Без рубрики

Жүзден жүйрік (интеллектуалдық сайыс)

Қызылорда қаласы
12 Ілияс Қабылов атындағы мектеп

бастауыш сынып мұғалімі Абдрасилова Гулназ

Сыныбы: 4 «Ә»

Тақырыбы: Жүзден жүйрік (интеллектуалдық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс шараларға белсене қатысуы мен ұжымдық жұмыс жасауын нығайту,ой шапшаңдығын байқау,пәндерді игеруін анықтау және танымдық қабілеттерін арттыру

Көрнекілігі:қалташалар,тақырып,суреттер

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Уа,халайық халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шеру жасайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ,есеп бәрі бар

Ал,сайыскер балалар

Білімдеріңді сынаңдар.

Сайыскерлерге тілек

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Математика сырына!

Қадамдарың оң болсын

Сәт сапар енді тілейік!

Мұғалім:Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

  1. Бәйге

  2. Көкпар

  3. Полиглот

  4. Тамаша бестік

  5. Кім шапшаң?

Сайыскерлеріміз дайын болса,сайысымызды бастаймыз.

 

1-бөлім «Бәйге»

Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-топқа:

1. 1 метрде неше мм бар? (1000 мм)

2. 1 арда қанша м² бар? (100 м²)

3. 8-дің квадраты нешеге тең? (64)

4. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табады?(екі қабырғасын қосып 2-ге көбейтеді)

5. 1 кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?(тең)

2-топқа:

1. 1м²-де неше см² бар? (10 000см²)

2. 81 қандай санның квадраты? (9)

3. Үшбұрыштың периметрін қалай табады?(қабырғаларының ұзындықтарын қосады)

4. 1 ц –де неше грамм бар?(100 000 г)

5. 1 апта көп пе, 8 тәулік көп пе? (8тәулік)

3-топқа:

1. 1 см³-де қанша мм³ бар ? (1 000мм³)

2. 36 қандай санның квадраты? (6 )

3. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табады?

(ұзындығын,енін,биіктігін көбейтеді)

4. 1 тонна көмір ауыр ма,әлде 1 000 000 грамм құм ауыр ма?(тең)

5. 1 сағатта қанша секунд бар?(3600секунд)

 

2-бөлім: «Көкпар»

Ауызша есептер беріледі.Тез әрі дұрыс жауап берген топқа 1 ұпайдан беріледі.

 

1. Ұзындығы 7 см,ені 6 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?(42см²)

2.Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы 8 см,ал ауданы нешеге тең?(64см²)

3.1000 саны шығу үшін 555-ке қандай санды қосу керек?(445)

4.Айдос 1 айда 7 қызық ертегі оқыды.Осы қарқынмен 4 айда неше ертегі оқиды? (28)

5.Ең үлкен төрт таңбалы санға 1-ді қоссаң неше шығады?(9999+1=10 000)

6.Тіктөртбұрыштың ауданы 45см², ені 5 см.Ұзындығы нешеге тең?(9см)

 

3-бөлім:Полиглот

Берілген жұмбақтың шешуін тауып,екі тілде айту керек.

 

1.Тақиям толған сөк

Таңертең тұрсам жоқ (жұлдыз-звезда)

2.Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай,

Тіліңді алмайды тетігін бұрамай. (сағат-часы)

3.Сақталады алты ай жаз

Сандығымда сары аяз (тоңазытқыш-холодильник)

4.Бір қораға қамалғандар

Жаны үшін жаралғандар (сіріңке-спички)

5.Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар. (киіз үй-юрта)

6.Болса да көкте мекені

Кездеспейді екеуі. (ай мен күн-луна и солнце)

 

 

4-бөлім:Тамаша бестік

Математика пәнінен басқа 5 пән бойынша сұрақтарға жауап беріп,әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

Тақтадағы сандарды таңдап,сол пәннен берілген сұраққа жауап береді.

1.Дүниетану

Әлемнің 7 кереметін ата.(Фаростық мұнара шам, «Аспалы бақ»,Галикарнас кесенесі,Зевс мүсіні,Родос алыбы,Мысыр пирамидалары,Эфестегі Артемида ғибадатханасы)

2 . Әдебиеттік оқу

Кәукен Кенжетаевтың «Өнердің сайыпқыраны» әңгімесі кім туралы?Ол туралы не білеміз? (Шәкен Айманов)

3. Бейнелеу өнері

Натюрморт дегеніміз не?

4.Қазақ тілі

Буын үндестігі деген не?

5.Еңбекке баулу

Киіз үйдің негізін құрайтын ағаштар қалай аталады?(кереге,уық,шаңырақ)

6.Әдебиеттік оқу

Қабанбай батырға «Қабанбай» деген есімді кім,қалай берді?(Бердәулет жездесі,екі қабанды өлтіргені үшін)

 

5-бөлім: «Кім шапшаң?» деп аталады.Бұл бөлімде топбасшылары өз тапқырлықтарын және шапшаңдықтарын көрсетеді.Тақтада берілген сөзден ең көп зат есім сөздерді теріп жазған топбасшы жеңіске жетеді.Уақыт- 1 минут. «Қанағаттандырылмағандықтан»

Қорытынды бөлім

Әділ-қазылар алқасының шешімі дайын болғанша сынып оқушылары өз өлеңдерін оқиды.

Ибрагим Асхат: «Мұғалім»

Тұрсынбай Құралай : «Ана тілім»

Тынысбек Дәулет : «Біздің заң»

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.