Қазақ әдебиеті

Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Батыс Қазақстан облысы, , Жәнібек ауданы, , Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша

ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Каракулова Альфия Амиржановна

Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі-лирик ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру.

2.Дамытушылығы-ой-өрісін шығармашылықтарын дамыту,әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелілігі-Ақанға деген сүйіспеншілікті ояту,адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Слайд,портрет,тірек сызбалары

Пәнаралық байланыс: Музыка,тарих

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру

II. Үй-тапсырмасын сұрау

 

А)Блиц турнир

1. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы не білесің?

2. Біржанға атасы Қожағұлдың тәрбиесі қалай әсер етті?

3. «Ләйлім шырақ» әнінің тарихы?

4. «Ақтентек» әні кімге арналған?

5. «Жанбота» әнінің тақырыбы қандай?

6. Жастарға қандай өсиет айтты?

7. Біржан-айтыскер ақын

8. Біржан мен Сара айтысының көтерген тақырыбы не?

9. Біржанның Сараны жеңу себебі?

10. «БіржанСара» операсын жазған кім?

 

Ә)Топтастыру: Біржан сал

 

III. Жаңа сабақ: Үйректің атқызбайды қасқалдағы,

Шебердің былқылдайды бас бармағы

Бұл күнде ағаң болдым төр алдында

Бір кезде Ақан едім аспандағы.

Дүние,қызыл-жасыл кімді алдадың?

Сен берген ризықтан құр қалмадым

Дәуренді мендей сүрген кім бар екен,

Сонда да қызығыңа бір қанбадым,-деп

Жырлаған XIX ғасырдың II ші жартысында қазақ халқының ұлттық мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан,сан қырлы өнер иесі-Ақан (Ақжігіт)сері Қорамсаұлы 1843жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған.Ақынның өмірі,балалық,жастық шағы Көкшетауда өтеді.

Ақанның әкесі Қорамса дәулетті,елге сыйлы адам болған.Көп қыз баланың ортасында жалғыз ер бала Ақанды еркелетіп өсіреді.Жалғыз ұлының болашағынан зор үміт күткен әкесі Ақанды қаршадай кезінен-ақ ауыл молдасынан дәріс алуға береді.Сөйтіп,аз уақытта сауатын ашып,хат таныған зерделі бала шығыс әдебиеті мен шариғат жолдарын жақсы меңгереді.Өлең-жырға ерте әуестеніп,замандас-құрдастарына арнап өлең де шығаратын болады.Ойын-тойда ән елінен ұзап,Қызылжарға келеді.Онда Уәлиахун деген кісінің медресесіне түсіп,үш жыл оқиды.Мұсылманша өте сауатты Ақан қалада жүріп,орыс тілін де біршама үйреніп алады.Он алты жасында еліне оралған Ақан ит жүгіртіп,құс салып,аңшылық,әншілік,серілік өнердің соңына түседі.Әкесі Қорамса да ұлының жолына бөгет болмайды.Сөйтіп жүргенде Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбос байдың қызы Фатима сұлуға құда түседі.Амал не болашақ келіні Фатима науқасқа душар боп,Ақанның босағасына келмей жатып қайтыс болады.

Алғашқы отбасылық өмірден жолы болмаған Ақан жанына жолдас-жораларын ертіп,қолына домбыра,сырнай алып,ел аралап,сауық-сайран құрады.

Ақан есімімен қашанда қосарлана айтылатын әйгілі Құлагерді ол Шөкетай деген кісіден бір ат,бір сиыр және жиырма бес сом ақшаға сатып алады.Ақан талантына тағзым ететін Әлібек деген досы өзінің жанына балаған Қараторғай атты қыран құсын қалтықсыз көңілмен сыйға тартады.Сайрат деген төреден Базаралы атты тазының бауырын жаңа көтерген күшігін алып,енді бір жақын жора-жолдасының Көкжендет деген болат топшылы қаршығасын қолына қондырады.Осылайша жолдасына жұғымды,халқына қадірлі сері Ақан-жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркітті жігіт сұлтанына айналады.

Жетпісінші жылдардың ортасында Ақан сері Кіші жүзді аралайды.Осы сапарында кейінде аты аңыз болған Ақтоқты аруға ғашық болады.Ал Ақтоқтының басы бос емес.Оны сол өңірдің атақты адамы Сүтемгеннің ұлы Шамұқанға атастырып қойған.Жүрегіне жүк түсірген қайғылы оқиғадан соң,соқа басы сұр бойдақ боп жүруді ар санаған Ақан сері көп ұзамай Шомайт қожаның Бәтима атты қызына үйленеді.Ақылына көркі сай Бәтима-Ақанға адал жар,үш бірдей ұл-қызының абзал анасы болады. «Жазмыштан озмыш жоқ»демекші,он шақты жыл отасқан соң Бәтима да ауырып,өмірден өтеді.

Ақанның одан кейін алған жары Ұрқия да Ақанмен не бары үш-ақ ай бірге отбасын құрып,шешек ауруынан қайтыс болады.Мұнан кейін іле шала сүйікті інісі де көз жұмады.Сөйтіп,үсті-үстіне жалған қайғы-қасірет нәзік жүректі ақын Ақанға ауыр соққы боп тиеді.

Ендігі жерде сүйген жар,сүйікті ініден айырылған қам көңілді,қайсар мінезді Ақан серінің бар қуанышы да,жұбанышы да жалғыз-Құлагер еді.Бірақ Құлагердің де ғұмыры келте екен.Ереймен етегінде қазақтың үш жүзінен арнайы кісілер шақырылған керей Сағынайға ұлан асыр ас беріліп,бұл асқа Ақан да келеді.Үш жүз жиырма үш ат шабатын ат жарыс бәйгесіне Ақан сері де өзінің Құлагерін қосып,бағын сынайды.Әйтсе де Ақанға әуелден тісін қайрап өштесіп жүрген бай балалары Батыраш,Қотыраштар тап осы бәйге жарыста топжарған Құлагердің түбіне жетіп тынады.Қарау пиғылмен қапысын тауып мерт етеді.Соншама сор бейнетті арқалаған Ақан енді ел-жұртынан алыстап,мылқау баласын қасына ерткен бойы құла түз Қоскөлдегі қопа-қамысты мекен етеді.

Тауқыметі көп тірлік кешкен біртуар тұлға-Ақан сері Қорамсаұлы 1913жылы жетпіс жасында дүниеден өтті.

IV. Ақан серінің ән-өлеңдері:

V. «Балқадиша» әні орындайтын Каримов Нұрберген

VI. Кім андай жағдайда айтты?

Сұрақ Жауап
1 «Бұл үйде …… бар ма,шықсын бері,»-деп хабар салады,жұрт жиналып қалады,осылайша екі ақынның айтысы да басталып кетеді. Біржан салдың Сараға айтқаны
2 Қоскөлдегі қопа-қамысты мекен етеді.Ел арасында сан түрлі қауесет тарайды. Ақан сері
3

Қыздарды мен не қылам қылаңсылаң,

Қалайша ғашық отқа сабыр қылам?

Жаңартқан өмірімді қалқа бала,

Басы «жұм»,ортасы «мем»,аяғы «ләм».

 

 

Ақан серінің Жамалдың атын жұмбақтап айтқаны

 

VII.Тест жұмысы:

1. Ақан серінің өмір сүрген жылдары?

А)1834-1897жж.

Ә)1843-1913жж.

Б)1841-1918жж.

2. Ақанның жастық шағы өткен жер?

А)Баянауыл

Ә)Қаратөбе

Б)Көкшетау

3. Ақанға айттырған Фатима сұлу кімнің қызы?

А)Бекбос байдың

Ә)Шомайт қожаның

Б)Сүтемгеннің

4. Бір түгел екі жеңгең келіп отыр,

Рұқсат бізден сізге бар,……

А)Фатима

Ә)Ұрқия

Б)Қадиша

5. Ақанның құмай тазысының аты?

А)Қараторғай

Ә)Базаралы

Б)Көкжендет

6. Ақанның қолы жетпеген ғашығы кім?

А)Ұрқия

Ә)Бәтима

Б)Ақтоқты

7. «Ақан серіАқтоқты»пьесасының авторы?

А)С.Жүнісов

Ә)Ғ.Мүсірепов

Б)М.Әуезов

8. Ақан сері неше жасында қайтыс болды?

А)63

Ә)73

Б)70

9. Ақан сері Құлагерді қанша сом ақшаға сатып алады?

А)35 сом

Ә)45 сом

Б)25 сом

10. Ақан Уәлиахун медресесінде неше жыл оқиды?

А)2

Ә)3

Б)4

VIII. Үйге тапсырма: Ақан сері өмірі мен шығармашылығына реферат жазып келу.

IX. Қорытынды: Ақан кім? Ол туралы не білеміз?

X. — Сабақ аяқталды!

Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.