"Интернет сұхбат"

Білім саласындағы сайт иелерімен интернет сұхбат

Құрметті білім саласындағы сайт иелері! Республикалық 45minut.kz басылымы атынан ұйымдастырылып отырған интернет сұхбатқа қатысуға шақырамыз. Интернет сұхбатқа қатысу үшін сайт иелеріне сұрақтар жіберілді, жауаптарын күтеміз. Ал, оқырмандарымыз үшін сұрақтарын қосымша пікір ретінде жазып қоюға болады.

Бірінші болып қатысушы:  http://jospar.kz/segizseri@mail.ru Басқарушысы:  Қасен Сержан  жауаптары жарияланды. 

Екінші болып қатысушы: http://bilim.idhost.kz/ — Білімділер сайтының әкімшісі Бердали Құмар жауаптары жарияланды.

Үшінші болып қатысушы: http://infust.kz/ — «Информатик ұстаздар» сайтының әкімшісі, жоғары санатты мұғалім Жақаев М жауаптары жарияланды.Сайт иелеріне қойылатын сұрақтар:

  1. Қазіргі заманауи ұстаз қандай болуы керек деп ойлайсыз?
  2. Ұстаздар үшін сайт ашып қызмет көрсетудегі негізгі ұстанымдарыңыз?
  3. Ұстаздар сайтының өзге сайттардан айырмашылығы, ерекшелігі, кемшілігі
  4. Сайт арқылы сертификат беру туралы ой-пікіріңіз
  5. Республика Ұстаздарына және «45minut.kz» басылымына тілегіңіз.
    Интернет сұхбат жауаптары http://www.45minut.kz cайтында және Республикалық 45minut.kz газетінде жарияланады.

Құрметпен:    Республикалық 45minut.kz басылымы редакторы — Ізгілік Нағиев

Білім саласындағы сайттар тізімі:


http://jospar.kz/segizseri@mail.ru Басқарушысы:  Қасен Сержан  жауаптары

1. Қазіргі заманауи ұстаз қандай болуы керек деп ойлайсыз?   Бұл сұраққа мен жалпылама емес  нақты жауап беріп көрейін;
1. Ең алдымен ұстаз  жоғары білімді болу керек,  әрине бұл жоғары білімі туралы куәлігі болса болды деген сөз емес.
2. Жан жақтылы болу керек,  барлық  саладағы жаңалықтардан хабардар болу керек,  мысалы;  биылғы Нобел сыйлығын  кімдер алды немесе  жақында Білім және ғылым вице министрі болып кім тағайындалды  дегендей.
3. Өзі беретін пәннің сөзсіз маманы болу керек.
4. Ақпараттық технологиядан хабардар болу керек, ең кем дегенде  Мicrosoft word, excel, power point  бағдарламаларымен жұмыс істей білуі керек, интернетпен жұмыс істей білу керек, бұл дегеніміз  google ға   бір сөз жазып іздеп, компьютерге көшіріп алу деген сөз емес.
2. Ұстаздар үшін сайт ашып қызмет көрсетудегі негізгі ұстанымдарыңыз?  Негізгі ұстанымым, ұстаздарды   ақпараттық сауаттылыққа жетелеу, мұғалімдер қауымының бір қажетіне жарау, бұл жерде http://www.jospar.kz  сайтының админі ретінде жауап беріп жатқандықтан жоғарыдағы ұстаным сәл артықтау болар, өйткені бұл сайт таза коммерциялық жоба, деседе менің бұдан басқада ұстаздарға арналған веб жобаларым бар мысалы, http://www.mugalim.biz  бұл  мұғалімдерге арналған блогплатформа,  яғни кез-келген мұғалім осы сайтқа тіркеліп өз блогын аша алады.  Осы сайт үшін  жоғарыдағы ұстаным сай келеді.
3. Ұстаздар сайтының өзге сайттардан айырмашылығы, ерекшелігі, кемшілігі  Негізінде әр сайттың өзіне тән ерекшелігі, кемшілігі болуға тиіс, ал жалпы ұстаздар сайтының ерекшелігі дейміз бе әлде кемшілігі дейміз бе?  Тек бір сарындылық басым болып келеді,  мысалы көбінесе  ашық сабақ  немесе тәрбие сағаттың жоспары жарияланады, мысалы видеосабақтар, өткізген ашық сабақтың басқа да сыныптан тыс іс-шаралардың видео нұсқасын неге жарияламасқа, бұл мәселе мен үшін де әлі жоспар күйінде қалып отыр.
4. Сайт арқылы сертификат беру туралы ой-пікіріңіз.  Сертификат беру мәселесі заңды түрде әлі де өз шешімін таппаған мәселе,  сайтта жарияланған материал баспасөзде жарияланған материалмен бірдей қарастырылады, егер заңға қайшы бұрмаланған материал  шығарсаңыз заң алдында жауап бересіз,  демек  сайтта бұқаралық ақпарат құралы болып есептеледі,   менің пікірім  білім саласына қатысты сайттар білім министрлігінің саралауынан өткізіліп, сертификат беруге заңды түрде рұқсат берілсе,  сайт тарапынан берілген сертификат  білім басқармалары жағынан мойындалса  деген ой бар.
5. Республика Ұстаздарына және «45minut.kz» басылымына тілегіңіз  Ұстаздар қауымына ең алдымен отбастарына амандық, дендеріне саулық тілеймін,  сонымен бірге 21-ғасырдың  ұстаздар қауымына қойып отырған талабының үддесінен шығу жолында қажымас қайрат тілеймін. Ал қадамын қаз қаз басып,  қазақ баспасөз алқабына келіп қосылған 45 минут басылымына  алдағы жолына сәтті сапар тілеймін,  ұстаздар қауымының ең сүйікті басылымы болсын,  әрдайым ұстаздарға жағалықтың жаршысы болып жандана берсін деп тілеймін.


http://bilim.idhost.kz/ — Білімділер сайтының әкімшісі Бердали Құмар жауаптары

1. Қазіргі заманауи ұстаз қандай болуы керек деп ойлайсыз?  Қазіргі заманауи ұстазды көз алдыма елестетсем, ол көңілі ашық, көкірегі ояу, құлдық санадан аза, тәуелсіз елдің азаматы ойыма келеді. Әрине, ұстаз білетінін үйретуден талмайтын, білмегенін оқып үйренетін, үнемі ізденісте болатын, жаңа технологияларды жетік білетін, бірнеше тіл білетін, жаңалық десе елең ететін жан болуы тиіс деп ойлаймын. Ұстаз деген атқа лайық болу үшін көп еңбектеніп, үнемі білімін жетілдіріп отыруы тиіс.
2. Ұстаздар үшін сайт ашып қызмет көрсетудегі негізгі ұстанымдарыңыз? Сайтты ашып, қызмет көрсетудегі негізгі ұстанымыз ол әрине жас ұстаздарға көмек ретінде, ұлағатты ұстаздар үшін өз білімімен, тәжірибесімен бөлісуге, соңғы технологияларды үйренуге, қандай жаңалықтар болып жатқанынан хабардар болуға және ұстаздардың ортақ сұхбаттасатын ортасын құру мақсатын қойдық. Алыс ауылдық жерлерде тұратын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, ашық сабақтармын бөлісу, өздерінің тәжірибелерімен бөлісу, шығармашылық байланыс.

3. Ұстаздар сайтының өзге сайттардан айырмашылығы, ерекшелігі, кемшілігі.  Білімділер сайтының негізгі айырмашылығы және ерекшелігі барлық материалдарды мүмкіндігінше толық мәтінде беру, ұстаздарға керекті программалар жайлы ақпарат беру және оларды қалай пайдалану жайлы үйрету, мектеп стендтерінің үлгілерін беру, оқушылар мен студенттерге керекті рефераттар т.б
Кемшіліктері: мұғалімдердің бізде үлкен көлемдегі файлдарды тікелей сайтқа енгізе алмауы, суреттерді, презентацияларды бірден жүктеуге болмайтындығы болып отыр.
4. Сайт арқылы сертификат беру туралы ой-пікіріңіз. Сайт арқылы сертификат беруді дұрыс деп ойлаймын, себебі көптеген ұстаздар өз жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шығарғысы келеді және дәлел ретінде сертификат алғысы келеді, бірақ олардың біраз күтуіне тура келеді, кейбіреуі мүлдем шықпайды да. Тағы бір проблема  газеттердің бетіне барлық материалдар симай жатады, сондықтан ұстаздардың жұмыстары қысқаруға ұшырайды, түрлі-түсті суреттерін шығара алмайды, презентацияларын енгізе алмайды. Ал бізде осы кемшіл тұстарды жоя отырып, ұстаздарға тегін қызмет ұсынамыз, яғни біздің сайтта ұстаздар өз сабақтарын тегін шығара алады. Ал сертификат алу, алмау әркімнің өз қалауында!
5. Республика Ұстаздарына және «45minut.kz» басылымына тілегіңіз. Құрметті ұстаздар! Ұстаз деген қиын да қызығы мол мамандықты таңдағандарыңыз үшін алғыс айтамын, себебі бұл кәсіппен кез келген адам айналыса алмайды. Бірақ та ұстаз болған екенсіз, бұл мамандыққа тек ақша табу кәсібі ретінде қарамай, негізгі ұстанымнан айырылып қалмайық.
Ұстаз — ол биік тұлға, тәрбие көзі, балаларға үлгі, ол баланы жаны сүйетін, білімді, ізденісте болатын жан. Осы қалыптан айнымайық. Сіздерге тек шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін!
«45minut.kz» басылымына тілейтінім тек жақсылық, табыс, бұдан әрі де дами беріңіздер, Қанаттарыңыз қатайып, шығармашылық аясында биікке самғай беріңіздер. Сіздер Қазақстан Республикасында номері бірінші ұстаздар сайты және газеті екендеріңізді үнемі дәлелдеп келесіздер. Осы жолдан таймаңыздар, ал біздер сіздерден үйренеріміз әлі көп деп ойлаймыз. Болашақта да шығармашылық байланыста қала береміз деген үміттемін! Құрметпен: «Білімділер» сайтының әкімшісі Бердали Құмар


http://infust.kz/ — «Информатик ұстаздар» сайтының әкімшісі, жоғары санатты мұғалім Жақаев М жауаптары

1. Қазіргі заманауи ұстаз қандай болуы керек деп ойлайсыз?  Қазіргі білім беру техникасы мен технологиясын меңгерген,  өз пәнінің нағыз шебері, арақ ішпейтін, темекі шекпейтін, қандайда бір да ерсі әдеттері жоқ, материалдық жағдайы жақсы азамат болу керек.
2. Ұстаздар үшін сайт ашып қызмет көрсетудегі негізгі ұстанымдарыңыз? Информатикадан сабақ жоспарлары және басқа да материалдардың Интернет-қорын жасауды, көп жылдық тәжірибемді осы сайт арқылы басқа ұстаздармен бөлісуді, жас ұстаздарға көмек бергісі келетін өзім сияқты тәжірибелі ұстаздардың жұмыстарын сайтқа шығарып қолдауды, алғыр жас ұстаздардың жұмыстарын басқаларға үлгі ретінде көрсетуді мұрат еттім және мына жерде http://infust.kz/2011/08/informatik-iieb/
3. Ұстаздар сайтының өзге сайттардан айырмашылығы, ерекшелігі, кемшілігі.  Айырмашылығы: бастысы коммерциялық мақсат еместігінде, ерекшелігі: гуманитарлық бағыт ұстанатындығында,
кемшілігі: бір жақты аудиторияға арналғанында. 45минут сайты көпжақты қамтимын деп бүкіл бір министрліктің жүгін мойнына артып алды.
4. Сайт арқылы сертификат беру туралы ой-пікіріңіз. Сертифкат тек көрнекті сабақтарға ғана берілуі керек. Ол сабақты білім маманы тексеріп көрген болуы тиіс. Ал, автор кез-келген сабаққа сертифкат алғысы келсе ондай сертифкаттың мәртебесі төмендетілуі тиіс.
5. Республика Ұстаздарына және «45minut.kz» басылымына тілегіңіз. Ұстаздарға арналған баслымыдар көп. Ал, 45минут қазіргі заманғы, жаңа типті ұстаздарға арналған басылым болуын тілеймін! Құрметпен: «Информтаик ұстаздар» сайтының әкімшісі, жоғары санатты мұғалім Жақаев М.

 

Білім саласындағы сайт иелерімен интернет сұхбат: 3 комментария

  1. Саламатсыздарма? Мен ашық сабағымды баспасөз бетіне жариялағым келген, жолын айтасыздарма?

Добавить комментарий для Закирова.Б.Р Отменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.