Без рубрики

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу

Қызылорда облысы облысы, Қармақшы ауданы,
Төретам кенті
№80 мектеп гим назия
тарих пәнінің мұғалімі
Айтжанова Салтанат Айтуарқызы

 

Жоспары: І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері.
ІІІ. Қорытынды
Дарынды тұлғаны қалыптастыру.

І. Кіріспе

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарынды деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз? Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді деп күту керек пе, әлде алдымызда отырған қаракөз балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?

Иә, бүгінгі қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет.

Дарынды деген не? Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік.

Меніңше, адамды танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.

Бұл рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Көріп отырғанымыздай мұғалім оқушыға күнделікті сабақтың тапсырмасына қарағанда күрделі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отыр. Оқушы бұл тапсырмаларды орындағанда оқулық материалын толық біліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жүргізуі қажет.

Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Қалыптан тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазақстан Республикасының орта білім дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей, бүгінгі білім міндетін тек негізгі үш мақсат шеше алады, олар: дүниетанымдылық, шығармашылық, терең білімділік.

«Инновация», жаңа технология ұғымдары бүгінде педогогика саласында жиі қолданысқа түсіп отыр. Ол дегеніміз, білім саласына үнемі ізденіс және білім мазмұнын өмір талабына сай жақсарту, оқытудың әдіс-тәсілдерін жасау деген сөз.

ІІ. Негізгі бөлім

Сондықтан ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Заман жаңарған сайын оқыту жүйесі де, әдіс-тәсіл де жаңарып, түрленіп отыруға тиіс. Себебі алдымызда отырған қаракөздер Қазақстанның іргетасын қалайтын, тәуелсіз тудың тұтқасын ұстайтын азаматтар. Қоғамның тағдыры жастардың қолында.

Тарих сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.

Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмау үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып,күнделікті жоспарға өзгерістер енгізіп, сайыс, модуль, дебат-пікір сайыс, «XXI ғасыр көшбасшысы» түріндегі әдістерді қолдануға болады. Тарих сабағында оқушыларға мынадай талаптар қоямын:

— біріншіден, үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқуды;

— екіншіден, оқыған материалды тарихи тілмен мүдірмей айтып беруді;

— үшіншіден, тақырыпқа байланысты таблица жасауды, венн диаграмасын сызуды, даталарды жатқа айтуды, тірек схемасын сыза білуді.

Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп есептеп, ол оқушылармен жеке жұмыстар жүргіземін.

Әрине, мұғалімнің талаптарын барлық оқушы бір деңгейде орындай алады дей алмаймын, әр оқушыдан осы талаптарды сабақ сайын талап етемін. Оқушы осы талап деңгейінде көріне алмаса 5-тік баға ала алмайтынына көзі жетіп, мұғалімге баға жөнінде жөнсіз талап қоя алмайды. Мұның өзі оқушыны белгілі бір биікке көтерілу үшін, жауапкершілікпен сабаққа дайындалу қажет екенін түсіндіреді.

Бала бойында жүйелі түрде білім қалыптастыру үшін мұғалім оқушыға берген әр тапсырманы тексеріп отыруы шарт. Тексерудің мақсаты-жаңа материалды игеруге қажетті білім деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылар біліміндегі сол қылықтарды дер кезінде байқап,қатесін түзейді және кеңес бере алады.

Тексеру жұмысы сабақ барысында, оқушыны олимпиадаға дайындаған кезде,оқушымен ғылыми жұмыс жүргізгенде өте қажет. Мұның өзі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тексерудің көптеген әдістерін өз сабағыма пайдаланамын. Мысалы тестің бірнеше түрін (балама тест, сәйкестендіру тест, жабық тест), мәнжазба жаздыру арқылы, деңгейлік тапсырма, венн диаграмасын, тірек схемасын сыздыру, тоқсандық, тақырыптық тестер алу арқылы. Бағдарлама мен оқулық мазмұнын белгіленген тақырып бойынша негізгі ұғымдар таңдап алынады.Ұғымдарды тексеруге арналған тест аламын. Мысалы: фермер-иомендер, санкклюттер, индепендеттер, т.б.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

1. Дарынды баланы анықтау.

2. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу.

3. Сабақты жаңа технологиямен өту.

4. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру.

5. Ата-анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.

6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.

7. Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де біліп отыру.

8. Тапсырманың орындалу дәрежесін қадағалау.

Жеке балалармен жұмыс жүргізуде өз сабағыңызда әр-түрлі ойындар, жарыстар, тест жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп,осы сәттерде бала бойындағы тапқырлық, бейімділік, қабілеттілік, таланттылық байқалады. Мұның бәрі де оқушы бойындағы дарындылық қасиет. Барлық бала тумасынан дарынды бола бермейді, талабы бар баланы да ата-анасымен жиі хабарласа отырып жеке тапсырмаларды саралап беру арқылы жаңа қырын ашуға ,мадақтай жүріп бір нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

Тарауды қорытындылау кезінде балаларды өткен материалды қайталауға,

алған білімдерін бекіте түсуге қолданылатын әдістің бір түрі — «XXI ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық ойыны. Ойынның шартын оқушылар жақсы меңгерген. «XXI ғасыр көшбасшысы» сабағын мынадай тәртіппен өткізуге болады:

1. Оқушыларды төрт топқа бөлу.

2. Төрт аптада төрт топтың оқушыларымен ойын ережелері бойынша жеке-жеке сайыс өткізу.

3. Төрт топтан 1-ші орынды иеленген оқушыларды ақтық сайысқа шығару. Осы сайыста алға шыққан оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» атағын жеңіп алады.

Бұл сабақта не ұтымды?

Біріншіден, оқушылар өтілген материалдарды қайталады.

Екіншіден,көпшіліктің алдында өз пікірлерін айтуға үйренді.

Үшіншіден, талап бойынша әділ-қазылар алдында, көп ішінде өз-өзін ұстап, мінез көрсетпеуге дағдыланды.

Төртіншіден, оқушы жолдасының білімін бағалайды.

«XXI ғасыр көшбасшысы» сабағын жүргізгенде мұғалім барынша әділ,ба- рынша жауапты болуы шарт. Бұл әдіспен сабақ өту оқушыларға ұнайды. Дарынды оқушылармен қосымша материалдармен жұмыс жасаған оқушы үшін де, мұғалім үшін де қажет.

Жалпы қабілетті дамыту үшін мынадай талаптар орындалу қажет:

-туа біткен қасиетті дамыту;

-отбасының жағдайы;

-оқушы мен ұстаз алдындағы қарым-қатынас;

-ұстаз біліктігі;

-мектептегі оқыту мен тәрбиенің деңгейі;

Міне, осы таланттар ұштасқан кезде ғана қабілетті, талантты оқушылар жетіле түседі.

Қорыта айтқанда, дарынды оқушыларды таба біліп әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынастарды жақсартып, ата-ана, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап шығармашылықпен жұмыс істеу қажет.

Технология — бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың жиынтығы (түсіндірме сөздік). Ал, «педогогикалық технология дегеніміз — бұл педагогтің мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары, әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» -деп атап көрсетеді М.В.Кларин.

«Шын даланы тануға болатын нағыз белгі-шыдамдылық» Г. Ибсен.

Міне, алдымызда отырған баланы данаға айналдыру үшін біз шыдамдылық, парасаттылық, заман талабына сай білімділікті өзімізден бастап талап етуіміз қажет.

Тарих пәнін оқытудағы басты міндет-жас ұрпақты адамзаттың,шынайы тарихымен таныстыру, дүние жузілік мәдениеттілік негізгі жетістіктермен сусындату, тарихты сын көзбен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.

Осы міндетті орындау үшін бүгінгі күннің талаптарына жауап бере алатын жаңа үлгідегі сабақтарды өтуді өз борышым деп санаймын. Сондай сабақтардың бірі К.Поппер үлгісіндегі Пікір-сайыс-Дебат сабағы.

 

ІІІ. Қорытынды

Оқушы оқулық материалымен шектеліп қалмай қосымша материалдармен өз білімін толықтырады,кез келген тарихи оқиғаның оң және теріс ықпалдарына анализ жасай отырып, өзіндік пікір қалыптастыратын, шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады.

Дебат технологиясын оралымды қолдана алатын мұғалім сынып оқушыларының өнімді сөйлеу қызметін іске асыра алады. Сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу белсенділігі артады. Дебат баланың ойлау стилінің 5 түрін де (синтезатор, идеалист, прагматиг, аналитик, реалист) дамытады.

— оқу қызметінің 4 түрінде (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу);

— жалпы мәдениетін, пәннен терең білімдігін дамытады;

— пәнге қызығушылығын арттырады;

— ойлау қызметінің белсендігі артады;

Тарих, адам және қоғам пәндері бойынша Дебат сабағын өткізуге болады. Атап айтсақ, «Қазақстанда тың игеру тиімді болды» (болған жоқ), «Қазақстан ауылы кеңес дәуірінде өз дәрежесінде дамыды» (дамыған жоқ), «Адам құқының аяққа басылуына азаматтың өзі кінәлі» (құқық қорғау органы кінәлі) т.б.

Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп,өз бойындағы да қабілетті аша түсу, көш соңында қалып қоймай, қоғам алдындағы міндетіңді азаматтық тұрғыдан ойдағыдай орындау.

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы.4.2006.жыл

2. «Қазақ тарихы» журналы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.