Қазақ тілі

Қыс

Ақтөбе қаласы "Сымбат" жеке мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
еңбек өтілі 20жыл,жоғары санатты ұстаз.
Утежанова Риза  Максимовна

2 «Б»класс. Қазақ тілі

Уақыты 02.12.2011ж.

Сабақ тақырыбы: Қыс

Сабақ түрі : Жаңа сабақ. Модуль бойынша кіріспе сабақ.

Оқушы нені білуі тиіс:1.Жыл мезгілі- қыс туралы жалпы түсініктерді меңгеріп, сөз тіркестерін құрай білу;

2.Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіну және оларды атай білу.

Оқушы нені игеруі қажет:

1.Қыс мезгіліне байланысты сөздерді дұрыс оқуды, айтуды меңгеру.

Сабақтың мақсаты:

Білмділігі: Қыс мезгіліне байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрету;

Тәрбиелік: Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, балаларды көркемдікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: Диалог құра білу қабілетін дамыту.

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың көңіл – күйін байқау;

ә)Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау;

б)Оқушылардың көзқарасын сабаққа аудару.

Балалар, өткен модульде Отан қала,ауыл туралы өттік.

Біздің Отанымыз –қай ел?

Сенің туған жерің?

Сенің туған қалаң қалай аталады?

Ән “Туған жер”

Енді далаға қарайықшы? Күн қандай? Жерде не бар?Күн суық. Жерде қар бар.

2.Жаңа сабақ

Күннің жадын жазу.

Қыс.

 

1)Сөздік жұмысы

  • қыс-зима

  • қыс айлары-зимние месяцы

  • аққала жасау—лепить снеговик

  • аяз-мороз

  • шана-сани

  • шаңғы тебу—кататься наа лыжах

  • ызғарлы-пронизывающий

  • жел-ветер

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: (мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар бірігіп дауыстап мұғалімнен кейін қайталайды, тізбектеп оқиды.)

Сөз тіркестерін құрастыру.

2) Тілдесім. Сурет бойынша жұмыс. (Оқулықта 53-бет, 1-тапсырма)

Қай жыл мезгілі?

Күн қандай? Қар қандай?

Балалар не істеді?

Әсет қардан не жасады?

3) Тыңдалым.
“Мені түсін”ойыны
5
түйін сөз

4) Оқылым.

Қыс

Қыс түсті. Қыс айлары- желтоқсан,қаңтар,ақпан. Қыс желтоқсан айынан басталады. Қыста күн суытады. Суық жел соғады. Қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киінеді. Балалар коньки тебеді, шаңғымен сырғанайды, аққала жасайды

 

5) Сергіту сәті.

Балалар, біздің сабағымызға Аяз ата мен Ақшақар да келе жатыр.олардың сендерге қызық тапсырмалары бар. Бәріміз қатысып орындаймыз!

 

6) Айтылым.

Әрі оқу –әрі ойын

 

Город – қала

Санки — ….

Иди — бар

Снег — …

Соль-тұз,

Лед — …

7) Жазылым.

Сөздерге тиісті жалғауларды жалғаңдар.

-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің

Бала…, қыс…, шана…, аяз.

-ға,-ге,-қа,-ке

Қала…, күн…, киім…, суық…

-ты, -ті, -ды, -ді, -ны, -ні

Қар.., шаңғы, аққала…, мұз

8)«Аққала жасаймыз» тапсырмасы.

Балалар кеспе қағаздарда жазылған тапсырманы орындап, тақтаға аққала құрастырады.

1.Жаңылтпашты оқы. Қыс түсті, қыс түсті,

Құс ұшты, құс ұшты.

2.Қар қандай болады?

Қар ақ, әдемі, аппақ болады.

3.Қыс сөзімен сөйлем құр.

4. Өлеңді оқы. Аяз қысып, Өрнек сызып, Терезені торлайды.

Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?

 

9)«Аққаланың тапсырмалары»:№1-8 сұраққа жауап алу.

10)Суреттердің атауларын дұрыс тауып, сөйлемдерді жаз.

 

1. жауды.

2.Саятта ……. бар.

3. Еркінде …… бар.
 

4. Балалар қардан ….. жасады.

11)Сөзжұмбақ шешу

 

Үй тапсырмасы

54-бет. Сөздік
“Қыс”тақырыбына сурет сал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жаңылтпашты оқы

Қыс түсті, қыс түсті,

Құс ұшты, құс ұшты.

 

 

 

2.Қар қандай болады?

 

 

 

 

 

3.Қыс сөзімен сөйлем құр.

 

 

 

 

4. Өлеңді оқы.

Аяз қысып,

Өрнек сызып, Терезені торлайды.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.