Қазақ әдебиеті

Қысқа мерзімді жоспар. Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ »

Темірболатова Айнагүл Қарымсаққызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Кенбай орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Қысқа мерзімді жоспар

 

Сабақтың аты

Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ »

Сілтеме

Суреттегі ой бейнесі

Сөзмаржан

Презентация

Жалпы мақсаты

Ақынның өз халқының,жалпы адам баласының өнер-ой байлығы-

нан алған үш үлкен саласы,өлеңдегі ер жігіттің сенімді серігі-бәйге атының сыны мен бағасын түсіну

Оқыту нәтижесі

Ақын шығармаларының өмірлік құндылықтарынтану, жүйрік баптау,оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу.Өлеңде бейнеленген аттың мүсіндік портреті

Негізгі идеялар

Абай суреттеуіндегі аттың сыны –сөз өнері.Ақынның жылқы малына ұлттық психология тұрғысынан көзқарасы

Дереккөз

Ғаламтор

Оқулық.Оқыту әдістемесі

Ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал

Тапсырмалар

1.Оқулықпен жұмыс

2.Жұппен жұмыс

3.Топтық жұмыс

4.Постер қорғау

Кейінгі тапсырмалар

1.Өлеңді нақышына келтіре оқу

2.Эпитет,теңеуді табу

3.Мазмұнын қара сөзбен жазу

 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

-Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу.Топқа бөлу

-Үй тапсырмасын тексеру: 1.Ұнаған шумақтарын жатқа айту

2.Сенің ойыңша жақсы қасиеттер?

( Формативті бағалап отыру)

-Бағалау критерийлері: « 5» — 1 — 4 толық қамтылса;

« 4 » — 1 – 3 толық қамтылса;

« 3 » -1- 2 толық қамтылса ;

-Сабақтың мақсаты мен нәтижесін көрсету

-Топтық бағалауға парақша тарату

-Ой қозғау сұрақтары

1.Абай туралы не білеміз?

2.Қандай өлеңін жатқа білесің?

3.Сұлу сәйгүлік туралы қандай шығармалармен таныстыңдар

-Оқулықпен жұмыс: Абай туралы берілген мәтінді оқып,түсіндіріп шығу

( Формативті бағалау)

-Жұппен жұмыс:

1.Сызба бойынша бір-біріне «Абай туралы не білдім ? »тақырыбына сұхбаттасу

2.Мәтінмен жұмыс:а) өлеңді оқу

ә)Қиын сөздермен жұмыс:

Сағақ-жылқы тамағының астыңғы жағы

Жерсоғар-ат тұяғының арт жағындағы қатты жері,өкшелігі

Ашамайлы- ашамай салынған деген сөз

Ашамай-атқа мініпжүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы ер

Шідерлік-аттың сирағының шідер салатын жері

Шідер- аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғына қосып салатын тұсау

б) Ақын суреттеуінен алған әсерлерің?(түр-тұлғасы,жүріс-тұрысы,шабыс-желісі)

-Топтарға ресурс беріледі:Тапсырма

Өлеңде айтылған дене мүшелерін рет-ретімен санамалап көрсету

-Мұғалімнің түсіндірмесі

-Өлеңде кездесетін сөздердің мағынасын ашу –

-Оқушыларға С.Жүнісовтің « Ақан сері» романынан үзінді оқып беру

-Абайдың аттың сынына шығарған өлеңі мен ұсынылған әңгімені салыстырып,өз ойларыңды білдіріңдер

-Талантты,дарынды балаларды қатыстыру(қосымша ғаламтор материалдарынан)

-Бекіту сұрақтары

1.Ақын ат суретін қандай ретпен суреттейді?

2.Аттың дене құрылысын бұндай ретпен суреттеудегі ақынның мақсаты не?

3.Сұлу, жүйрік аттың дене мүшелерінің белгілері, қасиеттері қандай ?

4.Абай суреттеуіндегі тұлпардың мінезі қандай?

5. Атқа қандай қарым-қатынасын білдіреді

-Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау

Үйге тапсырма:1.Бәйге атының сынын қара сөзбен жазу

2.Эпитет, теңеуді табу

-Рефлекция кезеңі

-Сабақты тренингпен аяқтау

2 минут

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

5 минут

 

 

 

5 минут

 

3 минут

 

 

 

Қысқа мерзімді жоспар. Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ »: 1 комментарий

Добавить комментарий для Гулжамал Отменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.