"Интернет сұхбат"

Сайт оқырмандарының сұрақтары

 1. Қазіргі таңда барша мұғалімдердің өскелең ұрпаққа саналы да сапалы білім беруі жөніне қатты назар аударылып, ақпараттандыру саласымен қашықтан оқыту, ваучерлік оқыту  қолға алынып, жақсы жұмыстар атқарылып жатыр.   Біз бұл жағынан білім саласына жақсы көңіл бөліп отырған басшылар тарапына  алғыс білдіреміз.  Дегенмен, ваучерлік оқу үшін  әр облыс орталығынан  тек ІІ санатты мұғалімдер, Алматыдан І санатты мұғалімдер, Астанадан  жоғары санатты мұғалімдер оқытылуы шарт па? 

2. Тек ұстаздық қана жұмыспен емес бір үйдің шамшырағына айналып, әрі ұстаз, әрі ана, әрі балаларына  қамқор болып отырған ұстаздардың 3 айға басқа жаққа оқуға  барып оқуы оның отбасы  жағдайларына қиындық тудыруы мүмкін ғой.  Сондықтан ІІ, І,   жоғарғы санатты мұғалімдерді республикадан әдіскерлер дайындап, әр облыс   мұғалімін өз облысының орталығынан  оқытуға мүмкіндік жасауға бола ма?

Сұрақ иесі: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Роза Жұмағазиева Бөгенбайқызы

——————————————————————————————————-

1. Қазақстан Республикасы жақын бесжылдықта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. Оған көшудің алғы шарты болып барлық мектептердің оқушылары компьютермен толықтай қамтамасыз етілуі болып табылады. Немесе білім беру ошағы ғаламтор жүйесіне қосылған және әр оқушыға, оқытушыға ғаламтор қол жетімді болуы шарт. Қазіргі таңда ауыл мектептерінде интерактивті тақтаны айтпағанда бары бір компьютер, ол да мектеп директорының кабинетінде ғана. Бұл ащы да болса шындық нәрсе. Ал қаланың кейбір мектептерінде интерактивті тақта санаулы кабинеттерде бар. Мыңға жуық оқушысы екі ауысымда оқитын бар мектеп үшін ол да жеткіліксіз. Осы проблема қалай шешуін таппақ?

2. Соңғы кезде оқулық ауыстыру жиілеп кетті. Бір оқу жылында «Алматы кітап» баспасының оқулығын пайдалансақ, енді келесі жылы «Атамұра» немесе «Арман-ПВ» баспасының оқулықтарын пайдалану туралы нұсқаулық келеді. Осының салдарынан үкімет оқушыны оқулықпен қамтамасыз ете алмайды, ата-ана қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр. Мұндай ауысулықтың сыры неде? Білім беру мазмұнын жақсартуға әсері бар ма?

3. Математика (алгебра, геометрия) пәні қоғамдық-гуманитарлық бағытта үш (2/1) сағат, ал жаратылыстану-математикалық бағытта төрт (2/2) сағат оқытылады. ҰБТ кезінде математикадан оқушының білімі бағыт бойынша емес, бірдей талаппен сұралады. Тестілеу кезінде математикадан «екіліктің» көбейіп кетуі де осыған байланысты емес пе? Математика пәнін топқа бөліп оқытуға болмас па?  

 Сұрақ иесі: Тоганакова Рабига Сулейменовна. Ақтөбе қаласындағы  Үш тілде оқытатын  №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Құрметті Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы. Ұстаздар мерекесімен құттықтай отырып, еңбекте жеміс, таудай талап тілеймін.

1. Ұстаздар қауымының еңбектері газет/журнал бетіне шығу неге қол жетімсіз? (45minut.kz тен басқа) Таныс,тамыр арқылы ғана? Жауабыңызға алдын ала рахмет.

Сұрақ иесі: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің Ж.О.Б.Б. мектебінің мұғалімі: Смагулова Гулнар Дакеровна.

——————————————————————————————————-

Құрметті Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы.

5-9 сыныптарда русская речь және литературное чтение пәні қазақ сыныптарында сынып журналында және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларында 2/1 болып бөлініп жазылады ма немесе бөлінбей бірге жазыла ма?  Жауабыңызға алдын ала рахмет айтамын.

Сұрақ иесі: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің Ж.О.Б.Б.мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі: Бакмаганбетова Асем.

——————————————————————————————————-

Сәлеметсіз бе? Менің сұрағым мынадай: егер мен  53-54 жасымда көп балалы ана жеңілдігі бойынша зейнетке шықсам,58 жасымда зейнетке шығу жасына толғандығыма  байланысты  зейнеткерлікке шыға аламын ба? Егер  зейнетке шыға алсам менің зейнет ақым қай мөлшерде болады?Мұғалімдер 25-30 жылдық еңбек өтілісімен зейнеткерлік жасына толмай зейнетке шыға алама? Жауабыңызға  алдын ала рахмет. 

Сұрақ иесі: Қоңқабаева Орынкул

——————————————————————————————————-

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Мектепке дейінгі жане орта білім департаменті директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызына.

Ұстаздар күні — бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.

"Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.

Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздің қолыңызда, құрметті ұстаз Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы ! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті" десе, атыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Менде осы жолда 30 жылдан бері еңбек етіп келемін. Менің Сізге қоятын  сұрақтарым өзім білмегендіктен емес, тағыда тереңірек білгім келгендіктен.

1.Әр пән Мұғалімдері журналға сыныпта өтілетін және үйге берілетін тақырыптарды өз пәнінің тілінде жазады: орыс тілі мұғалімі орысша, қазақ тілі мұғалімі қазақша, тағы басқа…  Ал енді ағылшын тілі мұғалімі тақырыптарды журналға ағылшын тілінде жазуға рұхсат жоқ па?

2. Тақырыптық — күнтізбе жоспарында ағылшын тілінде емес қазақ тілінде жазу міндетті ме?Немесе ағылшын тілінде жаза беруге болама?

3. Мұғалім осы жылы өтініш берген санатын алды дейлік, ал келесіде кезекті өтініші бойынша осы санатты бекіту міндетті ма немесе келесі санатты бекітусіз алуға болама?

4. Басқа Республикадан қоныс аударып келген мұғалімдердің санатын төмендету заңды ма?

Сізге жауптарыңыз үшін алдын-ала рахмет айтамын.

Сұрақ иесі: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,  Сарышаған кентінің ЖОББ мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Гурленбаева Жумабике Ражабовна

——————————————————————————————————-

1. Жахандану заманына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматының компьютерлік сауаттылығы болу керек. Соған байланысты, арбір 6-7 жасар баладан бастап ересек азаматтар мен азаматшаларда компьютерді еркін меңгеріп, жұмыс жасай білуі тиіс. Осы бағытта кандай шаралар  жүзеге асырылып жатыр?

2. Информатика пәнін  жалпы пәндердің қатарына қоспайды? Онын сағат санының аз болуына байланысты, оны меңгеруде көңіл қуантарлық дәрежеге жете алмай отыр. Аудандардағы, ауылдық жерлердің оқушыларының компьютерлік сауаттылығы өте төмен, осы мәселе басты назарға алынса екен деп ұсыныс білдіремін.

Сұрақ иесі: Қызылорда облысы, Арал ауданындағы №16 кәсіптік лицейдің информатика және арнайы пән оқытушысы  Жұмаева Назира Қаршығақызы

——————————————————————————————————-

 

Сәлеметсіз бе, Жаңыл Алпамысқызы! Сізге қояр 1 сұрак, 1 өтінішім бар.

1-сұрак: Білім сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды, онын ішінде электронды оқулыктарды қолдану керек болады. Ал бүгінгі таңда сол оқулықтардың мазмұны мен сапасы төмен. Осы оқулықтарды қолданысқа енгізер алдында арнайы комиссия тексере ме?

2-өтініш. 2008 жылы Семей мемлекеттік пед.институтын "Биология" мамандығы бойынша қызыл дипломға бітірдім. Ауыл мектебіне жұмысқа орналасқанмын, алайда биыл класс саны кемуіне байланысты сағат жоқ, жұмыстан қысқардым. 7 жыл енбек стажым, II- санатым бар. Астана қаласының мектептерінің біріне жұмысқа орналасуыма мүмкіндік жасасаңыз.

Сұрақ иесі: Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы  «Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Биология пәні мұғалімі Буданов Нұрбол Уалиұлы

——————————————————————————————————-

1. 2015 жылы нақты 12 жылдық білім беруге толық көшеміз ба?

2. Қазіргі кезде оқулықтардың сапасы төмен, сапалы оқулықтар қашан шығарылады және қашан қолға тиеді?

3. Мектептегі Алғашқы әскери даярлық және спорттық құрал жабдықтар жаңартылуы қолға алынса?

4. Бірыңғай оқушы формасы Республика көлемінде қабылдана ма?

5. Ұстаз мәртебесін көтеру дегенді сіз қалай түсінесіз?

Сұрақ иесі: Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Қалжан Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектеп мұғалімі Жанназаров Темірбек Кенжалиевич

——————————————————————————————————-

Сәлеметсіз бе? Жаңыл Алпамысқызы! «Сапалы білім ұрпақ болашағы»-атты интернет сұхбат береді дегеніңізді естіп сұрақтар дайындадым.

Сұрақтарым:

  1. Қазіргі қоғамда көптеген қазақ жастарына деген ой-пікір сан – алуан. Соның бірі — қазақ балалары қазақы салт-дәстүрді, бұрынғы өткен өнер қайраткерлерін білмейді. Оны мұғалімдік тәжірибемде байқап жүрмін. Қазір мектеп бағдарламасында музыка пәні жылма-жыл қысқарып, былтырдан бастап тек 1 сағат белгіленді. Себебі неге? Ол сабақты өткізесің артынан қайталап та үлгермейсің. Себебі берілген сағат мөлшері, аптасына 1 сағат қана! Болашақта осы музыка пәнінің сағаты көбейе ме?
  2. Мектептегі русская речь пәніне тағы 1 сағат қосылады деп хабар естідім. Әрине тілді білген жақсы, бірақ сағаттары жеткілікті емес пе? Оданда музыка пәніне сағат санын арттырса екен?
  3. Мектеп бағдарламамасында 11 сыныпта қазақ өнерінің тарихы деген пән бар. Ол сабақта аптасына 1-сағат. Осы сабақтың да болашақта сағаты көбейе ме екен?
  4. Қазақ өнерінің тарихы пәні бойынша сабақты көбінесе тарихшы мұғалімдер береді. Неге олай? Ол пәнді де музыка пәнінің мұғалімдеріне бермеске? Себебі, музыка пәні мұғалімдері колледж, институтта оқығанда қазақ өнерінің тарихы деген сабақ оқыдық!
  5. Қазір мұғалімнің беделі деген мәселе өте өзекті мәселе. Оқушылар мұғалімді сыйламайды, ал ата-аналар баласына бір нәрсе деп ұрыссаң саған тарпа бас салып, сені сотқа дейін сүйреп апарады! Сенің балаға ұрысуға қақың жоқ деп. Одан кейін, оқушылардың ағалары немесе туыстары мұғалімді жүргізбейді.  Содан кейін мектепте ер мұғалімдердің саны қалай көбейеді?

Осындай жағдайларға байланысты заңдық тұрғыдан шаралар қолданылса!

Алдын ала рахмет! Толық жауабыңызды күтем!

Сұрақ иесі: Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылы.  Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Жұмағали Мақсат Жұмабайұлы

——————————————————————————————————-

"Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі"

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.

Сұрақ:

Аймақтарда болып жаткан 3 айлық курстар жөнінде мағлұмат берсеніз екен.

Сұрақ иесі: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Новобаженово ауылы, А. Ибраев атындағы орта мектептің cызу,технология мұғалімі,  «Өнер және спорт» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жанысбаева Алмагул Адильхановна

——————————————————————————————————-

  1. Ұрпаққа сапалы білім беру жолында еңбектеніп жүрген ұстаздардың бірімін, осы жолда қиындықтар аз емес, оның бірі пән кабинеттерінің бүгінгі талапқа сай жабдықталмауы, осы мәселе қашан шешімін табар екен?
  2. 2013 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша қандай өзгерістер болмақ, биылғы түлектерді қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны туралы білуге болама?
  3. Ауылда қызмет жасайтын мұғалімдерге жылына бір рет  (көмір түсіріліп беріледі) материалдық көмек көрсетілетінін білеміз,  қалалық мұғалімдерге  коммуналдық төлемдерді өтеуде жеңілдіктер қарастырылама?

Сұрақ иесі: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№34 жалпы білім беретін орта мектеп» ММ математика пәнінің мұғалімі Масакбаева Сайра Сабырханқызы

 

 

 

Сәлеметсіз бе? Құрметті,  Қазақстан Республикасы. Білім және Ғылым министрлігі Мектепке дейінгі жане орта білім департаментінің  директоры Жаңыл Алпамысқызы! 

«Сапалы білім ұрпақ болашағы» атты интернет сұхбаттасу сәтті болсын!  Өткен Ұстаздар күні құтты болсын деймін!

Менің сізге сұрағым өткен көктем айында Республика бойынша «Өрлеу» орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан мұғалімдерге арналған курстың Мектепке дейінгі жане орта білім беру жүйесіне қаншалықты пайдасы бола алады?

Осы курстан өткен мұғалімдер алдағы уақыттарда Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасының орта мектептерде де жүргізе бастайды дейді. Одан қаншалықты жұмыс бағытын күтуге болады? 

Сұрақ иесі: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің сынып жетекшісі, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бекбауов Нұрбек Сембайұлы

 

Сайт оқырмандарының сұрақтары: 2 комментария

  1. Құрметті — Жаңыл Алпамысқызы сізді 2014 жаңа жылыңызбен құттықтаймын. Сізге мықты денсаулық, еңбегіңіздің жемісін көріңіз демекпін.
    Менің сізге сұрағым әрі өтінішім бар. Бейнелеу өнері пәнінен көп жылдар бойы дәріс беріп келемін. Өзім сүйген мамандықты халықтың баласына да үйретудемін. Өкінштісі бейнелеу өнер пәнінің сағаты жыл өткен сайын қысқаруда. Қазіргі балалар теледидар, компьютер, интернет желілерінде көп отырады. Оның пайдалы және зиян екенін бала біле бермейді. Оның орнына бір нәрсемен шұғылданып өнер білімге бет бұрып, әдемілік пен әсемдікті бойына сіңіріп өссе деймін. Бейнелеу өнері сағаты аз болғандықтан, мектепте қосымша сыныптан тыс сурет үйірмесін ашуға мүмкіндік бола ма? Аудандық білім бөлімі, мектеп басшылары тарапынан көмек болмады. Сіз білетін басқа мүмкіндіктер бар ма?
    Менің сұрағым жауапсыз қалмауын өтінемін.
    сұрақ және өтініш иесі: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы,
    №180 «Қызылмақташы»орта мектебінің бейнелеу өнер пәні мұғалімі: Баубеков Памир

  2. Сәлеметсіз бе?
    “ЖАҢА БІЛІМ – ЖАҢА ҒАСЫР” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСына жеке қатысушы ретінде қалай тіркелуге болады?

Добавить комментарий для Памир Отменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.