Қазақ әдебиеті

Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі ( 7 сынып)

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Төлепова Алтын Нұрсейітқызы

Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

( 7 сынып)

Сабақтың мақсаты:білімділік-оқушыларға әңгіменің мазмұнын түсіндіру,аңшылық өнердің қыры мен сырын таныстыру,ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын оқушы бойына сіңіру.Өзіндік пікірлерін қалыптастыру.

Дамытушылық-өзіндік ой-қиялын дамытуға,өзіндік ой түюге,өз пікірін дәлелдей алуға қабілеттерін жетілдіру.Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік-табиғатты аялай білуге,достыққа,адалдыққа,кішіпейілдікке,адамгершілікке,өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Түрі:жаңа тақырыпты бекіту сабағы

Әдіс-тәсілі:әңгімелеу,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы,сөздік жұмыс,топтастыру кестені толтыру.

Пәнаралық байланыс:тарих,қолөнер

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,тірек-сызба,түгелдеу,оқушы зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасына осы әңгімені үйден түгел оқып келу тапсырылған еді.

1)Ой қозғау сұрақтар беру

1)Сәбиттің есінде кім көбірек сақталған?

2)Қазақ халқында қандай өнер түрлері бар?

3)Аңшылық өнер туралы не білеміз?

4)Қазақтың құсбегілері қандай құстарды қолға үйреткен.

5)Ораздың бойындағы өнер мен ұлттың қасиеттер.

6)Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?

2)Топтастыру. (Дәптермен жұмыс)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

адамгершілігі мол ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды

Орта бойлы, кең жауырыңды

 

асынған шиті мылтығы бар

ұзын ақ қасты, кең маңдайлы

 

 

 

 

аңшы,мерген

 

елге көмектеседі,жайдары мінезді адам

 

құс боптаушы шебер Олжасын елге сауғаға береді әзілқой мейірімді адам

 

 

 

 

3)Сұрақ қою «Мағынаны таны»

(Проблемалық сұрақ) (ұяқшықтағы сұр)

11 Мұқан қысқы үйін неге күйеу баласы Сүлейменнің үйінің қасынан

салмады?

 

Ораздың достары кімдер?

 

Аңға шыққанда неге балаларды қасына ілестіріп жүреді?

 

«Е» «Ең ауыр ақы-көрші ақысы»дегенді қалай түсінесің?

 

«Қанжығасын қанды етіп қайтады»дегенді қалай

түсінесіңдер?

Ораздың жасы 60-тың тең ортасынан асса да

денсаулығының мықты

болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?

 

4)Кестені толтырың

 

 

 

Шығарма авторы: Аты: Несімен ұнады Сүйікті кейіпкерім Жасаған қорытынды (өз ойым)
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» Ораздың адамгершілігі. Мұқан үйіне қамқорлығы.Балаларды жақсы көруі. Ораз Кең-пейіл,мейірімді,қамқор болу.Өзгеге көмектесуге ұмтылу.

 

 

 

 

 

5) Сөздік жұмыс.

1.Саятшы-құсбегі,құс баптаушы

2.Сауға беру-ақысыз олжа үлестіру

3.Шілік-өсімдік

4.Ителгі-жыртқыш құс

5.Қаршыға-өте алғыр құс

6)Салыстыру

Аңшылық туралы қай ақынның өлеңі бар? Осы әңгімемен салыстыра отырып оқушының ой пікірін тыңдау.Осы әңгімемен салыстыру.

7)Ораз бейнесіне лайық мақал айту.

Жігітке жеті өнер де аз,

Адам өнерімен әсем,

Аң жүнімен әсем.

Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өнері көптің ермегі көп.

Өнерлінің өрісі кең,

Өнерлі өрге жүзеді.

Ақылды жігіт атқа да мінер,

Таққа да мінер

8)Сабақты бекіту.

Аңшылық кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер айту мағынасын түсіндіру.

9)Үйге тапсырма:

Аңшылық тақырыбына шығарма жазу.Лайықты ат тауып қойыңдар.

 

Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі ( 7 сынып): 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.