Без рубрики

Қазақстанда толеранттылықты қалыптастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі

Атырау қаласы
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Нажмеденов Олжас Мүтәуұлы
Тарих және құқықтану пәні оқытушысы
Атырау мемлекеттік университетінің магистранты

Қазақстанда толеранттылықты қалыптастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де жиырма жылдың жүзінен асып отыр.Осындай жауапты да қуанышты кезде кемеңгер Елбасымыз туралы ой бөліскелі отырмыз.

Қазақстан тәуелсіздігін алған бұрынғы кеңестік елдер арасында ғана қарыштап қана койған жоқ, сондай-ақ әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер санатына қосылып та үлгерді. Халқымыздың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалын елбасымыз жиі айтады, өйткені біздің ортақ Отанымыз-Қазақстанның қазіргі қарыштап дамып отырғаны елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымақтығы мен бірлігінің арқасы.Сонымен қатар, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың, халықаралық және конфесияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасаудың да тигізген ықпалы зор болғанын атап көрсеткеніміз жөн.Осындай ірі әрі күрделі міндеттерді шешіп, жолға қоюда көп этносты, бірнеше дінді Қазақстан Халықтарының бірлігі мен ынтымақтығын сақтап, оны одан әрі дамыта түсуге өлшеусіз күш-жігер жұмсаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі зор.

Бұл күндері әлемнің бір қатар аймақтарында үлкенді-кішілі қақтығыстар жарияланған және жарияланған соғыстар қылаң беріп, бейбіт жандардың нақақ қандары төгілуде.Бұған көбіне-көп түсініспеушілік және кешірімділік жетіспеуі, сондай-ақ діндердің де әркелкілігі себеп болуда.Бұлар үшін Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бері өз ара ауызбірлік пен ынтымақта тату-тәтті өмір сүріп келе жатқаны үлгі. Ал осы жетістіктердің

барлығы тек қана елімізде жеке дара сарабдал саясат жүргізіп отырған көшбасшымыз Н.Ә.Назаобаевтың ерен еңбегінің нәтижесі.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде көптеген саяси реформалар жүрді.Олардың нақты нәтижесі көрінеді.

Толеранттылық бұл- сыйластық, төзімділік.Сонымен қатар келісім табу, кісілік, ізгілік, ымыраластық, байсалдылық деген мағына да қамтиды.Ал жарасымдылық табу- толеранттылықтың негізі.Қазіргі таңда толераттылықтың барлық талаптарына сай мемлекеттер көп емес. Әр түрлі идеологиялық ағымдар мен мінез-құлықтар, мәдениеттер мен ұлт өкілдеріне сыйластық танытып,қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру бүгін әлеуметтік және рухани дамудың маңызы шартына айналды.Әуелі тоталитаризм жүйесінен, бодандықтан құтылсақ, мәселе өзімен-өзі бола қалатындай көрінеді.Ел халқы, қай этносқа жатқанына қарамай, болашағымызға сенді. Бұл жерде өмір бойы төзімділікке тәрбиеленген қазақ халқының топтастырушылық рөлін, оның адал ниетіне қарай басқа этностардың Қазақстанды екінші Отаным деп санауда құлықтылығының, елдің экономикалық жедел дамуын, Елбасы Н.Ә,Назарбаев жүргізіп отырған көреген саясатты атап өткен жөн.Елдің басын қоса білдік, дау-жанжалдардың алдын алдық, жинақы болдық.шекарамызды айқындап 7591 шақырымға созылып жатқан шекарамызды бекіттік.Ішкі қауіпсіздігімізді, әскерімізді жасақтадық.Экономикаға инвестиция тарттық, еліміздің заңдылық негізін қаладық. Әлеуметтік бағытты да айқындадық.Мүгедектер.көп балалы аналар,зейнеткер, барлық әлжуаз топтар мемлекеттің қорғауында.Сөз жоқ, халық төзімділік танытты, көргендігін паш етті.Елбасы олардың алдында әр уақытта басын иеді.Жақсылықтың бәрін үйіп-төгіп жасап тастай қоймады деу орынсыз делінеді.осындай пікірлерді жалғастыра беруге болар, дегенмен, басым көпшілік еліміздің ертеңіне сенімді.Ал сенім-үлкен күш.

Елбасы өз жолдауына «Біз барлық діндердің тең құқығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз, біз исламның басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып,осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз» — деп атап өткен болатын. Қазіргі жағдайда діннің рөлі артып отырған кезеңде бұл ұстанымның зор маңызы бар.Дін біріктірудің интерграциялық үрдістердің күшті факторы бола алады.Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен қағидаттарды, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз.Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие. Қазақтар көне заманнан бері саналуан мәдениеттермен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік буддизм,христиандық және ислам сияқты әр түрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрді. Яғни толеранттылықпен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған.Сондықтан елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай «Бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат.Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын құдайдың сөзіне деген ашықтық. Бұл-Қазақстанның конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі.Біз әлемге өзіміздің толеранттыоығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан әрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс»- деген болатын.

Қазақстанда демократия мен толераттылыққа тағы бір дәләліміз осыған дейін астанада өткен әлемдік дәстүрлі діндер басшылыларының бір емес бірнеше рет өткен құрылтайы.Бұл құрылтайлардың басты мақсаты әлемдік және дәстүрлі діндердің бүкіл адамзатқа ортақ бағытын іздестіру болатын.Әлем мұны аса ірі тарихи оқиға ретінде танып, орынды бағалады.Бұл арқылы Қазақстан бейбіт сүйгіш , ішкі және сыртқы саясаты айқын ел екенін танытты.Мұның бәрі әрине біздің кемеңгер Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасында жүзеге асқан игі істердің бірі болатын.

Қазақстан сияқты көп этникалық және копұлтты елдің қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ұйымдардағы басшылардың оған ерекше мән беріп, қамқорлық жасауға тиіс екені белгілі. Бұл тұрғыдан келсек ұлтаралық мәдени байланыс негізінде қалыптасқан Қазақстан қоғамын жаңарту мен модернизациялау қазақстандық ұлттардың берік те мызғымас достығын көрсететін интеграциялық прогрестің тереңдей түскенін анықтайтын діни қатынастың дамуындағы жаңа белес екені даусыз.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Біз демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндігі ойыңа келгенді істеуге болады деп түсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыру, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы мүмкін екенін мойындауымыз керек»,-деді.

Қазіргі басты мақсат мемлекетімізде өркениетті қоғам құру.Бірақ оны жай сөзбен жүзеге асыру мүмкін емес.Себебі, дінаралық және ұлттарлық келісім барлық ұлт пен ұлыс еркін де ерікті әрекет нәтижесінде дамитын жалпыға ортақ зақды құбылыс.Қазақстан ұлтшылдық пен діни көзқарас негзінде туындайтын алаусыздықты бастан кешпеген бірден-бір ел, мұның өзі біздің отанымыздың көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет арасынан шыққан тұрақтылық пен келісімнің нағыз үлгісі бола алғанын көрсетуде.

Көпұлтты келісім бірте-бірте Қазақстан халқы өмірінің барлық саласына дейін еніп, қоғамды жаңартуға өз ықпалын тигізуде.Бұл құбылыс әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени саладан айқын көрінуде.

Жас мемлекетімізді айналдырған 20 жыл ішінде экономикасы мен саясаты тұрақты, бүкіл әлем таныған Азияның барысына айналдырды.Осындай барлық қиындықтарды ерлік пен ірілік танытқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі саясатын қолдау біздің басты борышымыз деп білемін. Олай болса Елбасымен бірге болашаққа бірге аттанайық.Мен Елбасының болашақта Қазақстан халқын бұдан да зор жетістіктерге жеткізетіндігіне сенемін.

Қазақстанда толеранттылықты қалыптастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі: 1 комментарий

  1. Жарайсың Олжас!!! Абекең екеуміз оқып риза болып отырық!!! Ғылыми жұмыста сәттіліктер тілейміз!!! Қаламың қарымды болсын!!! Осымен шектелме!!!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.