Без рубрики

Қазақстан дейтін менің бар елім!

ШҚО Аягоө ауданы Мамырсу ауылы
С.Ғаббасов орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалім
і Сыдықов Қайрат Рақымжанұлы

Тақырыбы: «Қазақстан дейтін менің бар елім !»
Сабақтың ұраны: Туған жер – тұғырың.
Мақсаты : Оқушыға Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу, тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, бейнелеу арқылы компьютерден көрсету, сурет өнеріне деген құлшыныстарын арттыру.

Оқушыларды өз тәуелсіз елін, табиғатты сүюге, қадірлеуге, жанашырлық сезімге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз елінің рәміздерін құрметтеуге үйрету.

Көрнекілігі: Елтаңба; Әнұран;Ту; Қазақстан картасы, буклет «Менің отаным-Қазақстан» компьютер; интерактивтік тақта; нақыл сөздер; Қ.Аманжоловтың өлеңі. Интернеттен алынған мәліметтер. «Тест қабықшасы» бағдарламасында жасалған тестер.

Сабақтың түрі: Кіріккен сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

Мұғалімнің сөзі:

Қ.Аманжолов:

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған ,

Бұл далада атам қолға ту алған ,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Бұл өлеңде ақын не туралы айтқысы келді?

Оқушылар:

-Туған жер

— Ата-ана

— Атамекен

— Отан.

— Отанға деген сүйіспеншілік

Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз — өзіміздің туған жеріміз, қасиетті мекеніміз, кіндік қаны тамған жеріміз Қазақстан Республикамыз туралы.

 

Интернеттен алынған суреттерден құрастырылған Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы модельді тамашалайық.

 

Елімнің абырыойымен таныс бәрі ,

Ұштасқан алтын күнмен алыстағы.

Жат елдер, жалпақ дүние тыңда мені,

Жиырма жасқа толады «Азияның арыстаны» -демекші , ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп « Егемен болмай ел болмай, етектен кесіп жең болмас» — деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды .

1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.

«Қазақстан Республикасы» тақырыбына кластер құрастыру (компьютермен).

Ендеше, осы гүлденген өлкеміздің жетістіктерін әр оқушы өз қиялында қалай елестететінін бейнелейді. (Сурет салуға 20-25 минут) «Үшқоңыр» әуені ойнап тұрады.

Мұғалім: Балалар, салған суреттеріңді қорғауға уақыт беріледі, әркім өз суретіне ат қойып нені бейнелегісі келгенін айтады. Үздік салған суреттерге назар аударайық

Думан-Қазақстан ынтымақтастықтағы елдермен өзара байланысын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуда. Сол үшін суретімді «Ынтымақтастық жолдары» деп атадым.

Арай-Қазақстанның бас қаласы-Астанадағы «Бәйтерек» ЕҚЫҰ мүше елдер өкілдері 5 желтоқсанда өткен Саммит қонақтарына қатты әсер қалдырды. «Жасай бер, Астана!»

Асыл-Қазақ халқының дархан даласын, ен байлығын, көгілдір тауларын, отар-отар қойларын саф ауасын «жайлауда» суретінде өз апам менен атамның ауылы арқылы бейнеледім.

Айым-Қазақстанда тұратын барлық ұлттар тату-тәтті өмір сүрсе деп тілеймін.

Дархан-7 қысқы Азиада ойындарына қатысуға 26 елдің спортшылары қатысты «Байрақты бәсекеде» Қазақстанның мерейі үстем болды.

Мерхат-Көк байрағымыз Қазақстанның намысын қорғайтын додаларда желбірей берсін демекпін.

Әлібек-Әр мемлекет басқа мемлекеттерден өзінің Туы, Әнұраны, Елтаңбасы арқылы айшықталады.

Аслан-Қазақ жері тарихи сырларға, шежірелерге толы. Соның бір айғағы-«Алтын адам».

Айгерім-қазақ халқынын 50 елдің қатарына кіру жолындағы жетістіктері ұшан- теңіз. Жас қазақ ғарышкері Тоқтар, Талғат ағалардай аспан көгіне самғамақшы.

«Ынтымақтастық» жолдары. Салиев Думан

«Бәйтерек»-Оспанова Арай

«Жайлауда»-Мамырова Асыл

«Ақпыз, қара, сарымыз…»-Назарбекова Айым

«Байрақты бәсеке»Кенжалин Дархан

«Аспанда, туым желбіреп»-Утегали Мерхат

«Елтаңба»-Ешембаев Әлібек

«Алтын адам»-Кайрбеков Аслан

«Қазақ ғарыш көгінде»-Куттыбаева Айгерим

«Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыбын түсіну үшін, тарих, әдебиет пәндерінен оқығанымызды пайдалана отырып, төмендегі тест сұрақтарына жауап берейік.

Балалар, енді сұрақтарға жауап берсеңдер.

 

  1. Қазақстан Республикасы мемлекетінің рәміздерін атаңдар Ж: а)Ту, Елтаңба, Әнұран. ә) Карта, Ғаламшар б) Ғаламтор, Ту

  2. Тудың түсі неге көк? а) өзен-теңізді көк түспен бейнелегендіктен ә)көк түс сенімділікті көрсететіндіктен

б) бұлтсыз ашық аспан, тыныштық, бейбітшіліктің белгісі

  1. Біздің Шығыс Қазақстан облысы қандай ұлы адамдардың мекені

Ж: а)Абай, Мұхтар, Шәкәрім. ә) Қаныш, Әлкей, Абай б) Нұрсұлтан, Дінмұхамед, Тоқтар

4) Әнұранның сөзін, әнін кім жазды? а) сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев әні:Ш. Қалдаяқов ә) сөзі: Қ. Мырзалиев, әні: Ш.Қалдаяқов б) сөзі: Т. Молдағалиев, Әні: Ш. Қалдаяқов.

 

Осындай дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев жаһанның жаңа кезеңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап қайта өркендеп өркениетке ұмтылуын кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді. Елбасы Н. Назарбаев 1998 жылы өзінің жарлығымен осындай керемет елдің бас қаласы-Астана деп жариялады. Астана және елбасы жайлы сендерге интернеттің http://kz.government.kz, http://www.kaztag.kz қосымша мәліметтер беріп ой-өрістеріңді кеңейтейін деген оймен интерактивті тақта арқылы таныстырайын.

1) Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды?

Жауабы:Түркия астанасы-Анкара.

2) «Ұлт көсбасшысы» туралы заң қай жылы қабылданды? Жауабы:2008ж 7 қаңтар

3). «Қазақстанның аты аңызға айналған Президенті» кітабының авторы кім?

Жауабы: Ағылшын жазушысы Джонатан Айткен

4). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді?

Жауабы: «Жаңа тарих- жарқын тұлға», «Нағыз жігіт, нағыз дос», «Теміртау көктемі»

5) Елбасымыз Н. Назарбаевтың туған жері қай жер?

Жауабы: Алм. обл. Қаскелең ауданы Шамалған ауылы.

6) «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды?

Жауабы: 2006ж. 7. қаңтар

7) «Хан шатыры» ойын- сауық және сауда орталығы жобасының авторы кім? Жауабы: ағылшындық Норман Фостер.

  1. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды?

Ж:6 мамыр 1998ж

9)Қазақ елі монументінің биіктігі қанша метр? Ж: биіктігі 91 м; құс мүсіні салмағы 2.5 тонна.

10)Қазақ схемалық картасы іспеттес парк қалай аталады? Ж: «Атамекен».

 

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясы мен Жолдауында «Бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық , өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту көзделеді»-деп баса айтқан. Демек, қазіргі өскелең жас ұрпақ табиғат апатын алдын-ала тани білетін, бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне атсалысатын ғылымның жаңа саласын меңгеруі тиіс. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру баланың табиғатқа деген көзқарасынан басталады.

Биыл, 111 жасқа толатын осы ауылдың төлтумасы, «Ботаника» оқулығының авторы, энциклопедист- ғалым Жұмахан Маусымбайұлы Кудериннің «табиғатты күту адам баласына байлық пен құт әкеледі»- деген жанашырлық қасиетін аңғаруға болады.

Ендеше, жас достар, табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя, тал бесігі десек «Алтын ұя мектебімізді» келешекте қалай көркейгенін елестететінімізді бейнелеп суретін үй тапсырмасы ретінде салып келеміз. Туған табиғатты қорғау-қасиетті парызымыз деп- «Мәдени мұра» бағдарламасында көрсетілгендей, оның әр тал-шыбығын қорғап, көбейте берейік.

Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жеріңде,

Өзіңді- өзің еткен бақ –

Тәуелсіздік төріңде.

Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да.

Жаса, Қазақстаным, белді бекем буында!

деп, тәуелсіз еліміздің тағдыры 2030 – дың жастары сендердің қолдарыңда. Сондықтан да тәуелсіз мемлекетіміздің жайнап, гүлденіп, нығая түсуіне сендер үлес қосады деп сенеміз. Еліміз Қазақстан гүлденіп, жайнай берсін!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.