,13) bar(200,300,250,400);
setcolor(4);settextstyle(4,0,3);outtextXY(100-0,200-5,’menin yuim’);
readln; cleardevice;
closegraph;
end.
- V. Қорытынды.
— Үйге мына суретті салып және оның программасын құрып келесіздер.
— Үй жұмысының бағасымен бірге сабаққа белсенеді қатысқан балаларға да бағалаймын.