Без рубрики

Аймақтық компонентті бейнелеу өнері сабағында қолдану

Сыдықов Қайрат Рақымжанұлы
ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекеменің
бейнелеу өнері пәні мұғалімі.

Аймақтық компонентті қолдану арқылы экологиялық тәрбие беру мәселесін қарастыратын баяндама экологиялық сауаттылық пен экологиялық білімділіктің дамуына,эстетикалық-патриоттық(елжандылық) сезімдерін оятуға негізделген.

Ата Заңның 31-ші бабында көрсетілгендей, «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды»

Адам-табиғаттың төл туындысы, табиғат та адамды өзінің заңдылықтырымен сынап та, шыңдап та келеді. Өз кезегінде адам да табиғатқа түрлі әрекеттерімен ықпал ете бастады. Зауыт,фабрикалардың ауа мен суды ластауы, АЭС-тан атмосфераға түрлі газдардың бөлінуі сияқты адам өз қолымен жасаған игіліктердің әсерінен қоршаған ортаның өзгеруіне әкеліп соғады. Ендеше, жер бетіндегі тіршілік иелері экологиялық апаттардан қатты зардап шегіп отыр.

Осы тұрғыда, аймақтық компоненттерді қолдана отырып, төмендегі мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек:

-өңірден шыққан авторлардың еңбектерін, шығармаларын қолдану арқылы елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

-экологиялық білімді жинақтау, салауаттылығын арттыру,адамгершілік пен қайырымдылыққа негізделген.

Туған жердің табиғатын жақсартатын осы жерде тұратын адамдар. «Отан отбасынан басталады»,— дейді ғой дана халқымыз.

Әркімнің өз туған жері,өскен ортасы,өз отбасы бар. Олай болса, саф ауасын жұтып, мөлдір суын ішіп, емін-еркін сайран салған өз өлкемізді құрметтеу, өз көшемізді таза ұстау-біздің қасиетті борышымыз.

6 сыныптағы бейнелеу өнерінен «Өңірдің қаһарман ұл-қыздары» атты сабағымды мектебіміздегі мұражайда өткізу арқылы оқушылардың табиғатқа деген –сүйіспеншілігін ояту, оқушының ой-қиялын дамыту жүзеге асырылды.

Туған өлке картасы арқылы оқушылар маршрут бойынша ауылға сырттай саяхат жасады.

1-ші бекет. «Аңыздар елінде». Бұл жерде Мамырсу мекенінде алғаш кеңес өкіметін орнатқан революционерлер Сабыржан Ғаббасов пен Айқыз Көшкінбаеваның қазақ елінің өркендеп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне зор үлесін қосқан шамшырақтар екені мәлім. Бүгінде мектебімізге есімі берілген, Мамырсудың өткені және бүгінімен тығыз байланысты жерлесіміз Сабыржан Ғаббасов пен Айқыз Көшкінбаева атында көше бар.

Осы көше тұрғындары болып табылатын оқушылар.

«Тарих көші талай шұбап өткен жер,

Талай ұрпақ өсіп-өніп, төккен тер.

Қызыл Армия, Совдеп болып құрылған

Ғаббасов пен Айқыз да бір неткен ер!» —

деп олардың ерліктерін бейнелеген мұражай стендімен таныстырды.

2-ші бекет. Мырзахан Әбжанов.

Есімі әдебиет сабағынан таныс, облыс деңгейіндегі айтыскер ақын,республикалық айтыстың жеңімпазы ақын М.Әбжанов көшесінің тұрғыны ретіндеоқушы ақын шығармаларының арқауы-туған жер табиғатын танып білуге арналғандығын, қойнауы қазынаға толы дархан даласын қадір тұтып, қастерлеуге үндейтін «Туған жер», «Киелі мекен» атты өлендерін оқыды.

3-ші бекет. Жұмахан Маусымбайұлы Кудерин

Табиғатынан қабілетті, бастаған ісін аяғына жеткізетін патриот, жігерлі жас қайраткер Ж.М.Кудерин халықтың келешегіне мән беріп, өнер-білімге шақырған. «Он халық», «Жүн және оны өңдеу» атты еңбектерінде қоршаған ортаны қорғауды «адам мен табиғат» қарым-қатынасын қалдықсыз реттеу жолдарына қол жеткізу әдістерін ұсынғандығын баяндады.

4-ші бекет.Әйкен Ахатұлы Терлікбаев.Қазақтың айтулы фтизиатр дәрігерлерінің бірі, медицина саласын дамытуға үлес қосқан Мамырсу ауылының мақтанышы. Өкпе ауруларын емдеп жазудағы ғылыми еңбектері Қазақстанда туберкулездан арылу тарихымен шұғылдануды, оның клиникасымен эпидемиологиясына, ажырату әдістеріне арналады.

Сабақтың келесі бөлігінде өз жерлестерінің өмірінен еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің куәсіндей болған жеңістері оларды қанаттандырып, «Қосымша-бекет» — аялдамасында құлағымен тыңдап, түсінген шындығын сол сәтімен бейнелей білді. Әр оқушының шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалды. Бейнелеу арқылы алуан түрлі, алуан қырлы өлке-қаһармандарын әр деңгейде қабылдаған оқушылардың түс үйлесімділігін сақтай отырып салған суреттері көркемдік білімін арттыруға, ынта-ықыласын молайтып, әсемдік пен сұлулықты бағалауға септігін тигізді.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға «Мамырсу келешегі, Мамырсу болашағы-менің қолымда!» тақырыбына ой туындыларын қабырға газеті ретінде бейнелеу топтарға тапсырылды.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мұражай мұрағаттары.

  2. Әбжанов М.И. «Өсиет».

  3. Кудерина Л.Ж. «Қуғын-сүргінде аман қалған еңбектер».

Қазақстан энциклопедиясы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.