Қазақ тілі

Сұрау есімдіктерінің түрленуі

Атырау қаласы
№31 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
ІІ санатты мұғалімі
Рыскалиева Гаухар Серікқызы

Мұғалімнің

аты — жөні

Пәні

Сыныбы

Күні

Гаухар Рыскалиева

Қазақ тілі

7 «д» — сыныбы

20.10.2012ж.

 

Сабақтың атауы

Сұрау есімдіктерінің түрленуі.

Сілтеме

Қазақ тілі 7-сынып. Авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова

Жалпы мақсаттар

Сұрау есімдігі туралы білімдерін тереңдету, оның түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру;

Оқыту нәтижесі

Сұрау есімдіктерінің септеуіндегі, жіктеуіндегі және тәуелдеуіндегі ерекшеліктерін меңгеру.

Негізгі идеялар

Сұрау есімдіктерінің түрленуін меңгертіп, талдау, анықтау

Тапсырмалар

Блум таксономиясы.

І «Қызығушылықты ояту»

  1. Есте сақтау. Үй тапсырмасын сұрау. Есімдіктерді еске түсіру, түрлерін атау.

ІІ «Мағынаны тану»

  1. Түсіну. Сұрау есімдігінің ережесін шығарып алу, түрлену жолдарын анықтау

  2. Қолдану. Жаттығу жұмыстарын талдау арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету. Сұрау есімдігінің түленуін жаттығуларда қолдану. 84, 85, 87 –жаттығулар

  3. Талдау. Құрамында сұрау есімдігі бар мақал – мәтелдер айтып, сұрау есімдіктерін тауып, оны талдау.

ІІІ. Ой- толғаныс.

  1. Жинақтау. Есімдіктерді топтастырып, түрлену жолдарын айтып, үшеуіне ортақ белгілерін табады.

  2. Жасау мен бағалау. Сабақты БҮҮ кестесі бойынша қорыту

Кейінгі тапсырмалар

Постерлер дайындау, БҮҮ кестесі, мақал – мәтелдер жазу, талдау.

Мұғалімнің жазбалары

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды алдын –ала жеребе тастау арқылы үш топқа бөліп отырғызамын Оқушыларды түгелдеу. Оқушыларға бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерийлері

1.Үй тапсырмасының орындалуы – 5 ұпай

2.Жаңа сабақты меңгеруге берілген тапсырманың орындалуы – 10 ұпай.

3.Жаттығу жұмысының орындалуы – 10 ұпай

4.Шығармашылық жұмыстың орындалуы – 5 ұпай

5.Қосымша тапсырмалар – 5 ұпай

6.Жинақтауға арналған сұрақтар – 5 ұпай

Бағалау шкаласы

«5» — 40 – 35 ұпай

«4» — 34 – 30 ұпай

«3» — 29 – 25 ұпай

«2» — 24 – 0 ұпай

Блум таксономиясы.

І «Қызығушылықты ояту»

1.Есте сақтау.

Үй жұмысын тексеру: Үйге берілген 1) 99-жаттығуды талабына сай тіркесіп тұрған сөзімен бірге оқытып, олардың қай септікте тұрғанын айтқызу.2) Ақындардың өлең жолдарынан

(1 – 2 шумақ) сілтеу есімдіктерін табу.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау.

1.Есімдік дегеніміз не?

2.Есімдіктің түрлерін ата

3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не, ол қалай түрленеді?

4.Сілтеу есімдігі дегеніміз не, ол қалай түрленеді?

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:” Сұрау есімдігінің түрленуі”.

 

ІІ «Мағынаны тану»

2.Түсіну.

Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.

Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

Сұрау есімдігі жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше?нешеу? қай? қандай? қанша? қалай? қашан? Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі. Осы кезде оқушы мен мұғалімнің іс – әрекеті.

Оқушы

Мұғалім

Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі бірігіп шарты белгілер қойып, талдау жасайды.

Әр топтан біреуі жауап береді. Негізг

жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Берілген сұрау есімдіктерін түрлендіреді, яғни жіктейді, септейді және тәуелдейді.

І топ. Кім? – септеу

ІІтоп. Қайсы? – тәуелдеу

ІІІтоп. Нешеу? – жіктеу

 

 

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:

Оңаша

 

Тәуелдіктің жақтары

Кім?

Нешеу?

Қайсы?

І менің

ІІ сенің

сіздің

ІІІ оның

Кімім?

Кімің?

Кіміңіз?

Кімі?

Нешеуім?

Нешеуің?

Нешеуіңіз?

Нешеуі?

Қайсым?

Қайсың?

Қайсыңыз?

Қайсысы?

 

 

 

 

 

Ортақ

Тәуелдіктің жақтары

Кім?

Нешеу?

Қайсы?

І біздің

ІІ сендердің

сіздердің

ІІІ олардың

Кіміміз?

 

Кімдерің?

Кімдеріңіз?

 

Кімдері?

Нешеуіміз?

 

Нешеулерің?

Нешеулеріңіз?

 

Нешеуі?

Қайсымыз?

 

Қайсыларың?

Қайсыларыңыз?

 

Қайсылары?

 

 

Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі:

 

Септік

Кім?

Нешеу?

Қайсы?

А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Кім?

Кімнің?

Кімге?

Кімді?

Кімде?

Кімнен?

Кіммен?

Нешеу?

Нешеудің?

Нешеуге?

Нешеуді?

Нешеуде?

Нешеуден?

Нешеумен?

Қайсы?

Қайсының?

Қайсыған?

Қайсыны?

Қайсыда?

Қайсыдан?

Қайсымен?

 

 

 

 

Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі:

Жіктіктің жақтары

Кім?

Нешеу?

Қайсы?

І мен

біз

ІІ сен

сендер

сіз

сіздер

ІІІ ол

олар

Кіммін?

Кімбіз?

Кімсің?

Кімсіңдер?

Кімсіз?

Кімсіздер?

Кім?

Кімдер?

Нешеумін?

Нешеуміз?

Нешеусің?

Нешеусіңдер?

Нешеусіз?

Нешеусіздер?

Нешеу?

Нешеу?

Қайсымын?

Қайсымыз?

Қайсысың?

Қайсысыңдар?

Қайсысыз?

Қайсысыздар?

Қайсы?

Қайсы?

 

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана І, ІІ жақтарда жіктеледі. Себебі І және ІІ жақ, яғни айтушы (мен,біз) және тыңдаушы (сен,сіз,сендер) адам ғана болады. ІІІ жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.

Көне ескерткіштерде сұрау есімдіктері септеліп жұмсалғандығы туралы айту.

 

3.Қолдану.

Жаттығу жұмыстарын талдау арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету.

84 –жаттығу. Жаңылтпаштарды айтып үйрену. Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіру.

Неше? сұрау есімдігі атау септігінде тұр, нем? сұрау есімдігі І жақта тәуелденіп тұр.

85 – жаттығу. Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құрап жазу.

Кімнің? Қайсымыз? Нешеуі? Кімдермен? Нешеуден? Кімсіздер? Қандаймыз?

87 – жаттығу. Шешендік сөздерді оқып, түрленіп жұмсалған сұрау есімдіктерін табыңдар.

І топ

Нені? – табыс септігінде тұр.

Кімді? – табыс септігінде тұр.

ІІ топ

Нешеусіз? – жіктік жалғауының ІІ жақ, сыпайы түрі (оңаша)

ІІІ топ

Қайсысың? — жіктік жалғауының ІІ жақ (оңаша)

 

Сергіту сәті «Ұшты — ұшты»

4.Талдау.

Шығармашылық жұмыс

Құрамында сұрау есімдігі бар мақал – мәтелдер айтып, сұрау есімдіктерін тауып, оны талдау.

ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды.

5.Жинақтау.

Сабақты қорыту.

Сабақты топтастыру әдісі арқылы, сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту.

Есімдік түрлерін топтастыру

Есімдіктерді топтастырып, түрлену жолдарын айтып, үшеуіне ортақ белгілерін табады.

Мен, сол, осынау, нешеу. Біз, сіздер, қанша. Сіз, ол, қайсы. Сендер, қайдан, кім, не, сен, бұл, анау, нешеумін, кіміміз, олар.

 

 

 

Мен, біз, сіздер,сіз, нешеу, кім, не, сол, осынау, бұл,

ол, сендер, сен, олар қайдан, нешеумін, анау,

қанша, қайсы,

кіміміз

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортақ белгілері: зат есімдерше септеледі.

 

6.Жасау мен бағалау.

Сабақты БҮҮ кестесі бойынша қорыту

Білемін

Үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушылардың бағалау критериясына сай жиналған ұпайларына сай бағалау.

Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс – пікірлерін, көңіл – күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.

Үйге тапсырма: 86 – жаттығу. Берілген талабын түсіндіру.

Сұрау есімдігі туралы ереже, кестелерді оқу, мысалдар келтіру.

Көркем әдеби кітаптан құрамында сұрау есімдігі бар

5 сөйлем жазу.

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

 

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

4 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

1 мин

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.