Без рубрики

«Алтын күз 2012» сайысы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы
М.Тәжин атындағы
Аға тәлімгер:
Бисеналина Мөлдір Боранбайқызы

«Алтын күз 2012» сайысы

Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Қатысушылар: «Жас ұлан» ұйымы, «Жас талап» өзін-өзі басқару ұйымы, «Парасат» ер балалар

ұйымы, «Инабат» қыз балалар ұйымы

сыныбы: 8-11 сынып аралығы

 

1 жүргізуші: Кеш жарық, армысыздар, құрметті ұстаздар.

2 жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Хормен: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

1 жүргізуші:

Береке, бақ, дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз.

Хормен: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

2 жүргізуші:

Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі,құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әртүрлі мерекесі,берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

1 жүргізуші:

Күз- адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын , себебі , біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын — байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Сәлем саған, Алтын күз!» атты кешті бастауға рұқсат етіңіздер!

2 жүргізуші:

Әділдікпен баға берер әр топқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Қазылар алқасымен таныстырып,

Үздік топты таңдап бүгін алуға.

1 жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбдіғалиева А

  2. Ұйымдастырушы педагог Бөлек Азамат

  3. Еңбек пәнінің мұғалімі Сапарова Алмажан

  4. Музыка пәнінің мұғалімі Төреханова Алма

2 жүргізуші:

Қатысушы Алтын күздің сайыскерлеріне баға берер әділқазылар алқасымен таныс болдыңыздар.

1 жүргізуші: Жалпы мектептерде жылда алтын күз мерекесі жоғары топ оқушыларына «Күз ханзадасы», «Күз ханшасы», «Алтын күз 2011» деп екі жұп болып әр сыныптан сайысқа бақтарын сынап, өнерлерін көрсететін. Ал бүгінгі кештің ерекшелігі біздің мектеп оқушыларының жас ұйымдастырушылары деп айтсақ болады. Бүгінгі кеште мектеп жанындағы ұйымдардың топ жетекшілері және топ мүшелері сайысқа түспекші және де барлық өнерлерін сіздерге, біздерге көрсетеді. Оны алда көретін боламыз!

2 жүргізуші:

Ия, Ендеше сайысымыздың сәнін келтіретін, бар өнерлерімен біздерді, сіздерді таң қалдырады деген сеніммен қатысушы топтарды көп күттірмей шақырайық.

1 жүргізуші:

Олай болса топ басшыларды және мүшелерді сіздердің қошыметтеріңізбен!

  1. «Жас ұлан» ұйымының «Ұланбасы» Көптілеуова А және сынып ұландары

  2. «Инабат» қыздар ұйымының топ жетекшісі Әбдірахманова Н және топтың мүшелері

  3. Мектеп президент орынбасары Ермырзаева А және министрлер

  4. «Парасат» ер балалар ұйымы топ жетекшісі Ниетқалиев Н және мүшелері

Қатысушы сайыскерлерімізбен таныс болдыңыздар, олай болса реттік нөмерлерді топ басшылары келіп алуларыңызға болады.

2 жүргізуші:

Ендігі кезек біздің қатысушы топтар өздеріне берілген тапсырма бойынша өнерлерін көрсетпек, олай болса сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. «Таныстыру» /топтың аты, ұраны/

  2. «Өнерлінің қанаты талмас» /әр топ өз өнерлерін көрсетеді/

  3. «Күз сұлулығы…» / 6 минут ішінде күз табиғаттын берілген бұйымдардан суреттеп салу/

  4. «Сән думан» /сән үлгісі 8 минут уақыт ішінде күзгі сән үлгісін дайындау/

  5. «Ас адамның арқауы» /Ас мәзірі/

  6. Копитандар жарысы /сурақтар беріледі/

1 жүргізуші:

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Олай болса бірінші бастайтын өнерпаз топ ұйымы

2 жүргізуші:

  1. «Жас ұлан» балалар үйымы

  2. «Жас талап» өзін-өзі басқару ұйымы

  3. «Инабат» қыз балалар үйымы

  4. «Парасат» ер балалар ұйымы

1 жүргізуші:

Міне алдарыңызда өнерлерін көрсеткен топ басшылары және мүшелері өздерінің «Сәлемдесу» шарты бойынша әр қырларымен таныстырды. Әлі алда 5 шарт бойынша шеберліктерін көрсететін болады. Ендігі «Өнерлі өрге жүзеді» шарты бойынша барлық қатысушы өнерпаздарымыздың бойындағы дарындық қабілеттерін, ұжымдық ұйымдастырушылық қабілеттерін байқайтын боламыз.

  1. «Жас ұлан» балалар үйымы

  2. «Жас талап» өзін-өзі басқару ұйымы

  3. «Инабат» қыз балалар үйымы

  4. «Парасат» ер балалар ұйымы

«Өнерлерің талмасын, ұйым мүшелері биіктерден самғасын» дегім келеді. Өнерлеріңіз өрлей

берсін, білімдеріңіз тереңдей берсін.

2 жүргізуші:

2 сынып оқыған кезде қандай сабаққа бейім жақындау болдың?

1 жүргізуші:

Барлық сабақтарға бейім болдым, есімде жатталып қалғаны, сурет салу өзімнің ойымдағы ойымды, қиялымдағы суреттерді қағаз бетіне суреттеп, түрлі-түсті бояулармен сурет бейнесін ашып салатын едім.

Тамаша, олай болса қазір сол сенің кішкене кезіңдегідей біздің топ мүшелері 6 минут ішінде күз сұлулығын бейнелеп елестет арқылы салып шығарады. Біздер түрлі түсті қағаздар, жапырақтардан, гуаштан суреттеп шығарады. қай заттардан жасайтынын білу үшін, қағаз астында жасырулы соны алып, өздерінің қандай заттардан бейнелеп салатынын білетін боламыз. «Күз сұлулығы…» шарты н бастауға рұқсат етіңіздер.

«Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап,

Сән думанға барлығы аттанады- дей келе 8 минут ішінде 1 аруға, сән үлгісін дайындап шығарулары керек. Көп күттірмейік, қазір бірер минут ішінде өнерпаздарымыздың өолдан жасаған шеберліктерін байқайтын боламыз.

2 жүргізуші:

Жалпы күз мезгілінде жеміс-жидектер пісетін кез екенін өздеріңіз толығымен білесіздер. Сол жемістерден барлық сайыскер топтар Ас мәзірін дайындап шығарады 4 минут ішінде.

Соңғы шешуші кезең біздің топ басшылар сайысы, топтың соңғы шешімін шешетін біздің осы топ басшылары. Бұл шарт сұрақтар беріледі, егерде сол сұраққа толық жауап берген топ басшысы өзінің «Үздік» топ екенін көрсеткені деп айтуға болады.

Топ басшыларына берілетін сұрақтар

  1. Күз мезгілі туғанда ұлттық салт-дәстүрімізде әйелдер қауымы тұрмыстық шаруашылыққа қажет қандай бұйымды әзірлеген?

  2. «Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы» -қай ақынның, қандай өлең шумақтарының жалғасы?

  1. «Құстар қайтып барады» әнінің музыкасын жазған компазитор?

  2. Қазан ұрды дегеніміз қандай мағынаны береді?

Бүгінгі «Алтын күз» сайысы өз мәресіне жетті. Әділқазылардың шешімі бойынша «Парасат» ер балалар ұйымы «Үздік» топ атағымен жеңімпаз болып марапатталды. Осындай өнерлері, білімдері жоғары, шеберліктері мол оқушыларымыз көп болсын дегім келеді. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.