Без рубрики

Заңды білу — заман талабы

Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы
Ақтөбе облыстық әскери – полициялық
мектеп – интернатының

құқықтану пәнінің мұғалімі
Уразбаева Анар Әбубәкірқызы

Сабақтың тақырыбы: «Заңды білу — заман талабы».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, терминдермен жұмыс, пікірталас.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, слайдтар.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. ҚР Әнұраны шырқалады.

Мұғалім: -Егеменді, өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар жас жеткіншектер. Бүгінгі іскерлік ойынымыздың мақсаты – құқықтық тәрбие бере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншектерін азамат ретінде көрсете білу. Іскерлік ойынымызға екі топ қатысады. Бүгінгі ойын сабағымыздың барысымен танысайық:

I тур. «Кім көп біледі?»

II тур. « Терминдермен жұмыс»

III тур. «Тығырықтан шығар жол қайсы»

IV тур. «Шешендік сайыс» (пікірталас)

Ал енді ойынға қатысушы топтар өздерін таныстырып кетсін ( әр команда өз атауын және ұранын айтып өтеді).

I тур. «Кім көп біледі?»

Шарты: командалар берілген сұрақтарға жылдам жауап берулері тиіс.

1.Заң дегеніміз не?
2. Заң шығарушы Парламент неше палатадан тұрады?

3. Сайлау еркіндігі ұғымын қалай түсінесіңдер?

4. Азаматтар сайлауға қандай мақсатпен қатысады?

5. Қандай құқықтық жүйені білесіңдер?

6. Құқықтық норма дегеніміз не?

7. Үкімет қандай билікті жүзеге асырады және оны кім басқарады?

8. Қандай адам президент болып сайланады?

9. Қай уақыттан бастап заң қабылданды деп есептеледі?

10. Президент, Парламент депутаттарын сайлау қандай сайлау деп аталады?

 

II тур. «Терминдермен жұмыс»

 

Шарты: командалар өздеріне берілген карточкалардан артық терминдерді алып тастап, қалған терминдердің анықтамасын айтулары керек.

 

1-топ: референдум, демократия, адвокат, кодекс, заң, философия, конвенция, абитуриент, юстиция, этика.

2-топ: куәгер, вето, конференция, нотариат, ратификация, логика, жаза, заңды тұлға, қылмыс, практика.

Топтар бұл кезеңге дайындалып жатқанда, көрермендерге кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану және жасөспірімдердің арасында қылмыстың белең алуы туралы бейнетаспалар көрсетіледі.

 

III тур. «Тығырықтан шығар жол қайсы»

Шарты: әр топ өздеріне берілген ситуациялық жағдайды талқылап, заңға сәйкес шешім шығарулары тиіс.

1-топ: К. деген азамат Республика Парламенті депутаттығына өз кандидатурасын ұсынады. Үгіт-насихаттарды тоқтатудың заңда көрсетілген мерзімі аяқталғанымен, ол қала тұрғындарының арасына барып, өз кандидатурасына дауыс беру жөнінде үгіт-насихат жүргізген.

Сұрақ: Азамат К-нің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті бар ма? Іске қатысты қандай шешім шығаруға болады?

2-топ: Алматы қаласындағы автокөліктерде жолаушылардың қалтасынан ақша ұрлаумен айналысып жүрген бір топ кәмелетке толмаған балаларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Әкімшілік комиссиясының отырысында олардың ешқайсысы жұмыс істемейтіндігі, сабақ оқымайтындығы анықталған. Комиссия мүшелері балаларды жұмысқа тарту жөнінде шешім шығарды.

Сұрақ: Күштеп еңбекке тарту жөніндегі шешім орынды ма? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

IV тур. «Шешендік сайыс» (пікірталас)

Шарты: сайыстың бұл кезеңінде топ командирлері «Қазақстанда өлім жазасын қолдану керек пе әлде жоқ па?» деген сұрақтың төңірегінде пікір алысады.

Командирлер пікірталасқа дайындалып жатқанда, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы және мектеп психологы көрермендердің сауалнамаларына жауап береді.

II.Қорытынды. Қазылар алқасы сайыскерлер жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтайды.Жеңімпаз топқа сыйлықтар беріледі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.