Без рубрики

Кемел елдің білімді ұрпақтары

Мамбетжан Жаңылған
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

170 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Сайыстың тақырыбы: Кемел елдің білімді ұрпақтары
Сайыстың мақсаты: 1. Оқушылардың Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін пысықтау, тиянақтау.

2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жан-жақты жеткізуе білуге, ізденуге  қалыптастыру, тарихқа деген қызығушылығын  арттыру.

3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа, туған жеріне оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

 

Көрнекілігі : слайдтар, бейне роликтер.

Жоспары:

  1. Зымыран сұрақ.

  2. Көшбасшысы алға.

  3. Археология ( бейне сауалдар )

  4. Тарихты жақсы білеміз бе?

  5. Тарихи тұлғалар

 

Сайыс барысы : Оқушылар 2 топқа бөлініп, топ атын таныстырады.

1 тур. Блиц – турнир.

(әр сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай есептеледі)

1.5-12 ғ.ғ. қамтитын кезең Қазақстан тарихында қыпшақ кезеңі деген атпен қалды. (жоқ. түрік)

2. 7 ғ.ғ Батыс Түрік қағанатын Қытай басып алды. (Иә)

3. Түреген қағанатының ыдырауына араб-қытай шапқыншылықтары себеп болды. (Иә)

4. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы суяб болды. (жоқ. Мыңбұлақ)

5. Қарлұқ қағанаты 100 жылға жуық өмір сүрді. ( жоқ. 200 жылдай)

6. Оғыз мемлекеті 9-11 ғ.ғ басында өмір сүрді. (Иә)

7. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Богра хан. (Иә)

8. Моңғол мемлекетінің негізін салушы Жошы хан 1155 жылы дүниеге келген. (жоқ Шыңғыс хан)

9. Сыз бойындағы Сығанақ қаласы моңғолдарға тегеуірінді қарсылық көрсетті. (Иә)

10. Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына толығымен 1219 жылы кірді. (жоқ 1224)

11. Пайғамбардың құрметіне 63 жастан кейін жер асты үй салып, өмірінің соңына дейін сонда өмір сүрген Әулие- Арыстан баба ( жоқ Ахмет Иассауи)

12. Моңғолдардың Европаға жорығын Бату басқарды. (Иә)

13. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет Алтын Орда. (Иә Ақ Орда)

14. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. (Иә)

15. 1457 жылы Абылай хан Сығанақ түбінде ойраттардан жеңіліс тапты. (жоқ Әбілхайыр хан)

16. Қазақ хандығы алғашқы кезде Шу мен Талас алқабы аралығындағы жерлерді иеленді. (Иә)

17. Сығанақ қаласының маңында Шайбани әулетінен шыққан хандар жерленген осы жердегі кесененің бірінде Әбілхайыр хан жерленген. Ол Қарахан кесенесі. (жоқ ол- Көккесене)

18. 1513 жылы Қасым ханның басып алған қаласы – Сайрам (Иә)

 

 

2. тур. «Археология»

 

Интеративті тақтадағы бейне көрсетілімнен кейін әр топ «бұл не» деген сұраққа жауап береді. Егер нақты жауап бермесе оларға жеңілдік яғни бейне клип туралы қосымша ақпарат беріледі.

Дұрыс жауап 50 ұпаймен бағаланады.

 

 

3. тур. Тарихты жақсы білемізбе?

 

Интерактивті тақтада үш сөз немесе кісі есімі көрсетіледі.

Тақтадағы сөзге орай топтар өздері нақты, дәлелді, жүйелі жауап берген жағдайда 50 ұпай ала алады. Ал егер жауап толық емес болса ұпайлары төмендетіледі.

 

1. Әл- Идриси. Оғыз шебер.

(Әл-Идриси оғыздар мен қалмақтар туралы : «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп жазды)

2. Рузбихан, көшпелі өзбек, ержүрек.

3. Қадырғали Жалайыри. Қасым хан. ұлыс.

4. М.Х. Дулати. Қазақ хандығы. Сұлтан

 

4. тур. «Тарихи тұлғалар»

Берілген мәтінге сәйкес топ мүшелері өзара келісе отырып, жауап береді.

Тұлғалар туралы дыбысты мағлұматтар беріледі. Қай тұлға екендігін табу керек.

Жауаптары:

1. Қабанбай батыр

2. Әйтеке би

3. Абылай хан

4. Әбілхайыр хан

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.