Без рубрики

Сүт және сут тағамдары туралы мағлұмат беру

266 мектеп-лицей
Технология пәнінің мұғалімі:
Ержанова Арай Аманбаевна
6 класс

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:Сүт және сут тағамдары туралы мағлұмат беру
Білімділік:Қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарының түрлері,дайындау тәсілдері туралы түсінік беру,білімдерін тереңдету ; Дамытушылық:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын,теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға бағыт-бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс істеуге,салыстыруға,бірінің пікірін бірідамыта отырып,өзара сыйласуға ,қорытынды шығаруға машықтану;

Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұқыптылыққа,үнемділікке,әдептілікке,баулып,салт-дәстүрді сақтап,өз орнын таза ұстауға,қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік малдың суреті,бүктеме
Пәнаралық байланыс:халықтық педагогика,әдебиет,биология,тарих
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру: Топқа бөлу.Балалар 1,2,3,4,5-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек,2,3,4,5 өз алдына топ құрады."Сиқырлы сандықшаданөз топтарына есім алады. 1-топ "Балқаймақ"тобы, 2-топ "Кілегей"тобы,3-топ"Балмұздақ" тобы,4-топ"Ірімшік"тобы,5-топ"Ақбұлақ"тобы 1.Қызығушылығын ояту сатысы Жаңа сабақты түсіндіру. Қазақтың сүт және сүт тағамдарына тоқталу. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білсе,оны топтастыру арқылы қағаз бетіне түсіру.Оқушы ойындағыны тоқтаусыз ,шектемей,жаза береді,ол үшін уақыт беріледі(7 минут).Оқушылар жазғандарын оқиды,жинақтайды.Төрт түлік малдың суреті ,бүктемені пайдалану

Т

Жеміс тағамдары

Ұн тағамдары

Балық тағамдары

Дәм тағамдары

Ет тағамдары

Сүт тағамдары

Сорпа тағамдары

ірек-сызба сызады

 

 

 

 

 

Бүгін біз қазақтың ұлттық тағамдарының ішіндегі сүт және сүт тағамдарына тоқталамыз.

сары май

торта

құрт

ірімшік

сүт

шұбат

қымыз

қаймақ

сүзбе

айран

қатық

ежіге

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүт.Сауын малдан ,яғни биеден,інгеннен,сауын сиырдан ,қой,ешкіден алынады. 1.Ой қозғау.Сөздік жұмыс. Сүт -малдан алынатын өнім.

Уыз — жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті.

Ашқылтым — сүт тағамдарының дәмі

Малта — езілген құрттың жұқанасы

Меңіреу — қой сүтінен ұйытылған қатық түрі.

Ұйытқы — сүтті ұйыту үшін мәйек, айран, сүзбе сияқты ащылар "ұйытқы" деп аталады.

Торта — май қайнатқанда шығатын тұнба

Қату (май қату, сүт қату) — тағамға май, қаймақ қосуды айтады. Мысалы, шайға сүт, сорпаға қатық қатады.

Айну (айныған) — сұйық тамақтың (қымыз, шұбат, айран т.б) дәмінің бұзылуы.

Адал — таза, жейтін тамақ

Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты тамақтарының бірі.

Қазақ халқының ішіп-жемінде сүт тағамдары ерекше орын алады. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз "ағарған" немесе "ақ" деп атаған. Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, аналарымыз тәжірибе жинақтай келе одан көптеген тамақ түрлері мен дайындау әдістерін білген және олардың көптеген қызыты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен, өқою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығаорған. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі қасиеті де мол. Кезінде академик И. П. Павлов сүтті "табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы" деп бағалаған. Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.

"Кубизм" стратегиясы бұл тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Кубиктің алты жағындағы тапсырмаларды орындау

1. Баяндаңыз. Сүтті және сүт тағамдарын үйде пайдаланудың, дайындау мен сақтаудың негізгі ережелері

2

Сүттен ұйытылады,тағам,сусын,түсі ақ,нәрі мен құнарлығы жоғары

. Салыстырыңыз

 

 

 

 

 

 

3. Өзіндік жұмыс. Тест сұрақтарын орындау

1. Уыз неден жасалады?

а) ашыған сүттен

ә) сүттен

б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен

2. "Лактоза" дегеніміз не?

а) сүттің қанты

ә) сүттің майы

б) сүттің минералды тұздары

3.Шұбатты қай түліктң сүтінен әзірлейді? а)сиыр сүтінен ә)түйе сүтінен б)биенң сүтінен Стафилакоктардың тіршілік ететін орындары а)ет өнімдерінде ә)жабайы өсімдіктерде б)сүт өнімдерінде Тағамды дайындамас бұрын ең алдымен нені сақтау керек? а)техника қауіпсіздігін ә)тамақтану мәдиенетін б)тазалық-гигеналық талабын Май пісіруге арналған піспегі бар ыдыс а)күбі ә)самар б)мес 4.Сүт және сүт тағамдарына ырымдар мен тиымдар. 1. Жерге төгілген ақты(сүт,айран,т.б)басуға болмайды.Сүт төгілген жерге тұз себеді. 2.Сауылған сүттің бетін ашық қоймайды. 3.Сүтті үрлеп ішпейді,майлылығы азаяды. 4.Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгіп тастауға болмайды. 5.Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды,құты кетіп қалады. 6.Түнде тамақтың бетін жауып кояды. 7.Қол жумай ақты ішпейді. 5.Кестемен жұмыс Әр топ кеспе алып ,бөліктің оң жағына тапсырма жазылады да бөліктердің сол жағына топтағы оқушылармен ақылдасып,жинақтап,пікірлерін жазады.

 

1-кеспе Ақ алып шығу салты Оқушының пікірі.Ақ алып шығу(салт -ырым)қазақ халқы сүтті,қымызды,шұбатты,айранды т.б сүт тағ,амдарын "ақ"деп атайды да оны қасиетті киелі,зат санатына жатқызады.Сол сияқты ақ түсі де киелі,адалдық ұғымдарды блдіреді.Халық дстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу-адамгершілік ,мұсылмандық,көршілік парыз.Ақ алып шығу "осы ақтай таза болайық"деген тілекті білдіреді.Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық білдіріп алғыс айтады.
2-кеспе Ақ құйып шығару салты

Ақ құйып шығару(салт-ырым)."Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады"(мәтел).Халқымыз ақты жерге төкпейді,аяққа баспайды.Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар,мысалы:қалың өрт келгенде алдын ақ шашады,сол сияқты үйге кжылан кіріп кеткенде де оның басына ақ сүт немесе айран құйып,үйден шығарады.Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне дос,дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққан болуы керек.

3-кеспе. Қазақ өлшемдері(сұйық өлшемдері)

1 тамшы-1гр.Бір ұрттам-50-60гр.Бір жұтым-250-300гр.Бір қасық-20-30гр.Бір аяқ-700-750гр.Бір шелек-10-12л.Бір шара-8-10л.Бір ожау-300-400гр

 

6.Қорытынды жасаңыз. Сүт және сүт тағамдарының өзге тағамдардан өзгешелігі жайлы әңгімеле. Сабақты қорытындылау,пысықтау. 1.Сабақ ұнады ма? 2.Сабаққа қатысты пікірлеріңіз? 3.Қандай сұрақтарыңыз бар? 4.Нені білгіңіз келеді? Келесі сабаққа дайындықпен келу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.