Без рубрики

Ана тілім-мәртебем, Ұлтымның мерейі

Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы мектеп – балабақша
Сарсенғалиева Жаннагүл Ануарқызы
Музыка пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім-мәртебем,

Ұлтымның мерейі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, ұлттық белгілермен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.

2. Оқушыларды ана тілін сүюге, халқымыздың, әдет- ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға  тәрбиелеу.

3. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар

керек екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, буклеттер, суреттер, аспап.

Сабақ әдіс, түрі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

-Балалар ана сүтімізбен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі оның орындалғандығында, өрлігінде, орасан зор байлығында. Тіл мәселесі ең бір шешуші мәселесі. Біздің республикада жұртшылық өзінің 70 жылдық мәдени өмірін кейін «Ана тілі» деп аталатын қастерлі де қасиетті дүниесіне үлкен мән беріп, оның бүгінгі халі мен ертеңгі болашағына айрықша алаңдаушылық білдіруде. Мәселен біздер өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, егер бізге мынадай сұрақ қойылса:

— Сен қай ұлтсың? Не деп жауап берер едік.

— Қазақпын.

— Қазақ екендігінді қалай дәлелдейсің?

— Қазақ болыптуғам, әке-шешем, ата-бабам қазақ.

— Тағы қандай дәлелдер қосар едің?

— Діні, салт-дәстүрім, Тарихым, Туған жерім.

Ән: Менің Қазақстаным.

1-оқушы:

Егеменді ел болдық, ана тіліміз-қазақ тіліне мемлекеттік статус беріліп, Тіл туралы заң қабылданды.

2-оқушы:

Қуан далам

Қуанатын күн бүгін

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндігін

Тіл туралы

Заңым енді күшіне

Паш еткендей

Кескен жаңа кіндігін.

3-оқушы:

Қуан далам!

Қуан бабам!

Қуанатын жөнің бар

Деген едің

Тіл бар жерде өмір бар

Деген едің

Тіл бар жерде өмір бар.

Халық жауы атандық-ау

Сол үшін, ғұмырынды.

Құрбан етіп жолында ар.

4-оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

5-оқушы:

Жарасқан байрақтың мәні бар.

Көк аспан, күн, қыран-сіні бар.

Көк байрақ ашық көк кеңесім

Алтын күн-белгісі жеңістің.

6-оқушы:

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.

7-оқушы:

Туған тілім тірлігімнің айғағы

Өссе тілім менде бірге менде өшемін.

8-оқушы:

Қасиетін ана тіл, аз ба сенің

Өзің барда ескірмес тозба елім.

Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

Ән: Ананың тілі.

Балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толды?

-10 жыл

Қай жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болдық?

-1991 жылы 25 қазанда.

9-оқушы:

Әйнегі күн шатырын-аспан.

Кең дала төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан Республикасы менің.

10-оқушы:

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте досым, Қазақ жерін

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің.

Ән: Жас дәуірдің түлегіміз.

  • Сонымен, бүгінгі тәрбие сағатымыздың өтілгендігі мақсаты қандай?

  • Еліміздің азаматы болу үшін не істеу керек?

Хормен: Пайдан тиіп Отанға.

Риза болсын халқымыз

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Бағдарлама-Қазақстан

2030-жыл

Өсіп-өніп келеміз

Жыл толсын тек табысқа.

Тәрбие сағаты аяқталды.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.