Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы
«Амангелді орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сурашева Динара Сайкеновна
С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Сдыбысы мен әрпімен таныстыру. Сдыбысы бар сөздерді оқыту, жаздыру, дыбыстық талдау жасау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой- өрісі мен шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру сұрақ – жауап, әңгімелеу талдау жинақтау.
Көрнекілігі: кеспе әріптер,арнайы плакат дидактакалық материалдар.
Сабақтың барысы: 1 Психологиялық дайындық
2.Өткен сабақты еске түсіру, пысықтау.
а/ ережені еске түсіру
-
Дыбыс деген не? Әріп деген не?
-
Дыбысты естиміз, айтамыз.
-
Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз
ә/ “Р” дыбысы бар сөздерді айту
“Р” қандай дыбыс? / дауыссыз дыбыс/
“р” дыбысына байланысты қандай сөздерді білесіңдер?
Мысалы: радио, раушан, керік т.б.б
3 .Жаңа сабақ
Сағат сүреті көрсетіліп сөзге дыбыстық талдау жасалады
“С” дыбысына көңіл аудартып, оның әрпімен таныстырылады. С дыбысымен тереңірек таныстыру үшін мына жұмбақтарыды жасыруға болады.
Тық- тық етеді
Уақытты көрсетеді
Бұл не? / сағат/
Сағат сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз
С- дауыссыз дыбыс
А- дауысты дыбыс
Ғ- дауыссыз дыбыс
А- дауысты дыбыс
Т- дауыссыз дыбыс
“С” дыбысы дауыссыз.” С” дыбысын айтқан кезде тістеріміз бір- біріне түйіседі, анық таза естілмейді.қатаң дыбыс.
Сергіту сәті
Ойын “тез ойла”
ас
Мысалы: бас, тас, қас, жас т.б.б .Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату
5.Кітаппен жүмыс
а/ сөздерді буынға бөліп өқыту
ә/жұмбақ шешу
6. дәптермен жұмыс
Ауада жазу. Жазу жолындағы әріптерді жазу.
С әрпін балалардың әдемі таза,сауатты жазуларын қадағалау
7.сабақты корытындылау “Баспалдақ ойыны”
С—- 1сүт
С— 2.су
С—- 3.Самал
С—- 4. Сана
Не үйрендік?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтай отырып сабақты аяқтау.
Бағалау. Үйге тапсырма бағандағы сөздерді оқу.