Без рубрики

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық көркемсурет лицейі, живопись пәні мұғалімі, Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы Шығармашылық жоба Тақырыбы: «Живопись өнерінде қолданылатын бояу түрлері»

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық көркемсурет лицейі, живопись пәні мұғалімі, Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Көркемсурет лицейі
Шығармашылық жоба
Тақырыбы:«Живопись өнерінде қолданылатын бояу түрлері»
Дайындаған:Құндақбаева Т.Т

Еліміздің «мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес, ертеңгі күні еңсесі биік ел болу үшін, «өткенді білмей, қазіргісін ескермей, болашаққа болжам жасау қиын»,- деп ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, есте қалар ескі ісің ерте оянған жаңа мен жаңғыртудың қаншалықты маңызды екендігін өсер ұрпақтың санасына жеткізу ұстаздар қауымының басты борышы.
Кіріспе:
Живопись-бейнелеу өнерінің ең көп тараған түрі. Живопись әр түрлі түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем әрі жарқын етіп бейнелейді. Бұл өнер түріне қатты қағазды, ағашты, әйнекті, металды, тіпті қабырғаны да қолдануға болады. Живопись-бейнелеу өнерінің негізгі түріне жатады. Басқа өнерлердің арасында живопись суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Живопись-көрермінің ойы мен сезіміне жағымды әсер ететін, жазықтық бетінде бояу арқылы жасалатын көркем шығарма. Көптеген живопись шығармалары тарихи құжаттық хабарларға негізделген. Живописьті қабылдау үшін оның мәнерлеу тілін түсініп, ұғынып білу өте қажет. Тақырыптың мазмұнын терең ұғынған тәсілдерін меңгенру шығармашылық ізденуге тікелей әсер етеді. Живопись өзінің орындалу техникасына қарай әдіс-тәсілдеріне байланысыты акварель, гуашь, майлы бояу, т.б бірнеше топқа бөлінеді.
Сипаттамасы:
Бейнелеу өнері тілін анығырақ білу суретшінің сол бейнелеуші құралдары мен қолдануын қажет етеді. Живопись өнері-бейнелеуші өнер. Живопись, керісінше өмір туындысын нақты әрі толық, көрнекті етіп бейнелейді. Өмірдің шындығын дәл беру-өнер тіліне тән емес, өмір шындығын көркемдік-шартты тіл арқылы жеткізе алады.
Ерекшеліктері:
Акварель- суға тез еритін түссіз желімдерге жұғыстырылатын сулы бояу.Ол сумен араластырылып, қағаз бетіне жағылады.Акварель бояуының негізгі ерекшелігі-аса мөлдірлігі.
Гуашь-бояудың бір түрі.Оны да акварель сияқты қағазға тигізбес бұрын әуелі суға езіп алу керек. Гуашьтың ерекшелігі акварельдей емес, қағаз бетіне мөлдіреп түспейді, қалың жағылады.
Майлы бояулар-арнайы кенеп материалға жағылатын қою бояулар. Өсімдік майы, жаңғақ зығыр және әртүрлі лактың қосындысынан тұратын бояу. Басқа майларды майлы бояуға пайдаланбайды, себебі: кепкен кезде қатты қабық пайда болады. Майлы бояумен жұмыс істеудің ерекшелігі-жартылай дымқыл, жартылай кепкен бояу бетімен жұмысты жалғастыруға болмайды, яғни картинаны бірнеше күнге қалдырып, оны кептіріп алып, бояу қабатының үстімен салуды жалғастыруға болады.
Жобаның идеясы:
Оқушыларды қоғамның назарына әлеуметтік проблемаларға және оларды шешу жолдарын іздеуге тарту үшін, қазіргі заманда өнерді пайдалана отырып, өзінің әлеуетін қоғамның игілігіне пайдалануға ынталандыру. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүние танымның қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатын түсінуге бағытталған ұмтылмас, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттер ерекше орын алады.
Жобаның мақсаты:
— Орта білім беру мектептерінде оқушыларға живопись әдісімен жұмыс жасау тәсілдерінің түрін үйрету.
— Заман талабына сай жасалу жолдарын жаңарту, үлкен көрмелерге өз ыңғайынша әдемілеп суреттерін орындап көрсету. Живопись әдісінде бояу түстерінің әдемі болып көрінуі- әртүрлі жағу тәсілдерін қолдану оқушыларды қызықтырады.
— Қабілеті дамыған жан-жақты, өрісі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Міндеті:
— Живопись өнерінде оқушыларға теориялық түсінік бере отырып, суретті шап-шаң салып, шеберлігін арттыру;
— Живопись өнеріне деген ой-өрісін, танымын, есте сақтау, елестету қабілетін дамыту;
— Живописьтің әрбір түсіне, әсемдігіне, сұлулығына тәрбиелеп, бейнелеу өнеріне баулу;
— Оқушыларды живопись өнерінің «натюрморт» жанрына үйрету.
Жобаның мазмұны:
Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдарды қолданады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.
Бейнелеу өнері жанрларға бөлінеді. Негізгі өнерде жанрлар 4 кезеңнен тұрады.
1.Тарихи жанр
2.Батылдық жанр
3.Маринистік жанр
4.Анималистік жанр.
Бейнелеу өнерінің былай сипатталуы жанрларға бөлінуі деп аталады. Тарихи жанр- белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдермен бейнеленген көркем шығарма.
Батылдық жанр-соғыс уақиғалары бейнеленген көркем шығарма.
Маринист жанры-теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.
Анималистік жанр- жан-жануарларды бейнелейтін көркем шығарма.
Живопись мынандай жанрларға бөлінеді: Натюрморт, Пейзаж, Портрет және Тақырыптық картина.
Пейзаж-«Paysade»деген француз сөзінен шыққан- бұл Ландышафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде(VII-X ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Қайсібір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшілердің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.
Портрет-бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. Үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық Египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозайкалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Тақырыптық картина-өмірді,адамдардың өзара қарым-қатынастарын көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фонтастикалық көріністі бейнелейтін картинаны осылай атайды.
Натюрморт-өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Голландияда және көрші Фландрияда туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін суретшінің оларға деген көзқарасын ашып береді.
Бейнелеу өнерінің ішіндегі жанрлармен танысып, живопись жанрының ішіндегі «натюрморт» жанрына тоқталдым. Бейнелеу өнеріндегі живопись өнеріне көптеген сурет салуға қажетті құралдар мен материалдар пайдаланамыз. Сондықтан бізге акварель живописінде жұмыс істеу техникасы мен әдістері майлы бояумен жұмыс істеуден айтарлықтай ерекшеленеді.
Акварель сөзі латын(agua)- «су» деген сөзінен шыққан. Акварельде ақ бояуы мүлде қолданбайтын бірден-бір живописьтік техника. Акварель бояулары қолдануға ыңғайлы да қарапайым, қағазағ оңай жағылады және шап-шаң кебеді. Алайда, бұған қарамастан, акварель живописінің техникасы- мейлінше күрделі техникалардың бірі. Акварель живописінің техникасы-материалдық жарақаттандырылуы жағынан қарапайым.
Гуашь- ең тығыз, күңгірт бояу. Онымен сәтсіз жерлерді-неғұрлым қара-қошқыл бояуларды ақшыл бояумен және т.б жауып жіберуге болады. Гуашьпен жұмыс істеудің қиындығы мынада: кепкен бояу жағындылары оңай жібиді. Гуашь-декорациялық безендіру және плакат жұмыстарында, театр эскиздерімен кітап графикасында үлкен табыспен қолданылады. Гуашьтың негізгі кемшілігін- кепкен кезде өңін өзгертетінін ойдағыдай жеңу үшін кейбір суретшілер жұмыстың ерекше әдісін пайдаланады. Алдын-ала дайындалған коллермен( 2-3 бояуды қосып бір түс шығару) сурет салады. Гуашьты жағу әдісін пайдалану арқылы әрбір қыр-сырын үйреніп, майлы бояуға көшуге мүмкіндік береді. Жалпы гуашь пен майлы бояудың техникасы бірдей.
Майлы бояумен әрбір шебер өз жұмысын, технологиясын, өз тәсілдерін таңдайды. Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кездері ол адамзатқа белгісіз болатын. Майлы бояу алғашқы рет X ғасырда шыққан, бірақол кезде ешкім пайдаланбаған.Оның кеңінен дәстүрге енуі XV ғасырда өмір сүрген Нидерланд суретшілері ағалы-інілі Ван-Эйктердің атымен тығыз байланысты. Майлы бояумен жұмыс істеу үшін сондай-ақ әртүрлі кистілер және де Мастихин өте қажет болады. Мастихин(қалақша)- холостан да, палитрадан да қажетсіз бояуларды алып тастай алады. Майлы бояуларда мұндай байланыстырғыш заттар әдетте зығыр, кейде жаңғақ немесе көкнәр майы болып табылады.
Живопись өнерінің ішіндегі «натюрморт»жанрында үш түрлі технологиясын қолдандым. Мысалға: акварель технологиясы.
Акварель технологиясының жағу әдісін үйрете отырып, гуашь технологиясына ауыстым. Гуашь технологиясын қою жағу әдісін, түстерді бір-бірімен араластыру арқылы және үйлесімдігін табу арқылы майлы бояу техникасына ауыстық. Жалпы гуашь пен майлы бояу техникасын, екуін де бір техникаға жатқызуға болады. Өйткені екеуі де қою түстердің бірінің үстін бірі баса алады.
Жүру бағыттары:
Оқушыларды эстетикалық талғаммен ояту.
• Суретші болу керек- бейнелеуші техникалар мен материалдардың барлық мүмкіндіктерін меңгеріп, сурет сала және майлы бояумен жаза білу қажет;
• Өнер тарихының теориялық негіздерін меңгерту, бейнелеу өнерінің түрлерін түсіну, композиция заңдылықтарын, бейнелеу өнері түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері және жанрлары, стильдері, бағыты, т.б жақтарынан хабардар болуын ескертеді;
• Көркемдік педагогиканың- әдістемелік негіздерін, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай олармен жақын таныс болуын, тәрбиелеудің және де оқытудың дидактикалық ұстанымдарын білуін алға тартады.
• Бейнелеу өнері жүзеге асыруға лайықты болу қажеттілігін айтамыз.

Орындау ерекшеліктері:
Жалпы бұл “натюрморт” жанрының ерекшелігі-акварель, гуашь және де майлы бояу техникасымен боялуын көрсету. Оқушылардың алған білімдерін практикалық жұмыс арқылы живопись техникасын дамыту, ерекшелігін ұйымшылдыққа тиянақтылыққа ерекшелендіру.

Орындау кезеңдері:
Жалпы бейнелеу өнерінде кез-келген суретті кезеңге бөліп салады. Жалпы кезеңдер 4 кезеңнен тұрады:
1-кезең: Алынған тақырып бойынша қағаз бетіне дұрыс орналастыру, компоновкасын және үйлесімділігін нақты көрсету. Жалпы көмекші сызықтармен және ішкі көріністерін салыстырмалы түрде жазу;

2-кезең: Әрбір заттың кіші заттан үлкен заттарға қарай, құрылымына назар аударып, кеңістікте өзара қатынасын табу. Қағаз бетіне эскизімізді нақтылап 3-кезеңге көшіру;

3-кезең: Әрбір заттың өзіндік өңі, жарық пен көлеңкесі пайда болады. Жалпылама бұл жұмысты жарық пен көлеңке арқылы анықтап, түстік заңдылықтарын дұрыс орналастыру;

4-кезең: Бұл кезең бейнеленген заттарды толықтай анықтау кезеңі. Орындалған заттардың өзара өңі мен жарық көлеңкесін табу. Әрбір көлеңке переход арқылы жұмыс жасалуы керек. Ең маңызды көлеңке “түспе көлеңке” болады. Әрбір затты қағаз бетіне көрсету үшін, жарық түскен артқы фонын көлеңкелеу арқылы көрсетеміз. Әрбір заттың өңін бір-бірімен шағылысу арқылы реңдік қатынасты көрсетеміз.

Акварель Гуашь Майлы бояу

Болжамы:
Живопись пәнінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, бағдарламасын іске асыруға болады. Нәтижесінде оқушыларды толық сабаққа қатыстырып, живопись пәніне деген шығармашылықпен жаңашылдандыруға бағытталса, олардың әр қайсысының деңгейін анықтай алады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, тақырыпқа болжам жасап, мақсат сұрақ беріп жауап алуға білім сапасы педагогикалық жүйесі артады.
Нәтижесі:
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай:
— тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
— арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
— берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс;
— ой шапшаңдығын, сурет салу байлығын дамыту;
— әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыстар, көрмелер өткізу.

Қорыта айтқанда, осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, белсенділікке ынталандырады.

Пайдаланған әдебиеттер:
— Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге А.С.Шипанов Алматы мектебі 1998
— Бейнелеу өнері 3-сынып Алматы “Атамұра”1999
— Бейнелеу өнері 5-сынып Алматы“Атамұра” 1999
— Бейнелеу өнері 6-сынып Алматы“Атамұра” 2006
— Батыс Европа Өнері “Алматы өнер” 1982
— Журнал “Мектептегі сыныптан тыс жұмыста” №9-2007
— “Бейнелеу өнері және сызу” №6-2009

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.