Жаңалықтар

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» апталығы

Атырау қаласы. Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі
Қожрақова Майра Жанекешқызы
Тарих пәні оқытушысы

Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті күніне орай Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» тақырыбында апталық өткізілді.Апталықтың өте жоғары деңгейде өтуіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Унаева Әлия Зинушқызы басшылық жасады,жоспарға сай барлық жұмыстар атқарылды. Колледж оқытушылары және «Нұр Отан» ХДП жетекшілері,қалалық маслихаттың хатшысы,еңбек ардагерлері қатысқан «Елбасы және 20 жылдағы Қазақстан» тақырыбында дөңгелек стол жақсы пікір алмасулармен өткізілді.

Дөңгелек столды колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты,қалалық маслихаттың депутаты Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы жүргізіп отырды. Студенттер арасында «Астана және Президент» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді. Кітапханада бұрыш ұйымдастырылды.Мұнай және газ бөлімі «Жас суретшілер» клубының ұйымдастыруымен «Полотно мира», «Я горжусь тобой-Казахстан!» тақырыбында суреттер байқауы көрсетілді. «Олимпиадағы спортшылар белестері- Елбасы қамқорлығының жетістігі!» тақырыбында шахмат, шашка,тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өтті.

Шахмат жарысы қорытындысы бойынша І орынды Ақпараттық-технология бөлімінің 14.12.11 тобының студенті Екібаев Нұрбек, ІІ орынды Әлеуметтік-гуманитарлық бөлімнің студенті Сариев Асыланбек, ІІІ орынды Мұнай және газ бөлімінің студенті Шаттық Еркін иеленді. Тарих пәні оқытушылары Иманғазы Амангелді Айсаұлы ашық сабақ өткізсе, Нажмеденов Олжас Мүтауұлы «Елбасы бастаған даңқты Қазақстан» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды». Конференцияға студенттер үлкен дайындықпен, үлкен ізденістермен келді.

Тарихшы Ерғалиев Өнербек Асылбекұлы «Жастарға берілген жаңа бағыт, «Жас Отан» ЖҚ ІІ сьезінің қорытындыларын талқылау» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырды.Апталықтың соңы акция,концерттік бағдарлама және «Вместе построим будущее» атты флеш – мобпен аяқталды. Акцияға «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының Атқарушы хатшысы-А.Бопылдықов қатысты.
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.