Без рубрики

FLASH мүмкіндіктерімен оқу- құрал жасау

Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы,

Мырзабай ахун ауылы,№122 орта мектептің

7 сынып оқушысы Салықбай Айгерім

«FLASH мүмкіндіктерімен оқу- құрал жасау»

Бағыты: Информатика

Пән жетекшісі:Елеуішова Айдын

Ғылыми жетекшісі: Ә.Т.Төрешбаев

«Есептеу техникасы және

бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының

меңгерушісі ,ф.м.ғ.к:

титул парағы;

—         мазмұны;

Мазмұны

 

 

I.Кіріспе

Оқушының табиғи ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу

 

II.Негізгі бөлім

Болашақ ұрпақтың ғылыми көзқарасы.

Flash бағдарламасымен танысу, құрал саймандарды толық пайдаланып жұмыстарды жасау нәтижесін көру

«Flash мүмкіндіктерімен оқу – құралын жасау»

 

III.Қорытынды

Оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуының әсері.Жасаған жұмыс нәтижесі,алдағы уақытта

 

IV.Ұсыныстар.

 

V. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

VI. Тіркемелер.

 

«Адамның көңілі шын мейірленсе,

Білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.»

Абай

Кіріспе

 

Зерттеу мақсаты:

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми — техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. 
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық — коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.
Программалаушының жұмыс орны – компьютердің алды екеніне сөз жоқ. Көптеген әріптестер түрлі оқу орындарын бітіре сала мектептерде, колледждерде не басқа да мекемелерде жұмысқа кірісіп, әр түрлі программалар мен жұмыс жасауға кіріседі.Қазіргі таңда барлық ақпараттық жүйені білу әр адамның өз құқығы. Заман табалына сай бейімделу керек сияқты. . Осылардан басқа бүгінгі оқу орындары прогрммалаушысына ең қажетті бір бағыт – ол веб-сайт құра білу, басқа қосымша бағдарламалармен жұмыс жасау. Мен өз бетімше бағдарламалармен жұмыс жасағанды қалаймын. Сол өз еңбегімнен сіздерге FLASH бағдарламасын жасалған жұмыстарымды ұсынғалы отырмын.

Бұл жобамның маңыздылығын айтатын болсақ, өскелең ұрпақ сауатты болса, еліміз сауатты деп ойлаймын. Бұл жұмысты алған себебім: flash бағдарламасында кез келген ертегі,дыбыстық анимацияларды,оқуға арналған электронды нұсқаулықтарды жасауды үйрену және оны басқада адамдарға үйрету болды.

Міндетім:

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXIғасыр –білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық комуникациялық технологиялар сан қилы заманымыздың бірден бір көрнекілігіне айналды десекте қате айтпаймыз. Компьютерді және басқада ақпараттық комуникациялық технологиялар (АКТ) пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.

Қазіргі заманғы қоғам – тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда АКТ қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады.

Қазіргі таңда компьютерлік бағдарламалардың түрлері өте көп. Әркім өз бейіміне қарай бағдарламалармен жұмыс жасайды. Менің өзіме ұнайтын көптеген бағдарламалар бар. Соның бірі – FLASH бағдарламасын терең меңгеру және жасаған жұмысымды енгізу. Мен бұл жобамда еш кем түспейтін сайт жасауды үйреніп, өз жұмысымды жасадым. Қазіргі таңда мақсатым жасаған жұмысымды оқу-тәрбие үрдісінде қолданса, әріптестерім үйренсе, алынбайтын амал жоқ, салынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын.

1.Мультимедиялық анимация жасауды

3. Электрондық оқулықтардың және дидактикалық тапсырмаларды жасау. Бүгінгі жобамда алға қойған міндетім,мақсатым осы бағдарламада жасалған жұмысымды , жасауды әріптестеріме үйрету.

Бағдарламаға қысқаша мағлұмат беретін болсақ, Flash бағдарламасы Web-анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарлама. Қазіргі кезде Flash бағдарламасының көмегімен күрделі интерактивті бағытталған кескіндерді, динамикалық Web-беттерді, мультфильмдерді, ойындарды және т.б. ұйымдастыруға болады.

Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілмесі *.fla (Flash құжаты) және *.swf (Small Web-File- кіші Web-файл) типті болып келеді.

Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу жолы: ПускПрограммыMacromedia Macromedia Flash 8

 

Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады (2-сурет).

 

Жүйелік мәзір батырмасы

Тақырып

Мәзірлер қатары

Құжатты ашу бағаны

Терезені басқару батырмалары

Құрал саймандар тақтасы

Қасиеттер бөлімі

Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3-сурет).

Құрылған файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады.

 

Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3-сурет).

Құрылған файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады.

«Tools» (Құрал саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде — объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4-сурет).

4-сурет. Объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары.

Жасаған жұмысыма келетін болсам Флеш бағдарламасында дейсвия пайдаланып парақтарды байланыстырдым. Кадр пайдаланып өзіме керекті қажетті затты жаздым.

 

II.Негізгі бөлім

 

Болашақ ұрпақтың ғылыми көзқарасы.

 

Оқушылардың ұлттық ғылыми жоба жарысы әлеуметтік экономикалық мәселелер тақырыбында ғылымның кез-келген саласындағы құбылыстардың, жаңалықтардың өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ғылыми зерттеулердің басым бағыттары аға-ұрпақ ғалымдардың шұғылданып жүрген ғылыми мәселелерімен танысып, көмектесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға себебін тигізеді.

Ал, оқушы ғылыми зерттеу жұмысын жасау үшін оның негізгі құрылымдарын ажырата білуі қажет.

Мен бұл бағдарламаны алған себебім, өзім пәнге деген қызығушылығым артып ұнаттым.Менің алға қойған мақсатым осы бағдарламаны жетік біліп өз өміріме қолдансам деген ойдамын.Жақсы үйреніп алғансоң мен сыныптастарыма үйретемін.

Менің негізгі алға қойған мақсатым осы қосымша оқуға қажетті электрондық оқулықтар жасасам, үйренсем деген ойым болды.Қазіргі заманның талабына сай ақпараттық технология білу барлығымыздың міндетімізге айналды.Сабақ мультимедиалық көрмелер арқылы болса,өте қызық болары сөзсіз.Өз жасаған жұмыстарымды сабақ барысында қолданып мұғалім көмек құрал ретінде пайдалануға әсер тигіземін.

 

Зерттеу нәтижесінде төменгідей ұсыныстарым бар:

Жасалған жұмысымды әріптестеріме ұсынсам.Толықтырып электронды жинақ ретінде қолдансақ. Бағдарламаға қосымша материалдар таратылса.

«Мені қызықтырған»

 

Мен зерттеу жұмысымда «flash» бағдарламасының қызықты да күрделі ойлауды қажет ететін сырларымен таныстым. Бұл жұмысымды жалғастыра беремін. Келешекте тағы басқа адамдараға оңайға түсетін мүмкіндіктерін ашсам деген арманым бар. Әрбір деректі жинаған сайын тың жаңалықтарға толыға түседі екенсің. Демек, маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі, Алдағы уақытта дәрежелі көрмелер, баннерлер, вев сайттар жасауды, электронды оқулықтар және дидактикалық тапсырмаларды жасауға бет бұрамын.

 

«Эссе»

 

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген қазақтың нақыл сөзін әрдайым есіме аламын. Мен бұл тақырыпты ала отырып бағдарламамен танысып «Flash мүмкіндіктерімен оқу – құралын жасау» » бағдарламасынан шағын болсада оқу құралы ретінде электрондық кітапша жасап көрдім. Бұл жұмыстың нәтижесін көріп қатты қуандым. Өмірде өз орнымды таба білгендей болдым. Келешекте жоғарғы дәрежелі қызықты жұмыстарды жасауға дайын екенімді білдіремін. Ең бірінші кадр жасап өзім салған суреттерге мультимедиалық қозғалыстар енгіздім. Бұл менің ең бірінші қызықты жұмысым болды. Сонын нәтижесінде бірнеше табыстарға қол жеткіземін деген сенімдемін. Actions (действия- іс- әрекет, қимыл) бетіне парақтарды беттестіру үшін бағдарлама жаздым. арқылы үйрендім. Ендігі жерде елімізге көмегім тисе, елімнің дамуына кішкене болсада өз үлесімді тигізсем, қазақ халқын биіктерден көрсетсем деген арманым, мақсатым бар. Қазақстанның туын желбірететін жас ұрпақтардың саны көбейсе, бұдан артық абырой, арман бар ма?

 

Мен сол сенімді ақтаймын!

 

III.Қорытынды

 

Қорыта келгенде осындай жұмыс түрлерін жүргізе отырып, жаңа технология үрдісімен оқытқанда информатика негіздерін оқыту арқылы мектеп жасындағы тұлғалардың ойша ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдылары дамып, жеке-дара ерекшеліктері ескеріліп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік болады. Ғылыми зерттеу жоба жұмыстарында интеллектуалдық ойлау деңгейім артты. Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігім артты. Зерттелген деректерімнен, жасаған жұмысымнан кейін теория мен практиканы ұштастыра білдім. Ғылыми жоба жазуда өз ережелерін білдім. Өзімді еркін ұстап, қоғамдық өмірге бейімделдім. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көрсететін ұрпақ болып даярландым. Кемеңгер халықтың болашағын жарқын жолда жалғастыратын білімді де білімпаз, қабілетті де текті ұрпақ бізбіз.

 

122 орта мектептің 7-сынып оқушысы Салықбай Айгерім

«FLASH мүмкіндіктерімен оқу- құрал жасау»

тақырыбында ғылыми жоба жұмысы.

 

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

егер сабақтарда ұйымдастыру үшін ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламалары және оны қолданудың әдістемесі жасалса, онда оқушылардың білімді меңгеру сапасы артады, өйткені бұл жағдайда жүйелі, жеке іс-әрекеттік және дербестік тәсілдер жүзеге асып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен саналылығы артады.

 

Практикалық мәнділігі:Мазмұнды материал ұсынылуда.

 

Зерттеу жаңалығы:

тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері айқындалды;

негізгі мектепте оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолданудың қажетті шарттары анықталды;

негізгі мектепте тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолдану әдістемесі жасалды және оларды оқушылардың сыныптағы және өз бетінше орындайтын жұмыстарына қолдану шарттары айқындалып, олардың тиімділігі эксперимент жұмыстары арқылы тексерілді.

 

Жұмыстың орындалу тәсілі:Нақты жұмыстың жасалуын көрсеткен, теориясымен практикасын толық көрсеткен, жүйелі нақты қорытындылаған.

 

Зерттеудің жетекші идеясы: компьютерлік бағдарламалардың дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау негізінде оларды оқыту процесінде тиімді түрде пайдаланса, негізгі мектепте алгебраны оқыту нәтижелері жоғары болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер.

1.Информатика негіздері

2.Интернет желісінен.

3. қосымша әдебиеттер

4. Мультимедиялық журнал

122 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «FLASH мүмкіндіктерімен оқу- құрал жасау»

 

Орындаған: Салықбай Айгерім

 

Сыныбы: 7

 

Пән мұғалімі: Елеуішова Айдын

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

 

 

Жалағаш ауданыдағы №122 орта мектептің 7 сынып оқушысы Салықбай Айгерім "Flash мүмкіндіктерімен оқу-құралын жасау" тақырыбындағы ғылыми — зерттеу жобасына

 

 

 

Сын пікір

 

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. . . Еліміздің жарқын болашағы жастар қолында дегендей еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатын азамат пен азаматшаларымыз көп. Осы жұмыстың барысында мен бұл оқушының Салықбай Айгерімннің тынбай еңбек ететіні және де қызығушылығы артқанын көріп отырмын. Болашақта Айгерім қызымыз үлкен өмірге өз үлесін қосады деген сенім білдіргім келіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Бұл жұмыста Салықбай Айгерім өз жұмысы туралы толық түсіндірген.Айгерім бағдарламада сурет салуды,дыбыс жазуды,анимация жасауды,және бұл бағдарламада оқулық жасауға мүмкіндік бар екенін айтады.Айгерім өзінің оқулығына қосымша «оқу -құралын» жасаған.Оқушы келешекте ақпарат құралын өз дәрежесінде жетік меңгеретіні және қолданатыны туралы айтқан.

 

 

В своей работа Салыкбаева Айгерим полностю осветила вопросы исследования.Она показала свой умения делать рисунки,озвучивание речи,делить анимации и умение создать дополнительные пособия и учебники по этой прогарммы. Айгерим сделала дополнительное учебное пособие к своему труду.Ученица показала,что в будущем она полностью сможет владеть и применять свой умения по информатике.

 

In his work Salykbaeva Aigerim fully illuminate issues issledovaniya.Ona showed its ability to make pictures, sound speech, divide the animation and the ability to create additional tools and tutorials on this progarmmy. Aigerim made ​​additional textbook for his trudu.Uchenitsa showed that in the future she will be able to fully own and use their skills in computer science.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.