Без рубрики

Пейзаждағы кеңістік перспективасы

Абенов Данияр Әбдімәлікұлы,
Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің
бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, Созақ ауданы

Cыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Пейзаждағы кеңістік перспективасы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі пейзажбен қысқаша танысу. Перспектива жайлы жалпы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне пейзажды бейнелеуде кеңістік перспективасын анықтауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Шығармада кеңістікті көрсету үшін сызықтық перспективаның тәсілдерін қолдану кейде жеткіліксіз болады. Саған орман пейзажын бейнелеу керек болды делік. Алдыңғы қатарда діңдері жіңішке, ал артқы қатарда жуан діңді ағаштар орналасқан. Ағаштардың кейбіреуі жақын, ал кейбіреуі алысырақ орналасқанын көрсететін пейзажды қалай жазуға болады? Жақындағы заттар үлкен, ал алыстағы заттар кішірек болып көрінетінін сендер сызықтық перспективаның заңдары бойынша білесіңдер. Мынадай композициялық шешім таңдайық. Ағаштардың түбіріне қарап біз олардың қайсысы жақын, ал қайсысы алыста өсіп тұрғанын байқаймыз.

 

 

Ал мына суретте тереңдік көрсетілмегендіктен ағаштардың кайсысы жақын, қайсысы алыс орналасқандығын анықтау мүмкін емес. Бұл жерде бізге сызықтық перспектива көмектесе алмайды. Мұндай пейзаждан кеңістік пен тереңдікті сезіну де қиын. Пейзажда кеңістікті көрсетудің сызықтық перспективадан басқа кандай тәсілдері бар? Оны білу үшін біз табиғатты бақылауымыз керек.

Артқы шепте орналасқан ағаштар түсінің қанық емес екенін көріп тұрсың. Олардың түсі алдыңғы шептегі ағаштар сияқты анық емес. Бұл құбылыстың себебі, бізді қоршаған денелер алыстаған сайын жарық пен ауа кеңістігінің әсерінен түстерін өзгертеді. Біз алыстағы заттарды көгілдір түске боялған ауа қабаты арқылы көреміз. Бұл құбылыс ауа перспективасы деп аталады. Мына суреттердегі алдыңғы шептегі ағаштардың түсі қанық, тіпті қара. Алыстаған сайын ашық сүр түске өзгере бастайды. Мұнда да ауа перспективасының кұбылысын байқаймыз. Демек графикалық жұмыс істеу барысында қара түстің қанықтығын азайта отырып, ауа перспективасын беруге болады.

 

 

 

Ауа перспективасы — бұл заттар алыстаған сайын пішіндерінің анықтығын жоғалтып, түстері суық тарта бастайтын құбылыс.

 

 

Алыстағы таулардың қалай құбылатынын байқаған боларсың. Шыңын қар басқан таулар өте алыстан ұлпа бұлттардай жеңіл, көгілдір болып көрінеді, ал жақындаған сайын — егер орманды тау болса жасыл түске, қарлы тау ақ түске енеді. Ал кешке күн батар мезгілде таулар күлгін түске боялады. Ауа кеңістігінің перспективасын тұманды күні жақсы бақылауға болады. Егер жақындағы денелердің түстері мен пішіндері анық көрінсе, олар алыстаған сайын түстерінің анықтығын жоғалтып, тым алыстағылары мүлдем тұманға «батып» кетеді.

 

Ауа перспективасы сызықтың перспективамен салыстырғанда денелердің өлшеміне емес, олардың түстерінің қанықтығына әсер етеді. Сызықтың және ауа перспективалары бір-бірімен тығыз байланысты. Оған төмендегі фотосуреттерге қарап көз жеткізуге болады. Алыстағы денелер өлшемі жағынан кішкентай пішіндері анық емес, түстері қанықпаған және анағұрлым суық реңкті болып көрінеді. Сондықтан шығармада толық кеңістік әсерін беру үшін сызықтық және ауа перспективаларын қатар қолдану қажет.

Әдетте, сенің жасыңдағы балалар денелерді бір жазықта бейнелейді. Ал кейбіреулері қазірден-ақ кеңістікті сызықтық және ауа перспективалары арқылы көрсетуге тырысып жүр. Сен де байқап көр. Табиғат көрінісін сызықтық немесе ауа перспективасы арқылы ғана бейнелеуіңе болады. Сызықтық және ауа перспективасының екеуін бірдей бере отырып, пейзаж салуға тырысып

көр. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Бірінші пейзаж туралы сызықтық немесе ауа перспективасы берілген деп
    айтуға бола ма?

  2. Екінші пейзаж туралы не айтасын,?

  3. Пейзаждардың қайсысында сызықтық перспектива жақсы берілген?

  4. Қай пейзажда ауа перспективасы жақсы байқалады?
    Жауабыңды түсіндір.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Пейзаждағы перспективалық кеңістікті бейнелейтін көрініс сал.

Пейзаждағы кеңістік перспективасы: 1 комментарий

  1. кеш жарық. технология сабағынан дидактиқалық материалдар бар ма?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.