Қазақ әдебиеті

Мақал-мәтелдер

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз
селосы

Әділова Гүлдана
Кенбай орта мектебі
Сыныбы: 5 сынып.

 

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

а) білімділік: Оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету.Мақал-мәтелдер тіліміздегі сөздің көркі екенін ұқтыру.

б) тәрбиелік: Ана тілін ардақтап, бағалай білуге , сөз қадірін терең ұғуға

тәрбиелеу.

в) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін

дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер

арқылы іздендіру.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау,СТО.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыптық

кестелер, үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

II.Үй тапсырмасын тексеру

1.Наурыз өлеңдері мен салт өлеңдер.

2.Өлеңдерді жатқа айту.

III.Жаңа сабақ.

І Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау:

1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің түрлері?

3.Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

Мақал – мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады.

Мақал-мәтелдер-халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды,көркем әрі бейнелі болады.Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

 

4.Мақал-мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?

 

5.Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні.

II.Мағынаны түсіну.

Оқулықпен жұмыс.

1 .Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. Еңбек түбі-берекет.

3. Нар тәуекел-ер ісі.

4 Ырыс алды-ынтымақ.

5. Өнералды-қызыл тіл.

6. Ұрлық түбі-қорлық.

7.Әке көрген оқ жонар,

 

Шеше көрген тон пішер.

8. Ақылды қария-ағып жатқан дария.

(мағынасын ашу, түсіндіру)

Сөздікпен жұмыс.

1.Зейнет-еңбек рақаты, жемісі, игілік

2.Елгезек-айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.

3.Мұрат-алға қойған мақсат, арман, тілек

4.Тәуекел-бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік , белді бекем буғандық.

5 Батпан-қолақпандай, үп-үлкен.

6.Мысқал-болар-болмас, азғантай, кішкентай.

7.Шөміш-ожау.

Мақал-мәтелдер қосарланып айтылғанымен олардың өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да құрылымы жағынан да байқалады.

 

Салыстыру.

 

МАҚАЛ

 

ҰҚСАСТЫҒЫ

 

МӘТЕЛ

Ой тиянақты, дәлелді,

салыстыру.

Аяқталған сөйлем, екі

бөлімді.

 

Халық ауыз әдебиеті

 

Сөйлем немесе сөз тіркесі, мағына тұспалды, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ.

 

 

 

 

 

 

МАҚАЛ

 

МӘТЕЛ

1.Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер.

2.Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді.

3.Еменнің иілгені – сынғаны.

Әлін білмеген әлек.

Көппен көрген ұлы той.

Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен

 

Кестемен жұмыс

 

р/с

Мақал-мәтелдер Тақырыптары

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

Ердің атын еңбек шығарар.

Өнер алды – қызыл тіл.

Тамшыдан тама-тама дария болар.
Сиырдың сүті тілінде.
Жігітті-жолдасынан таны.
Сабыр – түбі сары алтын.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Ерлік білекте емес, жүректе.

Еңбек

Оқу, білім, өнер

Үнемшілдік

Төрт-түлік мал

Достық, жолдастық туралы

Адамгершілікке, жақсы-жаман туралы
Жақсылыққа үйрету

Ерлік, батырлық туралы

 

Кім көп біледі? ойыны

Мақал- мәтелдердің керекті сөздерін табыңыз?

  1. Отан…да ыстық. (оттан)

  2. Туған жердің……да шипа. (суы)

  3. Елді………біріктіреді. сөз бұзады. (іс)

  4. Ат жақсысын мақта,

Адам…… жақта.(жақсысын)

  1. Адам….. ішінде, (аласы)

Мал …… сыртында (аласы)

  1. Берекені көктен тілеме,

Бірлігі ….. көптен тіле.

  1. Әкенің баласын болма,

Адамның …… баласы бол. (баласы)

  1. Аттан …… озады, (жүйрік)

Атадан…… озады. (бала)

 

Үлестірме қағаздар.

Сұрақтың орнына дұрыс жауабын қойып,мақал-мәтелді аяқта.

1.Күлме кімге?

Келер басыңа.

2.Талаптыға не жауар?

3.Тіл не жарады?

4.Қандай үй базар

5.Жас келсе қайда?

6.Көрдім деген неше сөз,

Көрмедім деген неше сөз.

7. Ашу не?

Ақыл не?

ІІІ. Ой толғаныс.

Сөздікпен жұмыс.

1.Зейнет-еңбек рақаты, жемісі, игілік

2.Елгезек-айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.

3.Мұрат-алға қойған мақсат, арман, тілек

4.Тәуекел-бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік , белді бекем буғандық.

5 Батпан-қолақпандай, үп-үлкен.

6.Мысқал-болар-болмас, азғантай, кішкентай.

7.Шөміш-ожау.

Шығармашылық тапсырма

«Мақал – сөздің мәйегі» шағын шығарма.

Қорытынды.

Бағалау.

Үйге: Мақал-мәтелді жаттау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.