Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы
Ақтөбе облыстық әскери – полициялық
мектеп – интернатының
құқықтану пәнінің мұғалімі
Уразбаева Анар Әбубәкірқызы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының адвокатурасы
Мақсаты:
білімділік:оқушыларға адвокатура мен нотариат қызметтері, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру;
тәрбиелік: заң талаптарын бұлжытпай орындауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, заңды және мемлекеттік құқық қорғау органдарының қызметін құрметтеуге тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой-өрісін, қабылдауын, зейінін,
құқықтық сауаттылығын арттыру; адвокатура мен нотариат туралы түсінік бере отырып, құқық қорғау органдары туралы білімдерін кеңейту.
Түрі: аралас
Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Әдісі: эвристикалық әдіс, кластер толтыру, сұрақ-жауап, құқықтық сынақхат, ситуациялық жағдайларды талдау, Венн диаграммасы (ой қорыту, салыстыру).
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру.
а) оқушылармен амандасу;
ә) сабаққа қатысымын тексеру;
б) сабаққа дайындық жасау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
§28. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары.
Үй тапсырмасы төмендегі сұрақтар арқылы қорытындылады:
1.Ішкі істер органдары ұғымын түсіндіріп, олардың алдына қойылатын міндеттерді ата.
2.Ішкі істер органдарының жүйесі қандай?
3. Ішкі істер органдарының жүйесінде полиция қандай орын алады?
4. ІІМ-нің әскери полициясы қандай қызметтерді атқарады?
ІІІ.Жаңа білімді меңгерту.
§29. Қазақстан Республикасының адвокатурасы.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оларға төмендегідей кластерді толтыру ұсынылады:
Адвокат
Өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту мақсатында тәрбиеленушілерге төмендегі жоспар бойынша жаңа тақырыпты өз беттерімен оқып, түсіндіру тапсырылған болатын.
-
Адвокатура ұғымы.
-
Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері.
-
Нотариат.
-
Нотариат құрамы.
-
Нотариустың құқықтары мен міндеттері.
1) Адвокатура – заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік (4 — слайд).
(5-слайд)
жеке және заңды
тұлғаларға заңдық құқықтар мен заңды заңдылықты сақтау
көмек көрсету мүдделерді сақтауға және нығайту
көмектесу
Адвокатураның міндеттері
жеке адамдардың заңдылық үшін сот әділдігіне
құқықтарын қандай да күресу жәрдемдесу
болсын қолсұғушылықтан
қорғау
(6-слайд)
кеңестер, түсініктемелер беру
талап-арыздарын, шағымдар тергеу және алдын ала тергеу
мен қолдау хаттарын толтыру Адвокаттың кезінде қорғау; қылмыстық
және құқықтық сипаттағы көмегі істер бойынша сотта жәбірле-
өзге де құжаттарды толтыру нушілерді, азаматтық талапкер-
лерді және азаматтық жауапкер-
ді ұсынады
азаматтық істер мен әкімшілік азаматтарға және ұйымдарға
заңбұзушылық істері бойынша заңнамаға қайшы келмейтін
соттарда және мемлекеттік заңгерлік көмек көрсетеді
органдарда өкілдік қызмет
атқарады
2) Адвокаттардың құқықтары:
— берілген тапсырманы орындауы үшін қажет болса және мемлекеттердің тиісті заңнамасына қайшы келмейтін болса, ҚР-ның бүкіл аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде де адвокаттық қызметпен айналысу;
— өзіне көмек беруді өтінген адамға ол мұқтаж болып отырған кез келген заңдық көмекті көрсетуге құқылы;
— соттарда, өзге мемлекеттік органдарда қорғаушы немесе өкіл ретінде әрекет ете отырып, заңдық көмек сұраған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге құқылы;
— міндетті сақтандыру қаржысының есебінен жүзеге асырылатын мемлекет кепілдендірген әлеуметтік қорғауды пайдалануға құқылы (7-слайд).
Адвокаттың міндеттері:
— заңнама талаптарын сақтау;
— адвокатураның ұйымдастырылуы және қызмет көрсету қағидаттарын басшылыққа алу;
— кәсіби мінез-құлық нормаларының талаптарын және адвокаттық құпияны сақтау (8-слайд).
3) Нотариат – даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі (9-слайд).
(10-слайд)
Азаматтың тірі екендігі
туралы куәлік беру
құжаттарды сақтауға мұрагерлік құқығы туралы
қабылдау куәлік беру
Нотариаттың
қызметі
атқарушы жазбаларды мәмілелерді
жасау куәландыру
көшірмелерден алынған
құжаттарды растау
куәлігі
4) Нотариат құрамы:
-
Қалаларда, ірі елді мекендерде ұйымдастырылатын, мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар. Олар мемлекет қызметкерлері болып табылады және жалақыны бюджеттен алады;
-
Жеке тәжірибемен айналысатын нотариустар;
-
Нотариалдық кеңсесі жоқ елді мекендердегі жергілікті атқарушы органдардың лауазым иелері (өсиетнама куәлігі, сенімхаттар, құжаттар көшірмелерін, олардан алынған үзінділерді куәландыру ісі);
-
ҚР-ның шетелде нотариалдық қызмет атқаратын консулдық мекемелеріндегі консулдар, заңнамада айқындалған өзге де адамдар (11-слайд).
5) Нотариустың құқықтары:
— өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай ҚР-ның заңнамалық актілерінде көзделген нотариалдық қызметті атқару құқығы;
— мәмілелердің, арыздардың және өзге де құжаттардың жобаларын жасау;
— құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінділер әзірлеу құқығы;
— нотариалдық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер беру құқығы;
— жеке және заңды тұлғалардан нотариалдық қызмет көрсетуіне қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап ету құқығы;
— оқытушылық және шығармашылық қызметпен айналысу құқығы;
— техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсету құқығы (12-слайд).
Нотариустың міндеттері:
— Нотариат қызметін реттейтін заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес нотариалдық қызмет көрсету;
— азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жасалатын нотариалдық іс-әрекеттердің зардаптарынан сақтандыру;
— заңнамаға сәйкес келмейтін жағдайда нотариалдық қызмет көрсетуден бас тарту;
— кәсіптік этиканы сақтау;
— өз іс-әрекетіне жасалған шағымдар бойынша әділет органдары мен нотариалдық палатаға жасалған нотариалдық іс-әрекеттер туралы мәліметтер беру, қажет болған жағдайда – жеке түсініктеме, соның ішінде, кәсіби әдептерін сақтамағандығы туралы түсініктеме беру (13-слайд).
IV. Бекіту.
-
Құқықтық сынақхат (14 слайд).
________ – заңдық көмек көрсететін тұлға. ҚР азаматы, жоғары _______ білімі, ______ мамандығы бойынша ___ жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, _________ министрлігінен лицензия алған тұлға адвокат бола алады. Адвокат қызметімен айналысуға құқығы бар азаматтар _______________ __________ деп аталатын ерікті бірлестікке бірігеді.
1997 жылы 14-маусымда қабылданған «Нотариат туралы» Заңға сәйкес, біздің елімізде ______________ нотариалдық кеңселер және _______________ нотариалдық кеңселер әрекет етеді.
2) Ситуациялық жағдайларды шешу:
а) Бөтен біреудің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық істі қарау барысында айыпталушы А.Ержігітов қаржысы болмағандықтан соттан өзіне тегін адвокат тағайындауды сұрайды. Сот А.Ержігітовтің бұл өтінішін қанағаттандыра алмайтындығын білдіреді (15-слайд).
Судьяның іс-әрекеті заңды ма?
Бұл жағдайда адамның қандай құқығы бұзылып тұр?
ә) Қытайдан келген Самат өз құжаттарын жоғары оқу орнына тапсыруды шешеді. Самат нотариустан мектеп бітіргендігі туралы аттестаттың көшірмесін куәландырып беруді өтінеді. Бірақ құжат қытай тілінде болғандықтан, нотариус оны куәландырудан бас тартады (16-слайд).
Нотариустың іс-әрекетінде заңбұзушылық бар ма?
Нотариус арқылы куәландырылатын құжаттар қай тілде болуы керек?
V. Қорытынды: Венн диаграммасын толтыру (17-слайд).
VI. Үй тапсырмасы.
§29. Қазақстан Республикасының адвокатурасы. Оқу, түсінік айту. Негізгі ұғымдарды дәптерге көшіру.
VII. Бағалау.