Без рубрики

Шешендік сөздер модулі бойынша нәтиже сабақ

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы №2 орта мектеп.

(10 орыс класы)
Өткізген :Э.М.Курантаева

2012-2013 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөздер модулі бойынша нәтиже сабақ .

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Шешендік өнер туралы алған білім — дағдыларын бекіту, ойларын ортаға салып қорытындылау;

2. Дамытушылық: Шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру;

3. Тәрбиелік: Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, жазылым, тыңдалым, оқылым, сөздік.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, тірек сызбалар.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.2.Өткен тақырыпты қорыту.Үй тапсырмасын тексеру.4. Жаңа сабақ.

5.Кітаппен жұмыс. 6.Бірін бірі бағалау.7.Сөздікпен жұмыс. 8.«Қазымыр оқушы ойыны».9.Дәптермен жұмыс.

10.Мәтінмен жұмыс.11.Сәйкестендіру.12.Қорытындылау.

1.Бірінші бөлімдегі әңгімеде қандай кейіпкер ұнады?

(«Жәнібек пен бала»)

2.Екінші бөлімнің мазмұнынан қандай қанатты сөз шығады?

(«Жәнібек пен Жиренше»)

Өтірік пен шынның арасы — бір-ақ тұтам.

3.Үшініші бөлімдегі әңгімеде кімнің сөзі ұнады?«Жиренше мен қыз»

4.Төртінші бөлімдегі әңгімеде қыздың жұмбақтап айтқан сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.(«Өткел»)

«Анау жерде бір өткел бар — алыс,алыс та бол-

са -жақын.Мына жерде бір өткел бар – жақын,

жақын да болса – алыс.»

Қыздың «алыс, алыс та болса – жақын»деген өткелінің суы саяз,асты құмқайыр екен.

Жиреншенің аты желіп өтеді.Оның жолдасы жақын өткелге бұрылады.Оның суы терең,

асты балшық екен.Жолдасының аты батпақ-

тан зорға өтеді.

5.Бесінші бөлімдегі әңгімеде қыз Жиреншеге ыммен не айтқысы келді?

«Жиренше мен Қарашаш»

( Теңімді тапса, тақыр кедейге де береді)

6.Алтыншы бөлімдегі әңгімеде берілген Жиреншенің жауап сөздерін қанатты сөз ретінде бөліп айтыңдар.

Әкесі өлсе, асқар тауы құлағанмен бірдей болады.

Анасы өлсе,ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.

Ағасы өлсе, оң қанаты қайырылғанмен бірдей болады.

Інісі өлсе, сол қанаты қайырылғанмен бірдей болады.

Апа-қарындасы өлсе, ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады

 

 

 

7.Жетінші бөлімдегі әңгімеде берілген Сырымның сөздері.

«Сөз анасы – құлақ,

Су анасы – бұлақ,

Жол анасы – тұяқ.»

«Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты – ұту,

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты – жету.»

8.Сегізінші бөлімде Бала би шешен берген жауаптардың мазмұнын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

Жерден ауыр дегенім – ақыл,білім.

Судан терең дегенім – оқу,ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.

9.Тоғызыншы бөлімнен Қазыбек шешеннің қазақ елін суреттеген жерін теріп жазыңдар.

Қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәмі,тұзын ақтай білген елміз.

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Бірін — бірі бағалау.

Тест сұрақтарына жауап берген соң, оқушылар дәптерлерімен алмасып бірін-бірі бағалайды.

Тест.

1. Мақалды табыңыз.

А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.

B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

С) Ғылым таппай мақтанба.

D) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

2.Қазақ тіліне тән дыбыстар топтастырылған қатарды белгілеңіз.

А) Ә, ғ, қ, к, ң, ө, ү, ұ, і.B) Ғ, қ, і, к, ә, ң, ө, ү, ұ.. C) һ,ә, ғ, қ, ң, ө, і, ұ, ү. D) Ы, ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, і.

3.Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөздерді табыңыз.

А) Ынталы, дауылпаз.B) Ойшыл, көлеңке.C) Ұлағат, құнарлы.D) Талап, тілек.

4.Бірыңғай жуан дауыстылардың қатарын табыңыз.

А) А, ы, ұ, ө, о.B) О,ө, ы, і, у.C) Ұ, ы, а, ә, ү. D) О, а, ы, у, ұ.

5.Бірыңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.

А) Сабыр, салмақ, сәлем.B) Көмек, кітап, бағбан.C) Қауіп, қатер, күнә. D) Сезім, төзім, білім.

6.Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз.

А) 3. B) 2.C) 6. D) 5.

7.Ашық буынның ережесін белгілеңіз.

А) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.

B) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.

C) Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.

D) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.

8.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

А) Далалық.B) Әкетай.С) Жұмысшы. D) Орындаушылар.

9.Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.

Әсем сабақты жақсы оқиды.

A) Әсем.B) Сабақты.C) Жақсы.D) Оқиды.E) Жоқ.

10.А.Құнанбаевтың өлең жолдарынан үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.

A) Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.

B) Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

C) Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

D) Құлақтан кіріп, бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй.

Жауабы:

1.D 6.A

2.C 7.A

3.C 8.B

4.D 9.

5.D 10.

Сөздікпен жұмыс.

шешендік өнер –ораторское искусство

үлгілі ойлар – образцовые мысли

тұжырым – вывод,заключение

талқылау – обсуждать

дау -жанжал – споры,конфликты

мәміле – сделка

қалыптасу – формироваться

лайықты — свойственно

 

 

 

«Қазымыр оқушы».

 

Берілген мәтінге сұрақтар құру.Сұрақты көп құрған оқушы «Қазымыр оқушы».

атанады.Тапсырманы орындауға 3 минут беріледі

Шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұрт қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.

Шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Сондықтан, ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі.

Шешендік сөздер қауым ішіндегі дау-жанжалдарды реттеу барысында, сын, елшілік-мәмлегерлік қызметтер кезінде шығып отырған, ауыздан –ауызға тарап біздің заманымызға жеткен.

«Қазақ халқы өте шешен сөйлейді, әрбір сөзі өлең болып құйылып жатады» деп Радлов айтқандай, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Жиренше шешен, Сырым Датұлы, Қарашаш сұлу сынды өткір тілді шешендер аз емес.

Рождение и формирование ораторского искусства связано с образованием искусства языка.Бесспорно,что свойствен ны ему люди,обладающие передовым умом,культурой речи,красноречивостью, подобно обществу, у которого есть свойственные ему взаимосвязи.

Сәйкестендір.

Жол мұраты адамның өмірі

Судан терең өтірік

Су анасы жету

Көзбен көрген шын

Құлақпен естіген бұлақ

Оттан ыстық оқу,ғылым

Өтірік пен шынның арасы бір-ақ тұтам

Қорытындылау.

1.Шешендік өнерге қойылатын талаптар.

2.Шешендік өнердің ерекшеліктері.

Бағалау .

Үйге тапсырма. Сөзжұмбақ құру.Тақырыбы«Шешендік өнер»

Дарындыларға: дәптердегі мәтіннің мазмұнын айту.

Үлгермеушілерге:шешендік өнер турулы 3 сөйлем құру.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.