Қазақ әдебиеті

Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолдаскали Молдир

 

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу.

Сабақтың мақсаты:

                                Білімділік: «Бір атаның балалары» шығармасының мазмұнын меңгертумен шектелмей, оқушыны образды талдау арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесін, сөзім сырларын ұқтыру.

                                 Тәрбиелік: сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, ортақ пікір, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырласьық рухына тәрбиелеу.

                                Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқалардың пікірін тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білудағдыларын арттыру.

Сабақтың түрі : Кіріккен сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау жасау, өз пікірін қорғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың жүру барысы:

                             І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасына шолу

Сөзжұмбақты шешу арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

        М    
        А                
        Ғ    
        А  
        У            
        И          
        Н

       

 

 

 

1.Шығарманың бас кейіпкерінің бірі?       ( Ахмет)

 2. Неміс баласын асыраған Ахмет шал ауылды қандай тойға шақырады? (Асық жілік)        

3. Зигфрид көбінесе қалай ойнаушы еді? (Жалғыз)

4. Шығарма барысында ұандай ұлттық ойын ойналады? (көкпар)

5. Ауылға келген жетім балаларды алғаш таныстырған кім? (Дәуренбек)

6. Шығармадағы Берден кім? (Бригадир)

7. Зигфридтің есімі ұалай өзгертілді? (Зекен)

 

Балалар, біз шешкен сөзжұмбақтағы әдебиет өкілі кім?
                                                       Мұхтар Мағауин

     

                          1957 ж орта мектебін Баршатас с.бітірді
                           С.Киров атындағы қазақ унив филолгия факультетін бітірген
                          1940 ж Семей ауд. Шұбартас селосында дүниеге келген     

          

«Қобыз сарыны», «Тазының өлімі» «бір атаның балалары, «Көкбалақ

ІІ. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы

1.      Шығармада ұлттық салт – дәстүр, ұлттық ойындар бар ма? Қандай? Толық мәнін аш.

2.      Кейіпкерлер сөзінен адамдардың бір – біріне «халық жауы» деп жала жабуын қалай түсінесіңдер?

Шығарамада кездескен «халық жауы» деген ұғымның мәнін толығырақ тарих пәнінің мұғалімі түсіндіріп береді.

ІІІ. Мағынаны ашу

1.      Портрет дегеніміз не?

2.      Оқулықтан Зекеннің портретін тап.

3.      Зекен кім? Қандай кейіпкер?

ІҮ. «Топтастыру» стратегиясы

 

                                                     бауырмал

                  ақылды                                               адал

                  еңбексүйгіш                  Зекен                        мейірімді

                         момын

                                           алғыр                     жайдары

Ү. Сергіту сіті. Шығармадан көрініс көрету.

ҮІ. Өзіндік жұмыс. Балама тест

1.      Зекенді Ахмет шал асырап алғаннан кейін қазақы дәстүрді бойына сіңірдіме?

Иә            Жоқ

2.      Ахмет пен Зекеннің арасында ортақ қасиет барма?

Иә            Жоқ

3.      Зекен соғыс аяқталған соң Германияға кетті ме?

Иә            Жоқ

4.      Зекен Балалар республикасының тең құқылы азаматы болама?

Иә            Жоқ

5.      Дәуренбек Зекенді дұрыс қабылдадыма?

Иә            Жоқ

 

 

Өзін —  өзі тексеру

1.      Иә 2.Иә 3. Жоқ 4.Ия 5.Жоқ

  ҮІІІ. «Кім жылдам» ойыны

         Шалғай – еөт слаы рже;

         Айыл – ре – отқымыд жжайыплыт тапұс ұрут шүін ңытта ыруабны йаро татрат пақжал  ысқай патрат

         Лобогрейка – нәге башанып анишам

         Заузаты – албсыа

  ІХ. «Ой қозғау» стратегиясы

Қазіргі кезеңде Ахмет секілді адамдар бар деп ойлайсындар ма?

Шығарма сендерге қалай әсер етті, қандай сезімге бөледі?

«Адам адамға дос, жолдас, бауыр» дегенді қалай түсінесіңдер?

Қорытынды бөлім

Үйге тапсырма: «Аялы ақын» тақырыбына өлең шығару

Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.