Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байзенова Сандуғаш Қайратқызы
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Қазақстаным.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.
2.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
3.Туған жерін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ –жауап,әңгімелеу,көрсету.
Сөздік жұмыс:Отан,туған жер.
Көрнекіліктері: Қазақстан картасы
Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Балалар шаттықшеңберінде тұрып,қосылып айтады.
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана,Отан үлкен, Қазақстан туған ел!
Мұғалім: Балалар біздің Отанымыз –Қазақстан.
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
— Рәміздерді атаңдар.
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Қазақстан картасын білесің бе?
-Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Т.Молдағалиевтің «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.
Мұғалім картадан өздері тұрып жатқан жерді көрсетіп,арнайы белгілермен белгілейді.
Тыныштық сәті.
Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.Туған жеріміздің табиғатын,таза ауасын, әдемі гүлдерін,сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз.Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!
Көзімізді ашамыз.Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.
Сергіту сәті.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап».
Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан ңкартасын пайдаланамыз.Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі.Картадан сол қалаларды тауып қасына белгілерді іледі.
Қорытынды: Қазақстан Республикасы –біздің сүйікті Отанымыз!
Қазақстан-өте үлкен,бай республика.»Жері байдың –елі бай».