Без рубрики

Синонимдер

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
Жасқайрат селосы
Ш. Т. Еркінов орта мектебі
Нұртілесова Назгүл Бергенқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ тілі 5- сынып

 

2 апта

5 кун

3 сабак

Сабақтың атауы:

Синонимдер

Сілтеме:

Қазақ тілі, 5- сынып. «Атамұра» 2010, 33- бет, жоспар, Power Point, ресурстар.

Жалпы мақсаты:

Мағыналары бір –біріне жақын, дыбысталуы әр басқа сөздер тобын түсіну, сөйлемдегі қызметін анықтау, әр сөз табының құрамында синонимдік қатардың кездесетіндігін білу.

Оқыту нәтижесі:

Тіл байлығы молаяды, сөзді қолдануда талғанпаздық танытады, бір сөзді қайталаудан арылады.

Негізгі идеялар:

Мағыналары бір – біріне жақын сөздердің әр қайсысының қолданылатын орнын білу.

Дереккөздер:

Қазақ тілі мен әдебиет журналы,парақшалар, қосымша нұсқаулық, ресурстар, MicrosoftPower

Point, ғаламтор, АКТны пайдаландым.

Тапсырмалар:

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру: «Менің отбасым» ой толғау. «Ыстық орындық» стратегиясы. Лексика тарауы бойынша жабық сұрақтар қойылады. «Қызығушылықты ояту» сатысы:» Ой қозғау» сұрақтары. Санжұмбақ шешеу. Мағынаны тану: «Жазу семинары» стратегиясы: Топтық жұмыс. «Кім білімді?» ойыны; Жаттығу жұмыстарын орындау. «Сергіту сәті»: «Қара жорға» биі. «Сәйкестендіру кестесі» стратегиясы. Синоним сөздерді сәйкестендіру, тірек сөздер беріледі. Интерактивті тақтамен жұмыс. «Екі жақты күнделік» стратегиясы. Ресурстармен жұмыс: Мәтінді оқи отырып, ішінен омонимдер мен синонимдерді табу.

Бекіту сұрақтары: «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы. «Сиқырлы сандықша» ойыны.

Ашық сұрақтар:

1. Синоним сөздер бізге не үшін қажет?

2. Егер синоним сөздерді қолданыстан алып тастасақ қалай болар еді?

3. Синоним сөздердің орнына сіздер қандай сөздер ойлап табар едіңіздер?

Кейінгі тапсырмалар:

73- 74-75- жаттығуларды орындау.

Ережелер жаттау.

Кері байланыс:

БҮҮ стратегиясы.

Рефлексия. Стикер жазу.

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу. Тренинг өткізу. Шаттық шеңбері. «Жылы лебіз» тілектер айту. (Әр түрлі әдемі түстер бойынша топқа бөлу. ) 3 минут

1- топ «Қыран» тобы, 2- топ «Сұңқар» тобы, 3- топ «Тұлпар» тобы.

 

  • Үй тапсырмасын тексеру: «Менің отбасым» ой толғау.

«Ыстық орындық» стратегиясы 3 минут

Лексика тарауы бойынша жабық сұрақтар айтылады.

1. Лексика нені зерттейді?

2. Сөз мағыналары нешеге бөлінеді?

3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

4. Ауыспалы мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

5. Омонимдер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

 

  • Бағалау критерийі: « 5» — 1- 4 толық қамтылса,;

«4» — 1- 3 толық қамтылса;

« 3»- 1- 2 толық қамтылса;

1. Үй тапсырмасын орындауы.

2. Жаңа сабақты меңгеруі.

3. Жаттығу жұмыстарын орындауы.

4. Қосымша тапсырмаларды орындауы.

 

(Парақша таратылады топ басшылары бағалайды)

1 топ

Аты- жөні

Топ жетекшісі

Мұғалімнің бағасы

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

 

 

2 топ

Аты- жөні

Топ жетекшісі

Мұғалімнің бағасы

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

 

3 топ

Аты- жөні

Топ жетекшісі

Мұғалімнің бағасы

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

 

  • «Қызығушылықты ояту» сатысы. «Ой қозғау» сұрақтары: 3 минут

Бұл тақырыпты өтпес бұрын балаларға мына санжұмбақты интерактивті

тақтаға сызып көрсетемін.

 

Санжұмбақ

 

2

7

 

5

5

6

5

1

С

и

н

о

н

и

м

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қандай ел озар? 2- әріп — С (Ұсталы)

  2. Сюжеттің белгілі бір құрылымы. 7- әріп — И (Композиция)

  3. Қарадан туып хан болған кім? 5- әріп- Н (Жаман)

  4. Жар басында тесулі тұрған жарты лашық кімдікі?

5- әріп — О (Бекторы)

  1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі қойшы баланың әкесінің аты кім? 6- әріп Н (Мергенбай)

  2. Жалпы халықтың көркем тілі қалай аталады?

5- әріп И (Әдеби)

  1. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? 1- әріп – М (Мұқағали)

 

Мағыналары мәндес, яғни бір –біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?

Оқушылар келтірілген мысалдарын «Идеялар тақтасына» жазады. Оқушылар синонимнің ережесін шығарады. 2 минут

 

  • Мұғалім сөзі: Барлығын қорытып сабаққа түсінік беріп кетемін.

2 минут.

 

Мағынаны тану: «Жазу семинар» стратегиясы. Постер қорғау.

7 минут

 

1- топ «Қыран» тобы. «Синоним» сөзін топтастыру стратегиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Синонимді білу тілді байытады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • 2- топ «Сұңқар» тобы. Синонимдік қатар құрау. Зат есімнен болған синонимдер. Етістіктен болған синонимдер.

 

 

Зат есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай, т. б.

 

Амандасу, есендесу, сәлемдесу

 

  • 3- топ «Тұлпар» тобы. Сын есімнен болған синонимдер мен үстеуден болған синонимдерге мысалдар келтіру.

 

  • «Кім білімді?» ойыны. Жаттығу жұмыстарын орындау.

7 минут

  1. топ «Қыран» тобы. 70 — жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп, өздерің теріп алған синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.

Синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңдар.

 

2- топ «Сұңқар» тобы. 71 – жаттығу. Мәтіннен ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып олардың орнын ауыстырып қолданыңдар.

Қандай өзгеріс болды? Өздерің түйін жасаңдар: синоним сөздер бір-бірінің орнына талғаусыз жүре бере ме? Ойларыңды мысалмен дәлелдеңдер.

Ар, намыс туралы білетін қанатты сөздеріңді, мақал –мәтелдеріңді дәптерлеріңе жазыңдар. Олар мәтіндегі оймен қалай байланысатынына назар аударыңдар.

 

3-топ «Тұлпар» тобы. 72- жаттығу. Мәтінен синоним сөздерді табыңдар. Өз жеті аталарыңды атап беріңдер.

«Жеті атасын білмеген — жетесіз » деген сөздің мағынасын мәтінге

сүйене отырып түсіндіріңдер.

 

«Сергіту сәті»: «Қара жорға» биі. 2 минут

 

«Сәйкестендіру кестесі» стратегиясы. Синоним сөздерді сәйкестендіру тірек сөздер беріледі.

Интерактивті тақтамен жұмыс. 2 минут

 

 

ертеде

азанда

алыс

баяғыда

үлкен

дәм

кішкентай

келбет

ажар

шалғай

тамақ

дәу

таңертең

биттей

 

  • «Екі жақты күнделік» стратегиясы. Ресурстармен жұмыс.

3 минут

Мәтіннің ішінен абзац таңдау, оны жазу. Ішінен омонимдер мен синоним сөздерді тауып, оған түсініктеме береді.

 

  • Бекіту сұрақтары: «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы.

«Сиқырлы сандықша» ойыны. 3 минут

1. Синоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

2. Синоним сөздердің ерекшелігін атаңыз?

3. Синоним сөздердің сөз табына қатысы қандай?

4. Синонимдер сөйлем мүшесінің қызметін атқара ала ма?

5. Сөздің дыбысталуында қандай өзгешелік бар?

Ашық сұрақтар:

1. Синоним сөздер бізге не үшін қажет?

2. Егер синоним сөздерді қолданыстан алып тастасақ қалай болар еді?

3. Синоним сөздердің орнына сіздер қандай сөздер ойлап табар едіңіздер?

 

  • БҮҮ стратегиясы. 2 минут

 

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

 

 

 

 

 

  • Бағалау: Берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша бағалау . Балалармен бірігіп қарау. Критерийлер арқылы жиынтық бағалау. 2 минут

 

  • Үйге тапсырма : Үш топқа бөліп беремін. 73- 74-75- жаттығуларды орындау. Ережелер жаттау. 2 минут

 

  • Рефлексия. Стикер жазу. 2 минут.

 

 

 

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп

 

 

Мұғалімнің жазбалары

 

Елбасының Жолдауында: «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқытушылардың біліктілігін арттыруға аудару қажет. Себебі: ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап көрсетті.

(Елбасы Жолдауынан).

Жолдауды орындай отырып, біз инновациялық оқуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты даярлаймыз.

Ал инновациялық оқыту дегеніміз – оқушылардың мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағлымдық жолдарын қабылдау, оған сын көзбен қарай отырып, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Шығармашылық ойлау іс – әрекеттегі саналылықты өрістететін зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс – әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол.

Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру үшін сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға болады.

Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты: білімге құштар, ой- өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.

Ол үшін төмендегідей қағидаларды берік ұстанамыз:

— оқушы мен оқытушы арасындағы тепе – теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер;

— оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, бір –бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегінің маңыздылығы;

— оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;

— оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру;

— сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, керсінше, оқушы екені туралы пікір қалыптастыру;

— әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру.

Мен курстың бірінші бетпе – бет кезеңін аяқтап, өзімнің жұмыс жасайтын, Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебіне тәжіребиеден өтуге бардым.

5 — сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Омонимдер» тақырыбына сабақ өткіздім. Сыныпта 15 оқушы бар.

Сабақтың мақсаты; дыбысталуы бірдей мағыналары басқа — басқа сөздер тобын, олардың жасалу жолын түсіну, олардың көп мағыналы сөздерге ұқсастығы мен айырмашылығын білу. Негізгі идеялар; дыбысталуы бірдей мағыналары басқа – басқа сөздер тобын өмірде қолдана білу.

Ұйымдастыру сәтінде; оқушылармен жылы амандасып, бүгіні сабақты жақсы өткізуге сәттілік тілеп, көңіл күйлерін көтеріп алдым. Балалардың сабаққа қатысын тексеріп, тренинг өткіздім. Оқушыларды әр түрлі әдемі түстер арқылы, үш топқа бөлдім. Балаларға топқа бөліну, тренинг өткізу ерекше әсер етті.

 

 

Оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, топ ережесін қалай құру керектігін үйретіп, топ ережесін құрғыздым. Топ ережесін құруда олар бір – бірімен бірлесіп, ақылдаса отырып, өздерінің жас ерекшеліктеріне сай топ ережелерін құрды. Маған көрсетіп бұрынғы әдеттерінше ; — Апай, дұрыс жаздық па? – деп көрсетіп жатыр. — Бұл топтағы барлық баланың еңбегі, барлығың топпен бірлесе отырып жаздыңдар, сендер бір жанұясыңдар, бірің білмегенді — бірің үйретіп, түсіндіріп айтыңдар, барлығымыз дос, тату боламыз!- деп оқушыларды ынтымақтастырдым.

Оқушылар топ ережелерінде былай жазған:

1.Сабақтан қалмау, кешікпеу.

2. Тәртіпті сақтау.

3 Уақытты үнемдеу.

4. Бір- бірінің пікірін тыңдау.

5. Сабаққа белсенді араласу.

6. Өз ой- пікірін еркін айту.

Оқушылар бір топ, бір ұжым екенін сезініп, топ ережелеріне бағынып, өздерін – өздері реттеп қалыптасты.

Үй тапсырмасы тест жұмысы, тест жұмысының жауаптарын интерактивті тақтада жазылған жауаптар арқылы, оқушылар бірін- бірі тексереді. Бағалау критерийі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийі:

«5» — 1- 4 толық қамтылса;

«4» — 1- 3 толық қамтылса;

« 3» — 1- 2 толық қамтылса;

1. Үй тапсырмасын орындауы.

2. Жаңа сабақты меңгеруі.

3.Жаттығу жұмыстарын орындауы.

4. Қосымша тапсырмаларды орындауы.

Оқушылар бағалау критерийін сабақта тапсырмаларды орындаған сайын ескеріп отырды.

Оқытудағы әңгімелесу – қарым – қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.

(Александер 2004, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 40 -бет).

Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағыдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8 бет).

Сабағымның жүру барысын, «Блум таксономиясы» жүйесі арқылы құрдым.

Білім жүйесінде «Қызығушылықты ояту» стратегиясы бойынша түрткі сұрақтар қойылды. Жабық сұрақтарды оқушылар өздері өткен сабақты жинақтау, еске түсіру мақсатында, бір –біріне түрткі сұрақтар қойды.

1. Лексика саласы нені зерттейді?

2. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

3. Сөздің ауыспалы мағынасын дәлелдеп мысал келтір.

4. Көп мағыналы сөздерді қалай түсінесіңдер?

5. Көп мағыналы сөздер көбіне тура әлде ауыспалы мағынада қолданыла ма?

Балалар ережелерін айтып, мысалдар арқылы дәлелдеді. Сабаққа толық әзірленбеген үш –төрт оқушы болды. Оларға қосымша тапсырмалар берілді.

Сұраққа жауап берген оқушыларды фармотивті бағалап отырдым. Қолпаштау сөздермен, балаларға қол шапалақтату арқылы бағаладым.

Түсіну жүйесінде; жаңа сабаққа байланысты тақтаға кесте ілінеді. Кестеде омонимдерге мысалдар келтірілген. Осы мысалдарды оқушылар оқи отырып, қандай сөздер екенін табады.

Мысалы; қара шаш, тақтаға қара, алыстан бір қара көрінді.

Қайшының жүзі, суға жүз, жүз жылқы, жүзге бөлінді, жүз көрісті.

Айт болды-діни мейрам; ән айт, айт – итті бір нәрсеге айтақтап қосу.

  • Балалар, бұл мысалдар сіздерге таныс па?

Жақсы, балалар, мысалдардың ішінен айтылуы бірдей сөздерді тауып отырсыздар. Енді осы сөздердің мағынасына мән берейікші, айтылуы бірдей сөздердің мағыналары қандай?- деп сынақтан өткізу сұрақтары арқылы оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын өздеріне таптырттым. Омонимдердің ережесін өздеріне шығарттым, омонимдерге мысалдар келтірттім.

Оқушылар омоним сөздерді сыни тұрғыдан ойлап, саралап ережелерін өздері шығарды. Бұл тапсырмаларды орындарда, балалар диалогтік әңгіме құрды. Алғашқы сабағым болғасын балалар таңырқап отырды. Кейбір тұйық балалар сабаққа бірден араласып кете алмады.

Содан соң жаңа сабаққа толық түсінік беріп өттім. Мысалдар келтіру арқылы туынды омонимдерді дәлелдедім.

Оқушылар үш топқа бөлінген, әрбір тоқа бөліп тапсырма бердім. Бұл тапсырмалар оқушылардың диалог арқылы бір – бірімен сөйлесуі, әңгімелесуі негізінде сыни тұрғыдан ойлауын дамыту тапсырмалары.

Қолдану жүйесі бойынша; «Жазу семинар» стратегиясы арқылы, Жигсо-2 әдісі бойынша тапсырмалар берген кезімде, балалар топтық жұмыс жасады.

1-топқа берілген тапсырма, «Омоним» сөзін топтастырып постер қорғау. Оқушылар омоним туралы білгендерін ортаға салып, сыни ойлай отырып, бір –бірімен әңгімелесу арқылы постерге топтастырып жазды. Ортаға топпен шығып, постерлерін қорғады. Топта отырған балалардың барлығы тапсырманы орындауға, сабақ айту үрдісіне қатысты.

 

 

 

Салыстыру: 2-топқа «Венн диаграммасы» арқылы, көп мағыналы сөздер мен омонимдерді салыстыру, ортақ қасиетін табу. Тапсырманы әр топ өз топтарында орындап, талқылап алып, келесі топқа талантты және дарынды оқушылар барып түсіндірді. Бұл арада талантты және дарынды балалар анықталды, оларға өз топтарында орташа оқитын балаларға көмектесіп, тапсырмаларды түсіндіріп отыруға тапсырдым.

 

 

 

 

3-топқа берілген тапсырма, омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығын көрсетіп, мысалдар келтіру.

Осы тапсырмаларды орындай отырып, балалар бір- бірімен сөйлесті, бірін –бірі оқытты, бірін- бірі үйретті. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы, диалогтік әңгімелесу арқылы тапсырмаларды өз беттерімен орындады.

Талдау жүйесі бойынша; оқушыларға ресурстар тараттым, ресурстарда әдеби оқулықтан алынған мәтіннен омоним сөздерді тапқыздым. Балалар омоним сөздерді тапты, орташа оқитын оқушылар топтың көмегімен тапсырманы орындады. Олар да араласып балалармен бірге сөйлесіп, еркіндікке үйреніп келеді.

Талантты және дарынды балаларға ресурстармен жұмыс жасауда күрделі тапсырмалар бердім. Олар сол күрделі тапсырмаларды орындап, өз білімдерін дәлелдеді.

Орташа оқитын оқушыларға жеке тапсырмалар бердім. Жеке тапсырмаларға төменгі дәрежедегі сұрақтар берілді.

1.Омонимдер дегеніміз не? Омонимдерге мысал келтір.

2. Омоним болатын сөзді тап. Жас, кітап, үй, сұлу, көз, әке.

3. «Омоним» сөзінің мағынасы қандай?

Бұл сұрақтарға да орташа оқитын оқушылар жақсы жауап беріп, сабақты меңгергенін білдірді. Балаларды тәттілер арқылы формативті бағаладым. Балалар формативті бағалаған сайын тапсырманы орындауға тырысып, бұрын сабаққа зейін қоймайтын балалар, сабаққа араласып, тәртібі де түзеліп, олар мені өте жақсы көрді.

Жинақтау жүйесі бойынша; жаттығу жұмыстарын орындады. Дәптермен, тақтамен жұмыс болды.

1-топқа 62- жаттығу. Тыйым сөздерді түсініп оқыңдар. Тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздер бар ма? Әдептілікке қандай қасиеттерді жатқызасыңдар? Санамалап айтыңдар. Осылардың ішінде өзің біліп, орындайтындарың бар ма? Атап көрсетіп себебін түсіндіріңдер.

2-топқа 63 – жаттығу. Мысалдарды оқыңдар. Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер. Осы мысалдарда омоним болатын сөздер бар ма? Болса, соларды қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.

3-топқа 64 – жаттығу. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңдер. Жас, оң, көз, үй сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құраңдар.

Жаттығуларды орындай отырып та оқушылар жұптаса, топтаса отырып сөйлесті. Сыни тұрғыдан ойланды. Топтық жұмыстың мағыналы екеніне көзім жетті. Әр жаттығуды ортаға оқып, бірлесіп талдап, бірін – бірі оқытты.

Сергіту сәтінде «Бегемотик» биін билеттім. Оқушылар бір сәт серігіп қалды.

Интерактивті тақтамен «Ойлан, тап» қызықты грамматикалық ойындар арқылы омоним сөздерді ажыратып, қандай сөз таптары арқылы жасалып тұрғанын тапты. Тапсырмаларға балалар белсене араласты. Бұл арада АКТ – мен жұмыс болды, балалар интерактивті тақтамен тапсырмаларды орындай отырып жұмыс жасады.

Жекелеген оқушылардың қажеттілігін ескеру үшін оларға тест жұмыстарын беріп, өз –өздерін жауап парақшалары арқылы бағалаттым. Бұл арада балалар өздері нені меңгергенін, нені меңгермегенін өздері білді. Мен үйретуге тырысқан негізгі міндетті балалар меңгерді. Жаттығу жұмыстарын орындата отырып та, сабақтағы негізгі мақсатыма қол жеткіздім.

Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айытқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттік, сондай –ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипаатталады.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 77- бет).

Тапсырмалар балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай топтық, жұптық, жеке тапсырмалар берілді. 5- сынып оқушылары, 10 – 11 жас аралығындағы балалар.

 

 

Мен өзім көшбасшымын. Себебі сабақ өткізуде, балаларға бағыт – бағдар беріп, сабақта орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар құрып, оқушылардың білім алуына жол аштым. Оқушыларым жаңа дамыған елдің білімді, озық ойлы азаматы болсын! — деп шын жаным ашып, ұстаздық жолымда білім нәрімен сусындатып, алдағы ұстаздық жолымда алған білімімнің зор пайдасы тиеді деп толық айта аламын.

Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 14 -бет).

Жоғарырақ деңгейдегі ойлауды қалыптастыру үшін менің сұрақтарым балаларға өте ықпал етті.

Оқушылар бағалау бетшелері арқылы, өзін –өзі бағалады. 15 оқушының «5» — 3 оқушы,

«4» — 5 оқушы, «3» — 7 оқушы алды. Кретерийлер арқылы әділ бағаланды. Сапа көрсеткіш: 53 % көрсетті.

Үйге тапсырма: 66- 67- 68- жаттығулар берілді. Омонимнің ережелерін жаттау, мысалдар келтіру.

Кері байланыс. Стикер жазу.

 

 

Стикерлерге оқушылар сабақтың осы әдіс- тәсілмен өткендігі өте ұнағандығын, өздері еркін отырғандығын, топпен жұмыс жасау қызықтырғандығын жазған.

«Метасана» деген терминді «тұлғаның өзін – өзі тануы және өз танымдық үдерістері мен стратегиясы қарастыру» сипаттамасы ретінде Флейвелл енгізді (Flavell, 1979). Метасана жай ойлап әрі біліп қана қоймай, адамдардың қалай ойлайтынын, не білетінін қарастыра отырып, өзіндік рефлексия жасау мүмкіндіктерін зерделеу қабілетіне жатады.

Сонымен қатар Флейвелл мен оның әріптестері (1995) метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метакогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған. Бірақ, мұндай стратегияларды пайдалана алмау жасына емес, тәжірибесіне де байланысты деуге болады. Сондай – ақ үдеріске педагогтің араласуы бастауыш мектеп жасындағы балаларға да жемісті оқу стратегиясы болатын метасана компоненттерінің компоненттерінің кейбіреуін дамытуға көмектеседі. (Мұғалімге арналған нұсқау, 80- бет).

Бұрынғы дәстүрлі сабақпен салыстырғанда, жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту, оқушыларға да өзіме де ерекше әсер етті. Себебі, барлық бала жұмысқа жұмыла араласып отырды. Тұйық балалар сөйледі. Сабағымды осы бағытпен өткізсем, балалардың білім алуға ынталанатынына, оқуға қызығатынына көзім жетті. Бірақ алғашқы сабағым болған соң, уақыт тапшы болды. Балалар алда дағдыланады деп ойлаймын. Себебі оқушыларға сабақ өте қатты ұнады. – Балалар, апай сабақты өткізе берейік!- деген сөздерінен олардың көңілдеріне жаққанын байқадым. Бұрынғы дәстүрлі сабақтан айырмашылық көп, сабақтан балалар да шаршамай көңілді шықты, ал менің өзі де жеңіл шықтым. Уақыттың қалай өткенін аңғармадым. Барлық бала сабақ үдерісіне қатысты. Барлығы жұмыс жасады. Бұрын оқытқанда қолдарын алдарына қойғызып, бір –бірімен сөйлестірмей отырғызамыз, кейбір орташа оқитын балалар өз еріктерімен тапсырманы орындай алмай, көмек сұрауға қорқып отырады екен. Қазір топ ішінде олар ашылып, балалардың көмегімен оқуға елікті.

Алдағы сабақтарымда оқушылар да көп өзгерістер болды. Олар өздерін жайлы, еркін сезінді. Ойларын ірікпей ашық айта алды. Өздерінің жеке басындағы жағдайлар туралы сырласа бастады. Мені көрген жерде тағы да сабақты топтастырып өткізейік деген тілектер айта бастады. Әріптестерім де оқушылардың қазақ тілі сабағын асыға күтіп, менің сыныпқа баратын уақыт болғанша елеңдеп отыратындығын айтты. Бұл да менің сабағымның жақсы нәтиже бере бастағандығы деп есептеймін. Әріптестерімде менің жұмыс жасаудағы бағытымның өзгешеліктеріне таңырқап, сабақтарыма қатысып, бұрынғы сабақтардан ерекше әдіс- тәсілдің қолданылуын талқылады.

Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.

Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағыдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады.

Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағыдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 9- бет).

Мен болашақтағы тәжірибемде осы жеті модульдерді сабағыма кіріктіре отырып жұмыс жасаймын, себебі бұл балаларға жүйелі білім беруге оңтайлы тәсіл екенін білдім. Қазіргі талдап отырған сабағыма да жеті модульдерді кіріктіріп өткізгенде, мен жақсы нәтиже алдым.

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.