Без рубрики

Салық және салықтың түрлері

Ақтөбе обл. темір ауд. Қопа селосы
Қопа орта мектебінде Қаржы пәнінің мұғалімі
Барсаев Жамбыл Дүйсенбіұлы

 

Күні: 24.02.2011.
Сыныбы: 10 – класс
Сабақтың тақрыбы: «Салық және салықтың түрлері.»
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылырға «Салық» туралы ұғым беріп, оның түрлері туралы нақты мысалдар келтіре түсіндіру.
Әр түрлі есептерді шығартуға үйрету. Салықтың әлеуметтік маңызы неде, оған қатысты жағдайлар туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды қаржы пәнінің негізгі саласы болып дамудың табылатын салық тарауы бойынша түсінуге, сөйлеуге, құжаттармен жұмыс істеуге төселдіру.

 

Тәрбиелік: Оқушыларға экономикалық тәрбие беру, қазіргі

негізі қаржыға, кәсіпкерлікке, бизнеске байланысты

екенін түсіндіріп, осы салада білімді болуға баулу.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.(жарыс, жаңа материалды меңгеру.)

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау,бірлескен ұжымдық әрекет.

 

Сабақтың көрнекілігі:Таблицалар, есептер, үй, көлік, жер қойнауы суреттері,

схемалар баспасөз материалдары.

 

Пәнаралық байланыс:Тарих, география, экология, математика.

 

 

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

 

Қаржы еліне саяхат

 

I тур. Білгенге маржан, білмегенге арзан.

Үш топка 5 сұрақтан сұрақ қою

 

1 топ. 1. Экономиканың негізгі поблемалары –

2. Түсіммен шығын арасындағы айырмашылық –

3. Салым –

4. Несие —

5. Өндіруші –

2 топ. 1.Диведент –

2. Баға –

3. Ақшаның құнсыздануы –

4. Квота –

5. Ақша не үшін қажет –

3 топ 1. Елдер арасындағы қандайда бір шектеулердің болмауы қалай аталады.

2. Импорт –

3. Елімізде өндірілген тауарларды шетелге рыногна шығарып сату –

4. Тауарлардың бағасы бірдей болама –

5. Басқа сатушылармен өндірушілерді ығыстыру мақсатын мен бір

компания не компания тобының белгілі бір тауар рыногн немесе

тауарды өндіруді басып алу –

Әлемдік рынкқа қатысушы ірі елдердің валютасын

білесіңбе?

 

 

Қазақстан

 

Марка

 

Ресей

 

Доллар

 

Қытай

 

Иена

 

Жапония

 

Теңге

 

Германия

 

Юуань

 

II тур. Есептей білгеннің есесі кетпейді,

Есептей білмеген қыр басына жетпейді

 

1 топ.

Каспий банкінің клеиенті құны 33999 теңге тұратын ұялы телефон сатып алды және алғашқы төлемін жасады.

Алғашқы төлемі ұялы телефонның бағасының 40%.

Қалған сомманы 9 айға бөліп төлеуге келісті.

1 айда қанша теңгеден төлем жасауы керек

 

2 топ.

Несиенің бір айлық мөлшердегі құнын шығару үшін еңбек етіңіз.
Экономикалық белгілерді білесіңбе?

 

Экологиялық таза өндіріс

 

Осы тамақ өніміндегі әр түрлі

қосымшалар рұқсат етілген,

адамға зиянсыз мөлшерде

дегенді білдіретін нұсқау

 

Жууға, химиялық тазартуға, үтектеуге болмайды.

3 топ.

Түбіртекті толтырып, ақша қаражаттарын кассаға төлеңіз

 

 

III тур. Теңге ілу.

 

Ойынның сұрақтары.

 

 

Экономика Экология Экономиканың экологиялық

проблемалар.

 

Инфляция Девальвация Ревальвация

 

Қысқартылған сөздердің толық мағынасын ата.

 

ЖШС ӘЖК СТН

IV тур. Мағынаны тану.

 

Салық және салықтың түрлері.

 

Салық дегеніміз – мемлекетіміздің бюджетіне төленетін міндетті төлемдер. Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.

Салықтардың тоғыз түрі бар.

1. Корпорациялық табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық

4. Акциздер

5. Экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына рента салығы

6. Құмар ойындарын салынатын салық

7. Жер салығы

8. Көлік құралдары салығы

9. Мүлік салығы

Меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке және заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Бұрынғы кездегі салықтардың түрлері.

1.Баж салығы — өңделетін жерге салынатын салық 2. Зекет – Ғаріп-кемтар адамдарға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық
3. Қалан — монғолдар билеген кезде егіншілерге салынған салық
4. Тағар — әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынған салық.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан,қлттық табысты қайта бөлудің басты құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының бюджетінің 90% салықтар құрайды.

Салық нұсқамасы.

 

 

 

Салық көзі Еңбек табысы

Кәсіпкерлік табыс

Капитал

Табыс

Мүлік

 

Салық объектілірі Мүлікті табыстау

Айналымдар

Жер

 

Салық субъектісі Жеке тұлға

Заңды тұлға

 

Салық салу бірлігі Ақша бірлігі

Тауар бірлігі

Басқадай

 

Салық мөлшерлемесі Салық салу бірлігіне пайызбен

Тұрлаулы мөлшерде

 

Алу әдісі Бағалардың жүйесі арқылы

Тікелей табыс арқылы

 

 

 

 

Көлік құралдар салығын есептеу

Жеке немесе заңды тұлғаның меншік құқында 1999 жылы шыққан Волға 310221 маркалы автокөлігі бар.Оның двигатель көлемі 2445 текше см,яғни кестеде келтірілген двигательінің 2000-2500 текше см, көлемімен ерекшеленеді. Волга автокөлігінің дв. 2000 текше см, асуы 445 құрайды. Бұл жағдайжа Волга автокөлігі падалану мерзімі 6 жылдан 15 жылға дейін шектегі ТМД елдерінің көлік құралдар санатына жатады, ол үшін 0,3 түзету коэфцентін қолдану керек.Демек аталған көлік құралына салық сомасы 2006 жылы қанша теңгені құрайды.

15475

12360 + 3115

(( 12 * 1030 ) + ( 445 * 7)) * 0,3 = 4643 теңге

 

12 – салық ставкасы.

1030 – 2006 жылғы айлық есептік көрсеткіш.

445 – двигатель көлемінің кестеде көрсетілген 2000 текше см. двигатель көлемінен асуы.

7 – асудың әрбір бірлігі үшін салық ставкасы, теңгемен.

0,3 – пайдалану мерзімі 6 жылдан асатын ТМД елдері өндірісінің көліктері үшін түзету коэффиценті.

Жер салығы мен мүлік салығын есептеу.

 

Меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлға: Елеуов Жұмамұрат

Жалпы жер көлемі – 1482 ш. метр
Оның ішінде үйдің орны – 272 ш. метр Бос орны – 1210ш.метр
Аудан б/ша бонитет балы 0,12
Жер көлемі 1000 ш.метр – 5000ш.метр аралығындағы жерге салық ставкасы – 0,20 теңге

 

272 * 0,12 = 33

1210 * 0,20 = 242

242 + 33 = 275 теңге жер салығы

 

Мүлік салығын есепте.

Үйдің құнын БТИ бағалады – 525200 теңгеге

Құны 1 000 000 т. дейінгі үйлерге салық ставкасы – 0,05

 

525200 * 0,05% = 263

 

275 + 263 = 538

Бекіту:

1.Салық дегеніміз қандай ұғым?

2.Салықтың қандай түрлері бар?

3.Салықтар құрамына қарай неше түрге бөлінеді

4. Мемлекетіміздің бюджетінің неше пайызын құрайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.