Без рубрики

Қазақ тілім

 Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы,
  Опорный орта мектебінің 

8 «в» сынып оқушысы
Асанбаева Нұргүл

 

Па, шіркін жетпейді ғой қазақ тілге ешбір тіл,

Қазақ тілдің астарында мың сыр тұр.

Қазақ тілдің қасиетін бағалап,

Қазақ тілде сөйлейікші жамағат.

Қазақпын деп мақтанғаннан не пайда?

Сөйлемесең, түсінбесең қазақша?

Қазақпын деп өзге тілде сөйлейсің,

Ал, өзге ұлттар сөйлеп жатыр қазақша!

Бұлбұл құстар сайрап жатыр қазақша,

Қазақтар ше?

Сөйлей алмайды өз тілінде масқара.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Бұл сөздерді халқым айтқан тамаша.

Осы сөздің құдіретін санамызға түйейікші халқым барша!

Қазақ тілім: 1 комментарий

Добавить комментарий для Ардак Отменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.