Филология

Толықтауыштық қатынас

Пәні:қазақ тілі

Сыныбы:7 «а»

Сабақтың тақырыбы:Толықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту арқылы тақырып бойынша білімдерін тереңдету; толықтауыштық қатынасты жаттығу жұмыстары меңгерту.

Дамытушылық: теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз елін, жерін қорғай білетін ұлтжанды, бойында патриот сезімі ұялаған,өз ойын көркем, толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада жасалынған флипчарт, ойын құрал-жабдықтары.

 

Сабақтың әдісі: ұлттық ойындар, аукцион

Пәнаралық байланыс: география, тарих,экология, экономика

Сабақтың барысы:

А)Ұйымдастыру бөлімі:

 

Пихологиялық дайындық:

 

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

– ҚАЗАҚСТАН  ҚАЗАҚСТАН   ҚАЗАҚСТАН

 

Дүбірлі дүлдүлдердің ізі қалған,
Жүлделі жүйріктердің жүзі жанған.
Ежелгі Сырдың елі, жырдың елі,
Киелі, қасиетті Қызылордам. Қызылорда. Қызылорда.Қызылорда

 

Үміті сөнбеген халқының

Бояуы өшпеген салтының

Келеді айдынды шалқарым

Биікке өрлеген Аралым  Арал. Арал.Арал

 

Мұғалім сөзі:

Алқаракөк айдынында

Аққу жүзген Аралым!

Айдыныңа ай нұрында

Айбаттана қарадым.

Аралым, айдын шалқарым,

Толқыны бұлтқа ұмтылған;

Толқын сайын бір жайын

Тулап ойнап бұлқынған.

Кезінде толқыны тулап, шағаласы шулаған теңізіміз қазіргі таңда мынадай жағдайда.

 

 

Суретпен жұмыс

     Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. 

Халықаралық Аралды құт­қа­ру қоры 1993 жылы Орталық Азия Мемлекет басшыларының шешімімен Арал теңізі бассейніндегі экологиялық ах­уал­ды жақсарту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларын қаржыландыру мақсатында құрылды. Осы қорға үлес қосу мақсатында әр топ өзінің тобын құрып, сабаққа белсенді қатысуы арқылы, қорға ақша жинайды. Сабақ соңында қордағы ақшалар Аралды құтқару қорына өткізіледі.

Ә)Үй тапсырмасын сұрау:

«Арқан тарту» ойыны арқылы жүргізіледі.

    Синтаксис нені зерттейді?

    Сөздердің байланысу түрлерін ата.  

    Синтаксистік қатынастың неше түрі бар? Оларды ата.

    Анықтауыштық қатынас дегеніміз не?

    Мысал келтір. 

Б)Жаңа сабақты меңгерту:

       Меңгеріле байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалады да, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін тура я жанама обьектісін, я сол обьектіге қатысын білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден?

Кіммен? Немен? деген сұрақтар қойылады: хатқа (неге?) жауап, оқуды (нені?) бітірді, балуанмен (кіммен?) күрестіт.б.

     Мысалдармен жұмыс. Толықтауыштық қатынасқа мысалдармен жұмыс

 

 

        Орта Азия мемлекеттері  «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды.

        Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. 

        Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі теңіздің су деңгейінің азаюына, оның екіге бөлінуіне әкеліп соқтырды.

 

Оқулықпен жұмыс

 

   «Бәйге» ұлттық ойыны.

 Берілген сызықтарға ел, халық туралы 8 мақал жазылған. Сызық боымен сызғышты жүргізе отырып, сол мақалдарды табу, синтаксистік қатынас түрлерін анықтау.     

 

Аукцион ойыны

 

    Теңіз ұлтанынан қалған көне жәдігерлерді аукцион әдісі арқылы оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы сатып алады. Яғни берілген сөйлемдерден  толықтауыштық қатынастарды табу, олардың қалай жасалып тұрғанын анықтау.

Тапсырмалар:

        Аралдың апатқа ұшырағанға дейінгі тереңдігі- 30-60 метр, тұздылығы-10-12 пайыз болған.

        Теңіз өңірінде орналасқан елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту:

— Оқушылар, сабағымызды сергіту сәті арқылы бекітеміз.

 

     «Тақия алу» ұлттық ойыны.

  1. Толықтауыштық қатынас қалай жасалады?
  2. Арал теңізі туралы құрамында толықтауыштық қатынасы бар сөйлем құра.
  3. Халықаралық аралды құтқару қоры қай жылы құрылды?

 

Қортындылау:

 

Мен сенемін, кешікпей сен келерсің,

Сол сәтіңде бізді аймалап, енерсің.

Теңіз-анам, оралғанда біз жаққа,

Аралымның көркейгенін көрерсің.

 

Бағалау

 

Үйге тапсырма беру:

  1. Эссе «
  2. 270- жаттығу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.