Бұл кітапшада Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің қазіргі ұлттық мектептің үлгісін жасау жолындағы іс – тәжірибесі, мектептің тәрбие жұмысының жүйесі, оқу – тәрбие үрлісіне енгізілген инновациялық қызмет жолдары, тәрбие жұмысының бағыттары, оқушылардың өзін – өзі басқару жұмысының құрылымы енгізілген.
Мектептің сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын сынып жетекші.Бұл ретте сынып жетекшісіне жүктелетін міндеттердің де салмағы басымырақ.
Тәрбиені түрлендіріп, уақытпен, қоғам талабымен үндестіре жұмыс жасап келе жатқан сынып жетекшілеріміздің де тәрбие сағаттары, сыныптан тыс жұмыстары бұл жинаққа енгізілген. Бұл сабақтар көптің көңілінен шығып, өз жұмыстарында пайдалануға лайық деп есептеймін.
Д. Д. Дүйісмағанбетова. ГКС-12 орта мектебінің
тәрбие жөніндегі орынбасары. 2012-2013 оқу жылы
Сабақтар топтамасының электрондық нұсқаcы: http://snack.to/ftc8r33k
Сабақтар топтамасы "Республикалық 45minut.kz газеті" редакциясының баспа бөлімінде әзірленіп, баспаға жарияланды.
Редактор: Нағиев І. Б. Ғылыми жетекші: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Дүйісмағанбетова Дәметкен Дауылбайқызы. Үйлестіруші: Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы.
Таралымы: 50 дана. Алматы қаласы. 2012 жыл
Республикалық басылым атынан Ұстаздар еңбегін Республика көлемінде таратуға белсене атсалысып көмектесіп, үйлестіру жұмыстарын атқарғаны және Ұстаздардың сабақтары мен іс-тәжірибелерін http://www.45minut.kz сайты мен газетінде жариялауға көмектесудегі белсене қызметтері үшін Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр ауылы,
ГКС-12 орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Д. Д. Дүйісмағанбетоваға және
ГКС-12 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г. Қ. Ахметоваға алғыс білдіреміз.