Без рубрики

Мақал-мәтелдер

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ақкөл орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Мақал–мәтелдерден алған білімдерін жинақтап, пысықтай отырып, қолдана білу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Отанын, елін, сүюге, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап, айтыс, сәйкестендіру, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс. Тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Мұғалім сөзі:

  • Балалар, бүгінгі сабағымның әлқиссасын шешендік сөзден бастаймын.

Ертеде ақсақалды қариядан мына өздерің секілді бір бала:

  • Ата, өмірде көрген-түйгеніңіз көп қой, дүниеде не қымбат?- деп сұрапты.

Сонда ақсақал біраз ойланып тұрып.

  • Е, балам, дүниеде не қымбат десең айтайын:

Алтын ұя – Отан қымбат;

Құт-береке – ата-анаң қымбат;

Ұят пенен ар қымбат,- деген екен. Міне, балалар, әр адамның алтын ұясы – Отан екен. Біздің Отанымыз – Қазақстан.

  • Біздің Отанымыз – Қазақстан қандай ел?

  • Тәуелсіз ел.

  • Тәуелсіздікті қашан алдық?

  • 1991 жылы 16 желтоқсанда.

  • Елбасымыз кім?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Тәуелсіздікті білдіретін еліміздің қандай рәміздері бар?

  • Еліміздің елтаңбасы, Туы, гимні бар

  • Гимннің авторлары кімдер?

  • Әнін жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазған Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

  • Еліміздің астанасы қай қала?

  • Еліміздің астанасы – Астана қаласы.

  • Отанын әр адам сүйеді. Өз елінің патриоты болу – Отанын сүю. Оны сендер біліміңмен дәлелдейсіңдер. Бүгін кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, сол оқушы Отанының патриоты. Ол – Отанын сұйеді.

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың жоспарымен танысайық.

Сабақтың жоспары:

  1. Үй тапсырмасын пысықтау

  2. Ойна да, ойлан

  3. Кім тапқыр

  4. Сергіту сәті. Ертегілер елінде

  5. Есіңе түсір

  6. Қорытынды

  7. Үйге тапсырма

І. Үй тапсырмасын пысықтау.

– Мақал-мәтел дегеніміз не?

  • Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай№

  • Мақал мен мәтелдің қандай ерекшеліктері бар?

  • Үйге берілген мақал-мәтелдерді жатқа сұрау.

ІІ. Ойна да, ойлан.

Қима қағаздарға жазылған әртүрлі мақал мен мәтелдерді ауыл-ауылға бөліп, орналастыру, әр ауылға ат қою.

ІІІ. Кім тапқыр?

Тақтада жазылған мақал мен мәтелдерді оқып, ішінен антоним сөздерді табамыз.

1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2. Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

  1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  1. Жақсы өз басынан көреді

Жаман жолдасынан көреді.

  1. Сырттан келген жаудан,

Іштн шыққан дау жаман.

  1. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

ІҮ. Мақал-мәтел айтысы.

1-бала. Ассалаумағалейкум! «Алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» демекші, қалыңыз қалай?

2-бала. «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді, келіңіз, қонақ болып кетіңіз! «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

1-бала. Ойбай-ау, «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын». Ас алып отырыңыз!

2-бала. «Досыңның асын, қасыңдай іш деген» алып отырмын.

1-бала. Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам». Алла, риза болсын!

Ү. Есіңе түсір.

«Ақылдан жақын дос жоқ,

Ашудан жаман қас жоқ»,- деген мақал бойынша:

Жақын, жаман, жоқ сөздерінің антонимін табу.

 

Қас сөзінің омнимін табу.

Ашу, қас сөздерінің синонимін табу.

ҮІ. Сергіту сәті. Ертегілер елінде.

Оқушыларға ертегілерге салған суреттері көрсетіледі. Ертегілердегі мақал-мәтелдерді есіне түсіріп айтады.

Тазша бала өтірік өлең оқиды.

Алдар көсе өлең айтады.

 

ҮІ. Берілген тұрақты тіркестерді мағынасымен сәйкестендіру.

Қой аузынан шөп алмас. Үндемеу

Қыздың жиған жүгіндей лезде

Таяқ тастам әдемі

Мұзға отырғызып кету жақын

Жұмған аузын ашпау жуас

Көзді ашып жұмғанша алдау

Сабақты бекіту. Ойтолғау жазу. «Менің Отаным – Қазақстан»

Міне, балалар, бүгінгі сабақта сендер өздеріңнің білімдеріңмен Қазақстанның 20 жылдық мерейтойына үлес қостыңдар.

Сабағымды Елбасымыздың мына бір сөзімен аяқтағым келеді:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа».

Үйге: « Тәуелсіздік — тұғырым» тақырыбына шағын шығарма жазу. Шығарманың ішінде мақал мен мәтел болуын ескеру.

Бағалау

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.