"Интернет сұхбат"

Республикалық «45minut.kz» газетінің сұрақтарына берілген жауаптар

Роза Жұмағазиева Бөгенбайқызы (Қызылорда облысы)

Құрметті Роза Бөгенбайқызы!

1. 2012 жылғы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанында құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтары және оның филиалдарында мектептің мұғалімдері біліктілік курстарынан өтуде. Ваучерлік жүйенің орнына біліктілікті арттырудың жаңа түрі деңгейлік курстар енгізіледі. 2012-2016 жылдары деңгейлік курстан 125 мың мұғалімнің өтуі жоспарлануда.Аталған курстарға білім беру ұйымдары жоғары көрсеткіштері бар мектеп мұғалімдері жіберіледі.


Тоғанақова Рәбиға Сүлейменқызы (Ақтөбе қаласы)

Құрметті Рәбиға Тоғанаққызы!

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жеке тұлғалар санатындағы ғана емес барлық оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етілуі қажет.
2012-2013 оқу жылында оқу процесіне қайта өңделген 1,7 және 8 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары енгізілді.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиеттерінің тізбесін бекітеді.
Оқу әдебиеттерінің сапасын арттыру және бәсекелі ортаны дамыту мақсатында «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес аталған Тізбеге бір пән бойынша бес балама оқулықтан аспайтын оқу-әдістемелік кешендер мен оқу әдістемелік құралдаренгізілуде.Баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленеді.
Оқу әдебиеттерін сатып алуды тапсырыс ауқымына байланысты жергілікті бюджет есебінен облыстық (қалалық) білім басқармалары жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарын оқу әдебиетімен қамтамасыз етуде қажетті аталым санын, оқыту тілін, оқулық санын жергілікті атқарушы органдары өздері анықтайды.

Смағұлова Гүлнар Дәкерқызы (Қарағанды облысы)

Құрметті Гүлнар Дәкерқызы!

1. Республикалық газет-журналдарға таныс арқылы ғана мақалалар жариялау деген пікір негізсіз деп ойлаймын. Озық іс-тәжірибені тарату үшін республикалық баспасөз беттерінде, облыстық біліктілікті арттыру институтарының, облыстық білім басқармаларының жанынан басылып жарияланатын әдістемелік газет-журналдарға мазмұнды мақалаларды, озық іс-тәжірибелерін шығаруға әрбір мұғалімнің мүмкіндігі бар.

Бакмағанбетова Әсем (Қарағанды облысы)

Құрметті Әсем!

1.«Орыс тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқытқанда әр пән бойынша журнал бөлек толтырылады.
«Орыс тілі» пәні 2 топқа бөлініп оқытылса, «Орыс әдебиет» пәні — толық бір сыныппен оқытылады.

Қоңқабаева Орынкүл

Құрметті Орынкүл!

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңілдік бойынша зейнетке шығу тоқтатылды. Қазіргі кезде 25-30 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар мұғалімдердің зейнетке шығуы қарастырылмаған.

Гүрленбаева Жұмабике Ражабқызы (Қарағанды облысы)

Құрметті Жұмабике Ражабқызы!

Қойып отырған сұрақтарыңыз орынды.
1. Шет тілі пәнінің мұғалімі өз пәнін оқыту барысында журналды пәннің оқытылу тілінде толтыруға тиым салынбайды.

3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес педагог қызметкер бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге міндетті.
Осыған байланысты осы жылы алған біліктілік санатын мұғалімге келесі жылы оны бекітіп қажеті жоқ.
Сонымен қатар, педагог қызметкердің мерзімінен тыс аттестаттаудан өтуге құқы бар.
4. Педагог қызметкерлерді аттестаттау «Педагог қызметкерлердіаттестаттау ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Аталған бұйрықтың 44-бабына сәйкес педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде білімін, еңбек өтілі мен біліктілік біліктілігін растайтын құжаттары бар болған жағдайда жақын және шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың біліктілік санаттары екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады.

Жұмаева Назира Қаршығақызы (Қызылорда облысы)

Құрметті Назира Қаршығақызы!

1. Қазақстанда ақпараттық қоғамды дамытуды қалыптастырудың ғаламдық факторы ретінде адами капиталды дамыту үшін «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламаның шеңберінде келесі шаралар іске асырылады:
-қандай да бір саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын оның жұмысында қолданылатын АКТ біліктілігінің қажетті деңгейіне дейін арттыру үшін біліктілікті арттырудың мамандандырылған курстары ашылады.

2. Білім беру саласына АКТ-ны толыққанды енгізу және АКТ көмегімен сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылады:
-мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленеді;
-мектепке дейінгі жастағы балалардың тіршілік әрекетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылады.
Орта білім беру мекемелерінің білім беру процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
— білім беру барысында АКТ-ны пайдалану әдістемесі бойынша оқытушылар үшін АКТ бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру;
— оқу барысында АКТ-ны пайдалануға деген оқытушының мотивациясы (материалды ынталандыру, стажировкаларды ұйымдастыру, оның ішінде шетелдік, оқытушының грантты конкурстарға қатысуы);
-инклюзивті білім беру барысында АКТ-ны кеңінен қолдану.

Нұрбол Уалиұлы Буданов (Шығыс Қазақстан облысы)

Құрметті Нұрбол Уәлиұлы!

1. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасына сәйкес «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан сараптамадан өткен оқу әдебиеттері, оның ішінде, электронды оқулықтар Республикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, педагогикалық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді. Аталған комиссияның шешіміне сәйкес оқу әдебиеттері білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылады немесе ұсынылмайды.
Жоғарыда аталған Қағидаға сәйкес келесі оқу жылынан бастап, жаңадан әзірленген оқулықтар білім беру ұйымдарында сынақтан өткізілетін болады.
2. Елорданың мектептеріне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Астана қаласы Білім басқармасының кадрлар бөліміне (тел: 8717-2 55-68-55) хабарласуыңызға болады.

Жанназаров Темірбек Кенжеәліұлы (Қызылорда облысы)

Құрметті Темірбек Кенжеәліұлы!

1. Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2020 жылы республикадағы мектептер 12 жылдық білім беру моделіне толықтай көшеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген кестеге сәйкес 2015-2016 оқу жылында 1,5,11 сыныптар 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бастайды.
12 жылдық мектептің құрылымы оқушылардың негізгі базалық 10 жылдық білім алуына және 11-12 сыныптарда болашақтағы нақты кәсіби бағытын анықтауға құрылған. Осылайша, мектеп оқытуды жалғастырып немесе еңбек нарығына шыға алады.

2.Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан кейін алғаш рет отандық оқулықтарымызды шығаруда оқулықтардың алғашқы басылымдарының сапасы бойынша кемшіліктердің кездескені рас.Отандық оқулықтардың кемшіліктері алғаш рет оқулықтарды әзірлеу кезінде оқу әдебиеттерін әзірлеудің және басып шығарудың нақты механизмінің болмауы, оқулықтарды әзірлеу тәжірибесінің жоқ болмағандығына байланысты болды. Сондай-ақ оқулықтар сапасына қатысты оқу әдебиеттеріне сараптама жасайтын жауапты ұйымның жоқтығы және оқулықтарға сараптама жасаған сарапшыларға ақы төленбегендігі де өз әсерін тигізді. Оқу әдебиеттерінің сапасын арттыру мақсатында 2005 жылдан бастап республикалық «Оқулық» орталығы құрылып, сараптамаға республикалық бюджеттен қаржы бөліне бастады. Осыған байланысты министрлікпен оқу әдебиетін дайындаудағы әлемдік тәжірибеге талдау жасалынды. Әлемдік тәжірибе барлық дамыған елдерде баламалы оқулықтардың пайдаланылатындығын көрсетті.
Оқу әдебиетінің сапасын арттыру және бәсекелі ортаны дамыту мақсатында білім беру ұйымдарына оқулықтарды таңдауға жағдай жасалды.
Қазіргі уақытта білім берудің барлық деңгейіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыру мақсатында оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жөніндегі Республикалық комиссия жұмыс атқаруда.
«Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан сараптамадан өткен оқу әдебиеттері Республикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Аталған комиссияның шешіміне сәйкес оқу әдебиеттері білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылады немесе ұсынылмайды.
Жалпы оқу әдебиеттерін әзірлеу бір күндік жұмыс емес, бүгінгідей ақпараттық-технологиялардың қарыштап даму кезеңінде оқулықтардың мазмұнын үнемі жетілдіруді қажет етеді.
Сондықтан да біз педагогикалық қауым, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың, шығармашылық қауым өкілдерінен оқулықтардың сапасын жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстарды қашанда қабылдауға дайынбыз.
3.Республика бойынша жалпы білім беретін мектептердің «Алғашқы әскери дайындық» кабинеттерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету — 80%-ды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету 95%-ды, спорттық құралдармен қамтамасыз ету 67,5%-ды құрайды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Алғашқы әскери дайындық» кабинеттері мен спорт залдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жалпы білім беретін мектептердің оқу құралдарын жабдықтауға қаржы бөлу жөнінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне бірнеше қайтара ұсыныс жасады.

4.Ұстаз мәртебесі дегеніміз – ұстаздың қоғамдағы орны, беделі.
Қазіргі кезде Министрлік тарапынан педагог қызметкердің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда.
Тұңғыш рет биылғы жылы елімізде «Үздік педагог» республикалық конкурсы өтуде. Аталған конкурс жеңімпаздарына 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 618 000 теңге) 48 сыйақы тағайындалып, 5 қазанда Үздік педагогтердің Форумында (Үздік мұғалімдер балы) еліміздің ең үздік 48 педагогі қызметкер осы сыйақының иегері болды.
Осындай іс-шаралардың мұғалімнің қоғамдағы рөлін, беделін арттыратынына, мектепке шығармашыл, жаңашыл ұстаздардың, дарынды жастардың келуіне ықпал етеді.
5.Мектеп формасының түсі, стилі және материалын таңдау білім беру ұйымдарының құзыретіне жатады.
Барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай мектеп формасын қабылдау жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында ата-аналар қоғамдастығының келісімі арқылы жүзеге асырылады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» 15-1-тармағына сәйкес білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес республиканың барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай мектеп формасын енгізу қарастырылмаған.

Жұмағали Мақсат Жұмабайұлы (Батыс Қазақстан облысы)

Құрметті Мақсат Жұмабайұлы!

1. Ағымдағы жылы бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартына сәйкес музыка пәнінің 1-6-сыныптардағы апталық жүктемесі 1 сағат көлемінде бекітіліп, 0,5 сағатқа азайды.
Бұл жағдай Елбасының Жарлығына сәйкес «Денешынықтыру» пәнінің апталық жүктемесіне 1 сағат қосылуына және «Өзін-өзі тану» пәніне 1 сағат бөлінуіне байланысты. 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында аталған пәннің апталық жүктемесі 1 сағат мөлшерінде қарастырылған.
2. 11 жылдық мектептің ҚР ЖМББМС-тің жаңа нұсқасында «Орыстілі» пәнін оқытуға 1 сағат қосылмаған.
3. Қазақ өнерінің тарихы білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша оқытылатын пән. Аталған пән «Дүние жүзі» және «Қазақстан тарихы» пәндерінің бағдарламасында кездесетін түрлі елдердің, сонымен қатар қазақ өнеріне, мәдениетіне қатысты тақырыптарды тереңірек ашып оқытуға бағытталған. Сондықтанда тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді және оның көлемі аптасына 1 сағаттан аспайды.
5.«Білім туралы» ҚР Заңының 51-бабымен педагог қызметкерлердің міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі анықталған.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған Заңда ата-аналардың да, оқушылардың да міндеттері, құқықтары, жауапкершіліктері анықталған.
Қазіргі кезде республикамыздың мектептерінде 20 пайыздай ер азаматтар жұмыс істейді.
Мұғалімнің беделін көтеру үшін оның әлеуметтік жағдайын жақсарту қажет, оның ішінде жалақысын көтеру қажет.

Жынысбаева Алмагүл Әділханқызы (Шығыс Қазақстан облысы)

Құрметті Алмагүл Әділханқызы!

2012 жылғы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанында құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтары және оның филиалдарында мектептің мұғалімдері біліктілік курстарынан өтуде. Ваучерлік жүйенің орнына біліктілікті арттырудың жаңа түрі деңгейлік курстар енгізіледі. 2012-2016 жылдары деңгейлік курстан 125 мың мұғалім өтеді. Ол курстарға білім беру ұйымдары жоғары көрсеткіштері бар мектеп мұғалімдерін жібереді.
Деңгейлік курстар келесі жүйеде өткізіледі. Бірінші айда – біліктілікті арттыру орталықтарында немесе оның филиалдарында, екінші айда – қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша, яғни, мұғалім өзінің жұмыс істейтін мекемесінде жұмысын жалғастырады. Үшінші айда — біліктілікті арттыру орталықтарында немесе оның филиалдарында мұғалім оқуын жалғастырады.
Үшінші деңгейлік курстары «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтары филиалдарында, екінші деңгейлік курстар «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтарында, бірінші деңгейлік курстары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанында құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтарында өтеді.

Масақбаева Сайра Сабырханқызы (Шығыс Қазақстан облысы)

Құрметті Сайра Сабырханқызы!

1.Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу форматы өзгермейді. 2013 жылғы мектеп бітірушілер қолданыстағы ережелерге сәйкес ҰБТ тапсырады.
2.«Білім туралы» ҚР Заңына жергілікті атқарушы органдардыңшешіміне сәйкес ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ, жалақыға 25 % үстемақы, бір жылда бір рет коммуналдық төлемдерді өтеуге жеңілдіктер қарастырылған. Қала мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдерге бұл жеңілдіктер қарастырылмаған.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының педагог қызмет­керлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебіненкезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Бекбауов Нұрбек Сембайұлы (Атырау облысы)

Құрметті Нұрбек Сембайұлы!

2012 жылғы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанында құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтары және оның филиалдарында мектептің мұғалімдері біліктілік курстарынан өтуде. Ваучерлік жүйенің орнына біліктілікті арттырудың жаңа түрі деңгейлік курстар енгізіледі. 2012-2016 жылдары деңгейлік курстан 125 мың мұғалім өтеді. Ол курстарға білім беру ұйымдары жоғары көрсеткіштері бар мектеп мұғалімдерін жібереді.
Деңгейлік курстар келесі жүйеде өткізіледі. Бірінші айда – біліктілікті арттыру орталықтарында немесе оның филиалдарында, екінші айда – қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша, яғни, мұғалім өзінің жұмыс істейтін мекемесінде жұмысын жалғастырады. Үшінші айда — біліктілікті арттыру орталықтарында немесе оның филиалдарында мұғалім оқуын жалғастырады.
Үшінші деңгейлік курстары «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтары филиалдарында, екінші деңгейлік курстар «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтарында, бірінші деңгейлік курстары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанында құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтарында өтеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.