Без рубрики

Көңіл күйімізді басқара білейік.

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
Қауылжыр ауылы ГКС-12 орта мектебі
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

Сыныбы: 2
Мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру;
-өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту;
-ұстамдылыққа ,сабырлылыққа ,ризашылддыққа тәрбиелеу,
Шаттық шеңбері.  «Ризамыз саған біз» Қ.Ыдырысов
Дәйексөз   Ш.Смаханұлы «Өмір  деген жарыста,Шаттанғын,дос ,қалыспа!»
-Адам әртүрлі жағдайларға байланысты ренжуі,жабырқауы,қабағының қатыңқы болуы,тіпті ашулануы мүмкін.Сондай жағдайларда адам көңіл күйін көтеріңкі ұстауы,жылы шырай танытуы,жымиып қарауы,күлімсіреуі,қандай сөзді ,істі болмасын күліп тұрып қабылдауы көңілді сергітіп жібереді.Өйткені барлық уақытта да көңілді жүрсең ,өміріңнің ұзақ болтыны да сөзсіз.
Жағдаяттар талдау. «Өзіңнің ,өзгенің көңіл күйін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?» деген сауалға ойланады.
Сахналау. «Мен әртіспін» атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеді.

-Қуанышты күйді көрсететін көрініс.
-Ренішті күйді сипаттайтын көрініс.
-Таңғалуды сипаттайтын көрініс.
Ойын. «Менің көңіл күйім қандай?».Мұнда ортаға бір бала шығып,өз көңіл күйін мимика,түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.Қалғандары оны тауып айтады.
Мәтінмен жұмыс. «Тиін мен қасқыр» .Л.Н.Толстой
-Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?
-Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Назар аударайық
-Жақсы көңіл күй-тез түсінісуге септігін тигізеді.
-Жақсы көңіл күй-өзара сыйластыққы негіз болады.
-Жақсы көңіл-күй-достасуға көмектеседі.
Қорытынды
-Балалар,көңілді қуанышты адамның жүзі де әдемі.Қараған сайын қарай бергің келеді.Ал ашулы адамның жүзі адамды өзіне тартпайды.Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп,көңілді жүргеніміз дұрыс.Ол біздің адамдарға,айналаға деген сүйіспеншілігімізді оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма.Балалардың көңіл күйін табиғатпен салыстырып жазыңдар. Мысалы жымиып тұрған қыз сурет-күлімдеген күндей.
Жүректен жүрекке. «Көңілді балалар әні» Е.Өтетілеуов

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.