Қазақ тілі

Жай сөйлемнің түрлері (8-сынып)

Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшаның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ильясова Гүлзада Саматқызы

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері (8-сынып)

Сабақтың мақсаты:

1)Жай сөйлемнің сөйлем мүшелерінің қатынасына қарай түрлерін таныту, сөйлем, сөйлемнің құрамы, сөйлем мүшелерінің қатынасына қарай түрлері, жасалу жолдары мен сипаты, стильдік қызметі мәні туралы түсінік беру;

2) тірек сызбалар бойынша жұмыс; талдау жұмыстарын жүргізу;

3) адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кесте, тест

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сыныпты отырғызып, сабаққа дайындықтарын тексеріп қараймын.

2.Бүгінгі сабақтың мақсат-міндетін түсіндіремін.

ІІ Жаңа сабақ

Сөйлем, сөйлемнің түрлері туралы жалпы түсінік беру.

(Түсіндіру кезінде тірек сызбаларды, анықтамаларды қолдану)

1-кесте

Сөйлем

 

Жай сөйлем Құрмалас сөйлем

 

2-кесте

Жай сөйлем

 

Айтылу мақсатына қарай Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай

1.Хабарлы 1.Жақты

2.Сұраулы 2.Жақсыз

3.Лепті 3.Жалаң

4.Бұйрықты 4.Жайылма

5.Болымды

6.Болымсыз

7.Атаулы

 

 

 

 

ІІІ Жаттығу жұмыстары

70-жаттығу

(Көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астың сызыңдар да, олардың қай жақта байланысып тұрғанын айтыңдар)

72-жаттығу

(Берілген сөздерді бастауыш етіп; баяндауышын әр түрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңдар)

 

Тапсырма

Жай сөйлемге 3-4 мысал келтіру.

 

ІV Жаңа сабақты бекіту. Тест тапсырмасы

1.Қандай сөйлемнің құрлысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді?

а)жай

б)құрмалас

в)дұрыс жауабы жоқ

 

2.Жай сөйлем айтылуы мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

а)үш түрге

б)төрт түрге

в)бес түрге

 

3.Жай сөйлемнің сөйлем мүшелерінің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

а)алты түрге

б)жеті түрге

в)сегіз түрге

 

4.Жақты сөйлем дегеніміз не?

а)Бір ғана интонациямен айтылатын, бір ғана ойды білдіретін сөйлем.

б)Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін айтамыз.

в)Бастауышы бар, жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.

 

5.Төмендегі мысалдардың ішінде қайсысы жай сөйлем

а)Қонақтар келді.

б)Бүгін циркке бардық

в)Астана-әдемі қала.

 

V.Үй тапсырмасын беру.

1.Ережені жаттау

2.71-жаттығу

(Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің бастауышын баяндауышы арқылы тауып, жақша ішіне қойып, көшіріп жазыңдар)

 

VI. Оқушыларды бағалау

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.