Қазақ әдебиеті

М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы
Павловка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Төлегенова Бахытгүл Бекентайқызы

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу. Сол арқылы алдын ала берілген тапсырма бойынша Түркістан қаласының тарихы туралы оқушылардың әдеби, тарихи тұрғыдағы өзіндік зерттеу жұмыстарына баға беру. Мағжанның ақындығын Түркістан қаласымен байланыстыра отырып, тарихы туралы жан-жақты мағлұмат беру, ұлттық саланы қалыптастыру.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін поэзияны сүюге баулу, сөз өнерінің құдіреттілігін таныту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамыту: Түркістан тарихына шолу жасай отырып, лирика туралы ұғымын кеңейту. Өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтандыру, өз беттерінше өлең құрастыру дағдыларын үйрету, поэзияға қызығушылыққа, сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Мағжан портреті, ақын лирикасына арналған кесте, тірек-схема, Түркістан кесенесінің макеті, Тайқазан суреті, «Түркістан» өлеңі жазылған таста.

Сабақтың тегі: білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдіс, мәнерлеп оқу, тірек-схема бойынша практикалық жұмыстар (өлеңдерді талдау).

Сабақтың түрі: кірістірілген сабақ, жаңа материалдарды игеру, талдау, ізденіс сабағы, интегративтік аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

Жоспар:

  1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектері.

  2. «Түркістан» өлеңін талдау.

1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектері.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы аты аталмай келген, ақты-қара, қараны-ақ деп түсіндірілген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын?-деп ой саламыз. Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнерден өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп, өлмес сөз қалдырған ақын М.Жұмабаев өзі де қиын қыстау, тауқымет жолын көп кешсе де оның туындыларын уақыт сынына төтеп берерлік бүкіл ұлттық, азаматтық мазмұн тақырыбын, тіл құнарлылығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігі ерекше ақын.

XX ғасырдың бас кезіндегі оқиғалардың бәріне Мағжан куә. Олардың бәрін ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырған. Қай сәтте болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде болады. Оны біз ақын шығармаларынан тереңірек байқай аламыз. Ақынды толғандырған басты мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры, ұлт болашағы. С.Құдаштың мынандай сөзі бар: «М.Жұмабаевты мен өзіндік ерекше табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да». Бұл орайда, оны Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады.

Қазақ поэзиясы философиялық биікке соңына қарай Абай арқылы көтерілсе, XX-шы ғасырдың басында ұлттық әдебиетіміздегі осы Абай шыңына Мағжан да иықтаса қатар қонды. Ақылдың ақыны Абай мен сезімнің жыршысы Мағжан қазақ поэзиясының көгінде қос жұлдыз болып жарқырады.

М.Жұмабаев – әдемдік деңгейге көтерілген ақын. Оны мұндай биікке көтерген – негізінен қазақтың ұлттық поэзиясының нәрлі құнары. Ол өзіне дейінгі қазақ поэзиясын жақсы білген, керегін алған, үздіктерінен үйреніп, оларды әрі қарай дамытқан жаңашыл ақын.

М.Жұмабаев кім, қандай ақын?

Өзінің «Мен кім» деген өлеңінде мынандай жолдарды ұшыратамыз:

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, желмірілсін жер, уайым жоқ,

Көз қырымен күліп қана қарармын.

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би.

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Мағжан Жұмабаев (1893-1918)

Ақын

Зерттеуші

Аудармашы

өлеңдері

Өмір,

Анама,

Сырым

поэмалары

Батыр Баян,

Тоқсанның тобы

 

Педагогика

Бернияз Күлеев

Ақбозат

Большевик баласы

 

 

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек десеңіз, өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.

2. «Түркістан» өлеңіне тоқталу.

Мақсат қою: өлеңнің идеясын ашуға бағыт беретін сұраулар қоямын. Міне, осындай жүрегі елім деп соққан ардақты азамат ақынның бүгін «Түркістан» поэмасын өтеміз.

  1. Түркістан қайда орналасқан? Кім тауып берді? Ол жерде қандай аты әлемге әйгілі ғимарат бар? (бұл тұста карта пайдаланамын)

  2. Поэманы оқымас бұрын түрік пен түркі сөздерінің мәнін ашып алайық.

Түрік – ұлт атауы.

Түркі туыстас туысқан халықтар атауы.

а) Түркі тілдес халықтар тіліне қазақ, қырғыз, балқар, қарачай, жағауыз, өзбек, татар, башқұрт т.б. тілдер жатады.

ә) поэмада жалпы Мағжан шығармашылығында Алаш сөзі жиі кездеседі.

Тілімізде алты Алаштың балалары деген ұғым бар. Ол туралы былай делінген:

Алаш, алаш болғанда

Туырлығымыз кигіз,

Керегеміз ағаш болғанда,

Бәріміз бір анадан туғандай болайық.

Бұдан кейін поэма мәтінінің мазмұнымен танысамыз. Оқып отырып талдаймыз, жоспарлаймыз, шумаққа ат қоямыз және жол бастаушының (гидтің) көмегімен саяхат жасаймыз.

Жоспар: Ата-баба. Туған жер. Ата қоныс.

Тақтаға карта ілінеді, онда Қазақстан деген жазу бар. Жер-су, өзен-көл аттарының бұрынғы көне атауларымен алмастырып отырады.

1-шумақ. Түркістан – екі дүние есігі ғой.

«Түркістан» деген сөз «түріктер мекені», «елі» дегенді білдірді. Өйткені, сол заманда бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Түркі халықтары үшін Түркістанның орны бөлек. Ежелгі тарихқа жүгінсек те оның орны солай. Бүкіл түркілердің рухани орталығы! Онда тақуалардың тақуасы, түркі халықтары арасында кең қанат жайған сопылықтың негізін салушы Қожа Ахмет Йасауидің, сонымен қатар қазақ хандары, сұлтандары, қол бастаған батырларының, қысқасы жақсылары мен жайсандарының да сүйегі жатыр. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген қағиданы берік ұстанған халықпыз.

Түркістан шежіре, ескінің көзі, жәдігер, сонау ғасырлар қойнауынан жеткен тірі тарих! Мағжан дәл тауып, бейнелеп айтқандай:

«Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой!»

2-шумақ. Тұран-ер түрік мекені.

3-4-5-6-шумақ. Тұран елінің табиғатын мақтан етеді. Сондықтан бұл тарауларға «Тұран табиғаты», «Тұранның жаулары бар аспанға атқан» деп тақырып қоямыз.

6-7-шумақ. Өзен-көлдері.

Осы тұста жер-су аттарына беріледі.

Оқыс-Яқсарт, Жейхун-Сейхун, Амудария-Сырдария.

8-шумақ. Тұран таулары.

Тянь-Шаньдай, Хантәңірі, Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.

9-шумақ. Қазықұрт қасиетті тау болмаса

Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?-

деген жолдарын ауыз әдебиетімен байланыстырамын. Нұқ пайғамбардың кемесі және төрт түлік мал туралы мына өлең жолдары келтіріліп түсінік беріледі.

Басында Қазықұрттың кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота түбінде жатып алып,

Ойсыл қара жануар содан қалған.

10-шумақ.

Тұрған жері – ғажайып, сиқыр.

Тұранның жері де жад, елі де жад.

Құйындай бастан кешкен күні де жад.

Жад-жадылап алу, сиқырлап алу сөзіне түсініктеме.

11-шумақ.

Тұранға құмар болғандар-Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.

Олар неге Тұранға құмар болды? Шумақ арқылы түсіндіріледі.

12-шумақ. Ақынның мақтаныш сезімі.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

(Өлеңнің бұл шумағы магнитофоннан ойналып тұрады)

Поэтикалық талдау: эпитет бар ма?

Тұран ерлерінің басқаға қарағанда өзгеше-жай ғана ақылды, қайратты, қиялды емес, кең ақыл, отты қайратты, жүйрік қиял. Ұлы ақын ерлерін басқа ерлерден айырмашылығын ашық, айқын таныту үшін осындай сөздерді қолданып отыр.

Тұран ерлерінің ақылы кең (мол), қайраттылығының оттылығын (күштілігін), қиялының жүйріктігін (шапшандығы) керемет екендігін айқын таныту үшін анықтауыш сөздерді әдейі қолданып тұр.

13-14-шумақ. Хандары – ардақты азаматтары.

15-шумақ. Тарағайдан тараған Темір. Қолбасшысы Ақсақ темір. XIV ғ. (1395ж)

Оның поэмаға қатысы жайлы айтылады.

16-17-18-шумақ. Данышпандары – Ұлықбек, Ибн-Сина, Фараби.

Ұлықбек (1394ж) – астрономия ғылымы негізін салушы.

Абу Ибн-Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, медицина саласында әйгіленді. Ол – Орта Азиялық ғалым дәрігер, философ, астроном.

Әбунасыр Әл Фараби – ұлы ғұлама ғалым. Отырарда туған. Ғылымның барлық түріне дерлік үлес қосқан (математика, астрономия, медицина, музыка, табиғат ғалымдары, тіл)

Түріктің кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз ішекті домбырасын.

Оның бір ғана музыка саласындағы еңбегінің өзі не тұрады? Ол “Музыканың ұлы кітабы”, “Музыка жайлы талдау”. т.б. кітаптар жазған. Бұл еңбектерінде ән шығаруды, музыкалық аспаптар жасауды, әнді орындауы ғылыми жағынан жетілдіреді. Өзі бірнеше музыкалық аспап жасап шығарады. Солардың ішінде “Қыпшақ” деген де аспап болған. Ол осы күнгі қазақ, өзбек, қырғыз сияқты халықтар арасына кең тараған домбыраға ұқсас болса керек.

19-шумақ. Тұран – қара шаңырақ.

Қара шаңырақ” сөзіне түсініктеме беріледі. Қара шаңырақ деп неге атайды?

Қара шаңырақ” – Түркістан. Түркістан қаласы – бүкіл түркі халқы тәу етіп, қасиет тұтқан ұлы бабалардың, барлық алты алаштың алтын бесігі (Бабаның ордасы. Атаның үйі. Әкенің отауы). Қазақтың қара шаңырағы жеті атасынан бастап, мұра болып келген киелі орда.

Осы шумақты оқыған сайын, тарих қойнауына бойлап, сырын ұққандайсың. Алатау өңірін мекен етіп, елді ел, жерді жер еткен-ау түрік бабаларымыз. Ақын соны бізге ұқ. Түріктей ер бол, ез болма деп әмір еткендей. Әбілғазы Бақадұр ханның “Шежіре түрік” (“Түрік шежіресі”) атты кітабында Нұқ пайғамбардан Хам, Сам, Иафес атты ұлдары дүниеге келген екен. Иафес Еділ мен Жайық суының Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар екен. Түріктің ұлдары Тұранды мекен етіп, кейіннен еншісін алған. Жер шұрайы, мол байлық қазақ халқының еншісіне тиіпті. Бұл – бақыт емес пе? Әрине, бақыт! Осындай қасиетті қара шаңырақтың бүгінгі иесісің! Сол қасиетті ұқ. Ұғын да іске кіріс! Елдің елдігін, әдет-ғұрпын келесі ұрпаққа жеткізер ерісің деп тұрған жоқ па? Иә, ұқ жас, достарым! Елдің ері болсаң, елдігіңді сақта!

20-21-22-шумақ. Хандары. Хандар ұстаған жол.

23-шумақ. Арқаның ардагері – қалың алаш.

Поэмада жалпы Мағжан шығармашылығында Алаш сөзі жиі кездеседі. Тілімізде алты Алаштың балалары деген ұғым бар. Ол туралы былай делінген:

Алаш, алаш болғанда

Туырлығымыз кигіз,

Керегеміз ағаш болғанда,

Бәріміз бір анадан туғандай болайық.

Әйгілі “Алты Алаш” сөзі дәл осы тұста мемлекеттік ішкі құрылымына байланысты айтылған. Олар: Ұлы жүз (Төле би), Орта жүз (Қазыбек би), Кіші жүз (Әйтеке би), Қырғыз (Қоқым би), Қара қалпақ (Сасық би), Құрама (Қиат, Қатаған), Жүз сияқты рулар.

24-шумақ. Бабаң бейіті – кие, құт.

Ақынның “Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін” деуінде үлкен мәні бар, “баба” деп отырғаны – Қожа Ахмет Иасауи бабамыз. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсіндіреді. Бабаның басына барып қайту үлкен сауапқа саналады.

Саяхат сабақ. Түркістан қаласына саяхат. (Интерактивті тақтадан деректі фильм “Түркістан”. Ахмет Иасауи кесенесін көреміз.

Ер Түрік” дегенде “ер” деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?

Қазақтың хандары мен билері, батырлары, игі жайсандары Түркістанды, әсіресе, еліміз бен жерімізді қасық қаны қағанға қорғаған аты шулы аталарымызбен бабаларымыздың сүйегі жерленген.

Пысықтау кезеңі.

1.Поэмада қайталанып тұрған қай шумақ?

-соңғы шумақ.

2. Баба дегені кім?

-Қожа Ахмет. Үлкен ойшыл, парасат иесі, ақын, кемеңгер, білгір.

3.Неге шақырады?

-Адалдыққа, Алланың ақ жолына бас иген Қожа Ахмет Иасауи бабаның еңбегін қадірлеуге, басына барып тағзым етуге шақырады.

4.Ақын түркі азаматының, Алаш азаматының қандай тұлғаларын мақтан етті? Нені, кімді мақтан етті?

-Тұран елінің табиғатын, жерін, көлін.

-Қолбасшысын, билерін, хандарын, біртуар азаматтары мен ғұлама ғалымдарын.

Бекіту кезеңі. Енді шығарманың тақырыбы мен идеясын табыңдар.

Шығатын қорытынды.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Тақырыпты ашу.

  1. Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

  2. Хандар – халық қалаулысы.

  3. Қожа Ахмет баба – қасиетті тұлға.

Сөзжұмбақ шешу. “Түркістан”

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүріп, қазақ әдебиетіне ерекше сәнімен, өлмес әдеби мұрасымен, бай сезімімен, сыршылдығымен келген М.Жұмабаевтың шығармашылығымен танысу, оқып үйрену өте маңызды. Өйткені, Мағжан шығармаларының өнеге-өрнегі сипатқа ие. Жүсіпбек Аймауытов Мағжан ақындығына былай деп баға береді: “Мағжан алдымен сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады”.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін илеген,

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?-деп поэзия әлемінде ерекше із қалдырған.

Сонымен, қазақ поэзиясының хан тәңірі деген атқа лайық. Мағжан ақынның биік те асқақ рухты, сырлы да сұлу сөздеріне қанығып, әлі де түсіну үшін оның құдіреттілігі мен көркемдігін тану үшін бір өлеңмен шектелу мүмкін емес. Әлі де болса, алдағы уақытта ізденеміз деп ойлаймыз.

Үйге тапсырма: Түркістаннан алған әсерім. (эссе)

Бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.